Жаңалықтар

Елбасы: Қазақстанның мәртебесін заңды түрде баянды ету – басты мәселе

– Осы арада мынадай бір мәселе туындайды. Елімізде және республикамызда қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік-саяси күрделі ахуал жоғары өнімді еңбекті, бастамашылдық пен тапқырлықты ынталандырып, қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағыттайтын шаруашылық ортаны қалыптастыруға өте-мөте ділгір боп отырғаны баршаға аян. Сіздің ойыңызша, осынау ділгірліктен шығудың жолы қайсы? – Оның жолы біреу-ақ. Ол – республиканың егемендігін орнықтыру. Бұл жөнінде біз реті келген жерде айтып жүрміз және қашан шын мәніндегі егемендікке қолымыз жеткенше айта бермек ниеттеміз. Бұл орайда есте тұтатын бір нәрсе – экономикада жаңа бағыттармен шұғылдану мүмкіндігіне ие болу үшін саяси және құқықтық нормалардың кешенін жүзеге асыру қажет. Орталықпен және басқа республикалармен өз қатынастарын шарттар негізінде құратын егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның мәртебесін заңды түрде баянды ету – басты мәселе. Біз федерациялық Одақты емес, егеменді мемлекеттер Одағын жақтаймыз, бірақ республика орталыққа өз құқықтарының бір бөлігін ғана, өзінің қалауы бойынша беру керек деп санаймыз. Мәселенің мәні осында. Ал әзірше Қазақстан үшін сенім де, келісім де, сондай-ақ әрбір одақтас республика дербес мемлекеттік құрылым болып табылады деп еліміздің Негізгі Заңында жазылған Декларация да – бос сөз күйінде қалып отыр. Шынында да, ойлап қараңызшы, өз жеріндегі және оның қойнауындағы байлықтың толық иесі емес мемлекетті егеменді деп атауға бола ма? Ал бізде одақтық басқару Қазақстан индустриясының 93 пайызын қамтиды. Бұған таңданудың қажеті жоқ. Өйткені тоқырау кезеңінде Қазақстанның ұшан-теңіз байлықтары туралы лепірме сөздер кітаптан кітапқа, мақаладан мақалаға көшіп жүрді ғой. Бірақ осыншалық орасан зор қуаты бола тұрып, қыруар қазыналар өндіре отырып, республика неліктен нашар дамыған мемлекет жағдайында қалып қойғанын талдауға бірде-бір әрекет жасалған емес. Неге олай болған деген сауалға жауапты алыстан іздеудің қажеті жоқ. Еңбек ұжымдары өз еңбегінің нәтиже-игіліктерін көре алмады, қолдағы байлықтан республикаға, оның халқына ең мықтағанда болар-болмас бірдеңе ғана қалды. Бәрі де көзге көрінбейтін орталық ұраларға тасып әкетілді. Мысалға жүгінейік. Қазақстаннан жыл сайын 1,3 – 1,5 миллиард долларға әр түрлі шикізат өнімдері экспортқа шығарылады, жалпыодақтық қорға 10 – 12 миллион тонна астық, 300 мың тоннадан астам ет, 270 мың тонна сүт беріледі. Бірақ тамақ өнімдерін тұтыну жөнінен біз елімізде 9-орын, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі жөнінен 10-орын аламыз. Бізде 2,5 миллионнан астам адам, яғни әрбір алтыншы тұрғын айына 75 сомнан аз табыс алады. Балтық бойы республикаларында, мысалы, осындай болымсыз табысы барлар халықтың 4 пайызы ғана. Міне бізге қалған мұра осындай. Ал біз өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізді біле отырып, бұдан әрі былайша өмір сүрмек емеспіз.
24.07.2013 04:09 3420

Осы арада мынадай бір мәселе туындайды. Елімізде және республикамызда қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік-саяси күрделі ахуал жоғары өнімді еңбекті, бастамашылдық пен тапқырлықты ынталандырып, қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағыттайтын шаруашылық ортаны қалыптастыруға өте-мөте ділгір боп отырғаны баршаға аян. Сіздің ойыңызша, осынау ділгірліктен шығудың жолы қайсы?

– Оның жолы біреу-ақ. Ол – республиканың егемендігін орнықтыру. Бұл жөнінде біз реті келген жерде айтып жүрміз және қашан шын мәніндегі егемендікке қолымыз жеткенше айта бермек ниеттеміз. Бұл орайда есте тұтатын бір нәрсе – экономикада жаңа бағыттармен шұғылдану мүмкіндігіне ие болу үшін саяси және құқықтық нормалардың кешенін жүзеге асыру қажет. Орталықпен және басқа республикалармен өз қатынастарын шарттар негізінде құратын егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның мәртебесін заңды түрде баянды ету – басты мәселе. Біз федерациялық Одақты емес, егеменді мемлекеттер Одағын жақтаймыз, бірақ республика орталыққа өз құқықтарының бір бөлігін ғана, өзінің қалауы бойынша беру керек деп санаймыз. Мәселенің мәні осында.

Ал әзірше Қазақстан үшін сенім де, келісім де, сондай-ақ әрбір одақтас республика дербес мемлекеттік құрылым болып табылады деп еліміздің Негізгі Заңында жазылған Декларация да – бос сөз күйінде қалып отыр. Шынында да, ойлап қараңызшы, өз жеріндегі және оның қойнауындағы байлықтың толық иесі емес мемлекетті егеменді деп атауға бола ма? Ал бізде одақтық басқару Қазақстан индустриясының 93 пайызын қамтиды.

Бұған таңданудың қажеті жоқ. Өйткені тоқырау кезеңінде Қазақстанның ұшан-теңіз байлықтары туралы лепірме сөздер кітаптан кітапқа, мақаладан мақалаға көшіп жүрді ғой. Бірақ осыншалық орасан зор қуаты бола тұрып, қыруар қазыналар өндіре отырып, республика неліктен нашар дамыған мемлекет жағдайында қалып қойғанын талдауға бірде-бір әрекет жасалған емес. Неге олай болған деген сауалға жауапты алыстан іздеудің қажеті жоқ. Еңбек ұжымдары өз еңбегінің нәтиже-игіліктерін көре алмады, қолдағы байлықтан республикаға, оның халқына ең мықтағанда болар-болмас бірдеңе ғана қалды. Бәрі де көзге көрінбейтін орталық ұраларға тасып әкетілді.

Мысалға жүгінейік. Қазақстаннан жыл сайын 1,3 – 1,5 миллиард долларға әр түрлі шикізат өнімдері экспортқа шығарылады, жалпыодақтық қорға 10 – 12 миллион тонна астық, 300 мың тоннадан астам ет, 270 мың тонна сүт беріледі. Бірақ тамақ өнімдерін тұтыну жөнінен біз елімізде 9-орын, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі жөнінен 10-орын аламыз. Бізде 2,5 миллионнан астам адам, яғни әрбір алтыншы тұрғын айына 75 сомнан аз табыс алады. Балтық бойы республикаларында, мысалы, осындай болымсыз табысы барлар халықтың 4 пайызы ғана.

Міне бізге қалған мұра осындай. Ал біз өзіміздің күшіміз бен мүмкіндіктерімізді біле отырып, бұдан әрі былайша өмір сүрмек емеспіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға