Жаңалықтар

Құлыншақтың әкесі Кемел көзі ашық, көңілі сергек адам болған

Сұлтанбектің айтуынша, Құлыншақтың әкесі Кемел көзі ашық, көңілі сергек адам болған. Ол баласының ақындық бетін қайтармай, қайта жөн сілтеп, ел аралауға ерік беріп белгілі әруақты ақындардан бата алуға жіберіп, баласына оң сапар тілейді. Ақынның ізденіс сапарлары, өсу жолы туралы Сұлтанбек жырау былай дейді: Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп, Үш тоғыз дүниемен жібереді. Шөженің ақ батасын алып қайтты, Адамзат дуаменен көгереді. Келген сон, киіндіріп, ат мінгізіп, Баланы еркіменен қоя берді. Күнде той, күнде жиын, күнде өлең ғып, Күңірентіп жіберді жүрген жерді. Жыраудың деректеріне қарағанда, Құлыншақ қазақтың көп өлкесін аралап, талай тарландармен кезігіп, тіл қағысқан. Олардан өнер үйреніп, ақындық дәстүрлерді қабылдап отырған. Қазақ ақын жырауларына қанағаттанып қалмай, шығыс әдебиеті классиктерін де оқыған және оның кейбіреулерінің сюжет желісін өзінше толғап, қисса ретінде жырлаған, Сондай шығарманың бірі – «Шырын – Шекер». Құлыншақты көрген ел ақындары аталмыш қисса ұзақ жырланатьн, тамаша лирикалы қызық шығарма еді деп тамсана еске алады. Бұл жөнінде Сұлтанбек жырау: Сылдырап қоңыраудай тіл көмейі, Жаңғыртқан терезенің көгінде енді. Ән қандай, өлең мындай күйіндегі, «Шырын – Шекер» сөз бопты тіліндегі. Жеткенше жиырмаға тоқтай алмай, Сейіл ғып аралады төменгі елді, – деп жырлаған. Сұлтанбек жырау өзін Құлыншақтың шәкірті ретінде таныстырады. Ол өз ұстазын ерекше талант иесі еді деп дәріптейді: Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы Өлеңнен кем болған жоқ оның бағы, Қосылып құнанында ат бәйгеге Тынбай шауып кеп жүрді сынбай сағы. Құлыншак талантына Сұлтанбек сияқты бас июшілер көп болған. Кейінгі кезең дәуірінің танымал ақындары да оны еске алады. Белгілі ақын Асқар Тоқмағамбетов те: Ақсүмбе Абақ батыр Созақтағы, Кем еді қай батырдан қазақтағы,. Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын, Талайды сөзбен орап тұзақтады – деп жырлаған. Құлыншақтың «Қисық батырмен тілдесуі» соңғы жылдары табылып, баспа бетін көрді. Аталмыш шығармада көрінетін ақиқат, ол – Құлыншақтың табан асты өлең шығарып айтуға дағдыланған ақпа ақын екендігі. Ол басына төнген қиындықтан өлеңінің күшімен құтылады. Ойда жоқта бақас батырдың каһарына ұшыраған ақын тапжылмай тұрып жауап қайырады. Баса-көктеп үйіне кірген ақынды батыр қынабынан қылышын суырып алып басын кеспек болады. «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ»,  деген емес пе?
23.07.2013 05:54 4489

Сұлтанбектің айтуынша, Құлыншақтың әкесі Кемел көзі ашық, көңілі сергек адам болған. Ол баласының ақындық бетін қайтармай, қайта жөн сілтеп, ел аралауға ерік беріп белгілі әруақты ақындардан бата алуға жіберіп, баласына оң сапар тілейді.

Ақынның ізденіс сапарлары, өсу жолы туралы Сұлтанбек жырау былай дейді:

Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп,

Үш тоғыз дүниемен жібереді.

Шөженің ақ батасын алып қайтты,

Адамзат дуаменен көгереді.

Келген сон, киіндіріп, ат мінгізіп,

Баланы еркіменен қоя берді.

Күнде той, күнде жиын, күнде өлең ғып,

Күңірентіп жіберді жүрген жерді.

Жыраудың деректеріне қарағанда, Құлыншақ қазақтың көп өлкесін аралап, талай тарландармен кезігіп, тіл қағысқан. Олардан өнер үйреніп, ақындық дәстүрлерді қабылдап отырған. Қазақ ақын жырауларына қанағаттанып қалмай, шығыс әдебиеті классиктерін де оқыған және оның кейбіреулерінің сюжет желісін өзінше толғап, қисса ретінде жырлаған, Сондай шығарманың бірі – «Шырын – Шекер». Құлыншақты көрген ел ақындары аталмыш қисса ұзақ жырланатьн, тамаша лирикалы қызық шығарма еді деп тамсана еске алады. Бұл жөнінде Сұлтанбек жырау:

Сылдырап қоңыраудай тіл көмейі,

Жаңғыртқан терезенің көгінде енді.

Ән қандай, өлең мындай күйіндегі,

«Шырын – Шекер» сөз бопты тіліндегі.

Жеткенше жиырмаға тоқтай алмай,

Сейіл ғып аралады төменгі елді, – деп жырлаған.

Сұлтанбек жырау өзін Құлыншақтың шәкірті ретінде таныстырады. Ол өз ұстазын ерекше талант иесі еді деп дәріптейді:

Ұстазым – Орта жүздің Құлыншағы

Өлеңнен кем болған жоқ оның бағы,

Қосылып құнанында ат бәйгеге

Тынбай шауып кеп жүрді сынбай сағы.

Құлыншак талантына Сұлтанбек сияқты бас июшілер көп болған. Кейінгі кезең дәуірінің танымал ақындары да оны еске алады. Белгілі ақын Асқар Тоқмағамбетов те:

Ақсүмбе Абақ батыр Созақтағы,

Кем еді қай батырдан қазақтағы,.

Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын,

Талайды сөзбен орап тұзақтады – деп жырлаған.

Құлыншақтың «Қисық батырмен тілдесуі» соңғы жылдары табылып, баспа бетін көрді. Аталмыш шығармада көрінетін ақиқат, ол – Құлыншақтың табан асты өлең шығарып айтуға дағдыланған ақпа ақын екендігі. Ол басына төнген қиындықтан өлеңінің күшімен құтылады. Ойда жоқта бақас батырдың каһарына ұшыраған ақын тапжылмай тұрып жауап қайырады. Баса-көктеп үйіне кірген ақынды батыр қынабынан қылышын суырып алып басын кеспек болады. «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ»,  деген емес пе?

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға