Жаңалықтар

Малшылардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалған

Өндіріске Әбдірахман енгізген жаңалық шаруашылыққа әжептәуір пайда келтіріпті. Мәселен, ол МТЗ-50 тракторының шөп тиеп, түсіретін тіркемесін К-700 тракторына ыңғайлап қайта жасап шығарды. Осының нәтижесінде МТЗ-50 тракторындағы төрт механизатор мен төрт тіркемешінің жұмысын    К-700 тракторында бір ғана адам атқарады. Сөйтіп, өткен жылғы жемшөп дайындау науқаны барысында 550 центнер жанар-жағар май, 9190 сом қаржы үнемделді. Сол сияқты шөпті тайлап буу, оны тіркемеге тиеу, түсіру жұмысын механизм күшімен атқару да бас инженердің бастамашылығымен жүзеге асырылды. Осы шаруашылықтың № 4 «Тармақ» атты бөлімшесін Ермекбай Меркин деген азамат көп жылдан бері басқарып келеді. Соңғы уақытта бұл бөлімше үнемі шаруашылық көшін бастауда. Біз осы бөлімшеге батар күннің алқызыл шұғыласы төңірекке соңғы нұрын төккен сәтте ат басын тіредік. Ұшы-қиырсыз кең далада шүйгінді шөптің исі аңқып, самал желмен толқыған алқап масаты кілемдей құлпыра түрленеді. Бөлімше меңгерушісі – қияқ мұртты, жел қағып тотыққан қара торы өңді, бурыл шашты Ермекбай жөн сұрасып болғаннан кейін шаруа жайын іркілмей баяндады. Бөлімше өткен жылдың жоспарын барлық көрсеткіштер бойынша асыра орындаған. Малшылардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалған. – Сонда да болса, – дейді Ермекбай әңгімесін сабақтай түсіп, – малшы тұрмысын бұдан да мазмұнды етуге болар еді. Әттең, құнт жетпей жатыр. Жағдайымызды айта бастасақ болды, жер шалғайлығы көлденең тартылады да тұрады. Ау, сонда мына малшы қауым ен далада не үшін көшіп-қонып жүр? Әрине қоғам малы үшін. Ендеше малшы қауымның орынды талабына да бір мезгіл құлақ асқан жөн емес пе?! Мәселен, жеріміз құмды болғандықтан үйдің сыртын сылайтын топырақ алыс жерлерден әкелінеді. Кейде осы топырақтан да тапшылық көріп қаламыз. Шаруашылық орталығымен телефон байланысы жоқ. Бұл да – шешімін күткен проблема. Тағы да сол жол қашықтығының салдарынан малшыларымыз хат-хабарды, газет, журналды уақтылы ала алмайды. Ал таяқ тастам жердегі «Торғай» кеңшары «Құмкөл» бөлімшесінің малшылары жаңалыққа қарқ болып жатады. Ендігі бір айтайын дегенім, біз осыдан біраз уақыт бұрын ішімдіксіз ауыл атануды ұйғарған едік. Әрине, уәдеге берікпіз. Бірақ бөлімше дүкеніне минерал су, түрлі шырын өте сирек түседі.  Қысқасы, жұмыстың ұсақ-түйегі болмайтыны сияқты малшы қауымына мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуде де жоғарыдағыдай іркілістерге жол берілмегенін қалар едік.
23.07.2013 04:52 4002

Өндіріске Әбдірахман енгізген жаңалық шаруашылыққа әжептәуір пайда келтіріпті. Мәселен, ол МТЗ-50 тракторының шөп тиеп, түсіретін тіркемесін К-700 тракторына ыңғайлап қайта жасап шығарды. Осының нәтижесінде МТЗ-50 тракторындағы төрт механизатор мен төрт тіркемешінің жұмысын    К-700 тракторында бір ғана адам атқарады. Сөйтіп, өткен жылғы жемшөп дайындау науқаны барысында 550 центнер жанар-жағар май, 9190 сом қаржы үнемделді. Сол сияқты шөпті тайлап буу, оны тіркемеге тиеу, түсіру жұмысын механизм күшімен атқару да бас инженердің бастамашылығымен жүзеге асырылды.

Осы шаруашылықтың № 4 «Тармақ» атты бөлімшесін Ермекбай Меркин деген азамат көп жылдан бері басқарып келеді. Соңғы уақытта бұл бөлімше үнемі шаруашылық көшін бастауда. Біз осы бөлімшеге батар күннің алқызыл шұғыласы төңірекке соңғы нұрын төккен сәтте ат басын тіредік. Ұшы-қиырсыз кең далада шүйгінді шөптің исі аңқып, самал желмен толқыған алқап масаты кілемдей құлпыра түрленеді. Бөлімше меңгерушісі – қияқ мұртты, жел қағып тотыққан қара торы өңді, бурыл шашты Ермекбай жөн сұрасып болғаннан кейін шаруа жайын іркілмей баяндады. Бөлімше өткен жылдың жоспарын барлық көрсеткіштер бойынша асыра орындаған. Малшылардың еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалған.

– Сонда да болса, – дейді Ермекбай әңгімесін сабақтай түсіп, – малшы тұрмысын бұдан да мазмұнды етуге болар еді. Әттең, құнт жетпей жатыр. Жағдайымызды айта бастасақ болды, жер шалғайлығы көлденең тартылады да тұрады. Ау, сонда мына малшы қауым ен далада не үшін көшіп-қонып жүр? Әрине қоғам малы үшін. Ендеше малшы қауымның орынды талабына да бір мезгіл құлақ асқан жөн емес пе?! Мәселен, жеріміз құмды болғандықтан үйдің сыртын сылайтын топырақ алыс жерлерден әкелінеді. Кейде осы топырақтан да тапшылық көріп қаламыз. Шаруашылық орталығымен телефон байланысы жоқ. Бұл да – шешімін күткен проблема. Тағы да сол жол қашықтығының салдарынан малшыларымыз хат-хабарды, газет, журналды уақтылы ала алмайды. Ал таяқ тастам жердегі «Торғай» кеңшары «Құмкөл» бөлімшесінің малшылары жаңалыққа қарқ болып жатады. Ендігі бір айтайын дегенім, біз осыдан біраз уақыт бұрын ішімдіксіз ауыл атануды ұйғарған едік. Әрине, уәдеге берікпіз. Бірақ бөлімше дүкеніне минерал су, түрлі шырын өте сирек түседі.  Қысқасы, жұмыстың ұсақ-түйегі болмайтыны сияқты малшы қауымына мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуде де жоғарыдағыдай іркілістерге жол берілмегенін қалар едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға