Жаңалықтар

Дүние – тек қана қасқалдақ па? Жоқ. Ол – аспандағы жарық жұлдызың

Дүние – тек қана қасқалдақ па? Жоқ. Ол – аспандағы жарық жұлдызың. Өмірің, тіршілігің, арың, ұжданың. Дүние  – ол бір көлдін, қасқалдагы, Жұлдыздай сәуле берген аспандағы. Дүниеге сәби болып келгеннен соң, «Өмірдің, – дейді халық – басталғаны». Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Аққудай көлден ұшқан аспандағы. Өткен соң сәбиліктен балиғатқа, «Бейнетің – дейді халық – басталғаны». Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Сұңқардай қалықтаған аспандағы. Өткен соң балалықтан орта жасқа, Егделік, – дейді халық – басталғаны». Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Кеменің секілді ол баспалдағы. Өткен соң, егделіктен сексен жасқа, Хабары – қара жердің басталғаны. Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы, Тағдырға айла бар ма, кашсаңдағы. Өткен соң сексен жастан жүзге таман «Кеуденің, – дейді халық – тасталғаны». Келмеске енді қайтып қойдың қадам, Біреуге біреу «мейман» дегендейін, Осылай өте берер барлық адам... Ақын адам өмірін тек қасқалдаққа ғана емес, сәуле берер жұлдызға, аспандағы ұшар аққуға, сұңқарға, кеменің баспалдағына теңейді. Ал бұл сияқты бейнелер – ақындық қабілеттің жоғарылығына дәлел боларлық қасиетті сөздер, сұлу суреттер. Кейінгі жылдары табылып, баспа бетін көріп жүрген Құлыншақтың шығармалары ішінде, оның «Тәнің де мейман жаныңа»  өлеңі. Бұл ақынның адамның өткінші өмірін оның тәні мен жанының қарым-қатынасын терең толғап айтқан шығармасы. Адам баласының бұл пәниге қонақ екенін, сондықтан пейілді, мейірімді болып, иман-инабаттылықпен өмір кешуді талап ететін, жоғары адамгершіл пікірлерінің жемісі. Ақындық өрнек пен салиқалы адамгершіл сананың өнеге үлгісі болғандай тамаша туынды. Шығарушыға тән ақпа ақындық қабілет айқын көрініс тапқан шалқар шабыттың керемет көрінісі. Жалпы көлемі жүз елу жолдан астам бұл шығарма сөзге жүйрік, тілге шешен ақынның зор мүмкіндіктеріне бұлтартпас куә боларлық ойлы, сырлы, терең толғанысты, толымды толғау. Адам баласының Алланың әмірімен дүниеге келуі, оны тоғыз ай көтеріп, тар құрсағьн жібітіп, көп азап көрсе де мойымай, керісінше, перзентті болғанына мәз-мәйрам болған ата-ананың ақжарқын бейнесі көз алдыңа елес береді. Дүниеге келген сәби үшін ата-ананың қадір-құрметі, аса қымбат орындары, одан кейін барлық туыстарының да өзінше мәнінің болатыны термеленеді. Күні жеткен кезінде олардың бәрінің де дүниеден өтуі хақ екенін ескертіп, өкініштер де айтылады. Соларды Алла неге өлетін етіп жаратты деп, «өлместей болса ше?» – деп қимастық көңілдерін санап шығады. Әке мен шешенің өлімі өте ауыр қаза екенін жырлайды. Енді ақынның атылмыш толғауынан үзінді келтірелік: 1. Әке өлімі қандай: Үйде отырсаң мал қорың, Дала шықсаң – қамқорың... Алма мойын, аршын төс, Біреудің қызын сүйдірген, Әкең өлмес болсайшы?! 2. Шеше қазасының ауыртпалығы: Тас емшегін еріткен, Тар құрсағын кеңейткен... Аязды күні айналған, Бұлтты күні бұланған. Анаңнан қамқор барма еді, Шешең өлмес болсайшы? ! 3. Апаның азасына: Қашан үйден кеткенше, Бәйек болып жүретін. Шешеңнен соңғы қамқорың, Апаң өлмес болсашы?! 4. Қарындас қайғысы туралы: Шалдығып-шаршап келгенде, Бір күніңе жарайтын. Апаңнан соңғы қамқорың, Қарындас өлмес болсайшы?! 5. Жан-жарыңнан айырылсаң: Өзің тыстан келгенде, Астыңа төсек тастайды, Үйіңде дәмі бар болса, Аузыңа сенің ұстайды, Осынау қысқа ғұмырда Қосағың өлмес болсайшы?! 6. Алатаудай ағадан ажырасу қандай қиын: Алдыңда тұрса тірегін, Әр нәрсеге керегін, Алатаудай айбатын, Дұшпанға қылар қайратын, Ағаң өлмес болсайшы?! 7. Жасөспірім інінің өліміне өкініш: Дұшпанынды қор қылар, Құрыштан соққан болатың. Ер жігітгің қанаты – Інісі өлмес болсайшы?! 8. Перзентің – болашағың қыршын қырқылса не болмақшы: Адамзаттын миуасы, Әлдилеп сүйген баласы. Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар, Перзентсіз ерді не дейді? Тау болмайды бұлақсыз, Көл болмайды құрақсыз Ұясыз адам шырақсыз. Қыз бойжетіп өскенде,... Қыз, балаң өлмес болсайшы?!... Тірілігіңде өтерсің, Біріңе-бірің қадірсіз – Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар, Осы айтқан сөзім әзілсіз! – Асылы, Құлыншақ, шынында да, заманының көрнекті ақыны   болған.   Сондықтан   оның   қазақ   поэзиясының өсуіне,   ақындық   өнердің   жетілуіне   қосқан   үлестері басқалардан кем түспейді. Ханғали Сүйіншәлиев, филология ғылымдарының докторы, профессор
23.07.2013 05:58 5762

Дүние – тек қана қасқалдақ па? Жоқ. Ол – аспандағы жарық жұлдызың. Өмірің, тіршілігің, арың, ұжданың.

Дүние  – ол бір көлдін, қасқалдагы,

Жұлдыздай сәуле берген аспандағы.

Дүниеге сәби болып келгеннен соң,

«Өмірдің, – дейді халық – басталғаны».

Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,

Аққудай көлден ұшқан аспандағы.

Өткен соң сәбиліктен балиғатқа,

«Бейнетің – дейді халық – басталғаны».

Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,

Сұңқардай қалықтаған аспандағы.

Өткен соң балалықтан орта жасқа,

Егделік, – дейді халық – басталғаны».

Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,

Кеменің секілді ол баспалдағы.

Өткен соң, егделіктен сексен жасқа,

Хабары – қара жердің басталғаны.

Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы,

Тағдырға айла бар ма, кашсаңдағы.

Өткен соң сексен жастан жүзге таман

«Кеуденің, – дейді халық – тасталғаны».

Келмеске енді қайтып қойдың қадам,

Біреуге біреу «мейман» дегендейін,

Осылай өте берер барлық адам...

Ақын адам өмірін тек қасқалдаққа ғана емес, сәуле берер жұлдызға, аспандағы ұшар аққуға, сұңқарға, кеменің баспалдағына теңейді. Ал бұл сияқты бейнелер – ақындық қабілеттің жоғарылығына дәлел боларлық қасиетті сөздер, сұлу суреттер.

Кейінгі жылдары табылып, баспа бетін көріп жүрген Құлыншақтың шығармалары ішінде, оның «Тәнің де мейман жаныңа»  өлеңі. Бұл ақынның адамның өткінші өмірін оның тәні мен жанының қарым-қатынасын терең толғап айтқан шығармасы. Адам баласының бұл пәниге қонақ екенін, сондықтан пейілді, мейірімді болып, иман-инабаттылықпен өмір кешуді талап ететін, жоғары адамгершіл пікірлерінің жемісі. Ақындық өрнек пен салиқалы адамгершіл сананың өнеге үлгісі болғандай тамаша туынды. Шығарушыға тән ақпа ақындық қабілет айқын көрініс тапқан шалқар шабыттың керемет көрінісі. Жалпы көлемі жүз елу жолдан астам бұл шығарма сөзге жүйрік, тілге шешен ақынның зор мүмкіндіктеріне бұлтартпас куә боларлық ойлы, сырлы, терең толғанысты, толымды толғау.

Адам баласының Алланың әмірімен дүниеге келуі, оны тоғыз ай көтеріп, тар құрсағьн жібітіп, көп азап көрсе де мойымай, керісінше, перзентті болғанына мәз-мәйрам болған ата-ананың ақжарқын бейнесі көз алдыңа елес береді. Дүниеге келген сәби үшін ата-ананың қадір-құрметі, аса қымбат орындары, одан кейін барлық туыстарының да өзінше мәнінің болатыны термеленеді. Күні жеткен кезінде олардың бәрінің де дүниеден өтуі хақ екенін ескертіп, өкініштер де айтылады. Соларды Алла неге өлетін етіп жаратты деп, «өлместей болса ше?» – деп қимастық көңілдерін санап шығады. Әке мен шешенің өлімі өте ауыр қаза екенін жырлайды.

Енді ақынның атылмыш толғауынан үзінді келтірелік:

1. Әке өлімі қандай:

Үйде отырсаң мал қорың,

Дала шықсаң – қамқорың...

Алма мойын, аршын төс,

Біреудің қызын сүйдірген,

Әкең өлмес болсайшы?!

2. Шеше қазасының ауыртпалығы:

Тас емшегін еріткен,

Тар құрсағын кеңейткен...

Аязды күні айналған,

Бұлтты күні бұланған.

Анаңнан қамқор барма еді,

Шешең өлмес болсайшы? !

3. Апаның азасына:

Қашан үйден кеткенше,

Бәйек болып жүретін.

Шешеңнен соңғы қамқорың,

Апаң өлмес болсашы?!

4. Қарындас қайғысы туралы:

Шалдығып-шаршап келгенде,

Бір күніңе жарайтын.

Апаңнан соңғы қамқорың,

Қарындас өлмес болсайшы?!

5. Жан-жарыңнан айырылсаң:

Өзің тыстан келгенде,

Астыңа төсек тастайды,

Үйіңде дәмі бар болса,

Аузыңа сенің ұстайды,

Осынау қысқа ғұмырда

Қосағың өлмес болсайшы?!

6. Алатаудай ағадан ажырасу қандай қиын:

Алдыңда тұрса тірегін,

Әр нәрсеге керегін,

Алатаудай айбатын,

Дұшпанға қылар қайратын,

Ағаң өлмес болсайшы?!

7. Жасөспірім інінің өліміне өкініш:

Дұшпанынды қор қылар,

Құрыштан соққан болатың.

Ер жігітгің қанаты –

Інісі өлмес болсайшы?!

8. Перзентің – болашағың қыршын қырқылса не болмақшы:

Адамзаттын миуасы,

Әлдилеп сүйген баласы.

Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар,

Перзентсіз ерді не дейді?

Тау болмайды бұлақсыз,

Көл болмайды құрақсыз

Ұясыз адам шырақсыз.

Қыз бойжетіп өскенде,...

Қыз, балаң өлмес болсайшы?!...

Тірілігіңде өтерсің,

Біріңе-бірің қадірсіз –

Ойлаңдар, беглер, ойлаңдар,

Осы айтқан сөзім әзілсіз! –

Асылы, Құлыншақ, шынында да, заманының көрнекті ақыны   болған.   Сондықтан   оның   қазақ   поэзиясының өсуіне,   ақындық   өнердің   жетілуіне   қосқан   үлестері басқалардан кем түспейді.

Ханғали Сүйіншәлиев,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға