Жаңалықтар

«Астана-Арқау» фестивалі 6 елдің ән дәстүрін біріктірді

Көпшілікті «Астана-Арқау» түрік музыкасының фестивалі  үлкен әсерге бөледі. Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан  және Түркіменнен келген 400 музыкант Астана сахнасында өздерінің дәстүрлі өнерлерін көрсетті. Игорь Фролов, фестиваль ұйымдастырушысы: «400-ден астам әртіс шақырылып еді, солардың барлығы да келді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, шетелдік қонақтар да уақытында жетті. Біз соған қуаныштымыз». Концерттің  негізгі тақырыптарының бірі - «фольклорлы өмір» деп аталады.  Музыкасы жеке аспаптан бастап эпикалық шығармаларға дейін сан түрлі жанрларда ұсынылып отыр. Фестиваль қонақтары  «Хуун Хуур Ту», «От Эне», «Наво» топтары және басқа да әншілер мен ұжымдардың тамаша музыкалық композицияларын көріп, құлақ құрышын қандырар әуендерін тыңдады. Айдар Ахмедьянов, сырнайшы:  «Маған қала өте ұнады. Өсіп,өркендеп келеді. Мен қалада осыдан бес жыл бұрын болғанмын. Содан бері Астана ғажап өзгеріпті. Әсемдігімен, айырықша сәулетімен көз тартып, ұмытылмастай әсер қалдырады. Мұнда азиялық үлгідегі де. еуропалық үлгідегі де сұлу ғимараттарды көруге болады. Өте керемет фестиваль өтті. Қатысушылар бір-бірімен жақын араласып, достасып кетті. Бәрі де керемет!». Түрік музыкасының фестивалін «Хуун Хуур Ту» тобы жапты. Елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілдеде «Хан шатыр» СОО-да тува тобының жан жадыратар көмей әндерінен тағы бір сусындады.  http://astana.kz  
07.07.2013 07:34 2655

Көпшілікті «Астана-Арқау» түрік музыкасының фестивалі  үлкен әсерге бөледі. Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан  және Түркіменнен келген 400 музыкант Астана сахнасында өздерінің дәстүрлі өнерлерін көрсетті.

Игорь Фролов, фестиваль ұйымдастырушысы:

«400-ден астам әртіс шақырылып еді, солардың барлығы да келді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, шетелдік қонақтар да уақытында жетті. Біз соған қуаныштымыз».

Концерттің  негізгі тақырыптарының бірі - «фольклорлы өмір» деп аталады.  Музыкасы жеке аспаптан бастап эпикалық шығармаларға дейін сан түрлі жанрларда ұсынылып отыр. Фестиваль қонақтары  «Хуун Хуур Ту», «От Эне», «Наво» топтары және басқа да әншілер мен ұжымдардың тамаша музыкалық композицияларын көріп, құлақ құрышын қандырар әуендерін тыңдады.

Айдар Ахмедьянов, сырнайшы:

 «Маған қала өте ұнады. Өсіп,өркендеп келеді. Мен қалада осыдан бес жыл бұрын болғанмын. Содан бері Астана ғажап өзгеріпті. Әсемдігімен, айырықша сәулетімен көз тартып, ұмытылмастай әсер қалдырады. Мұнда азиялық үлгідегі де. еуропалық үлгідегі де сұлу ғимараттарды көруге болады. Өте керемет фестиваль өтті. Қатысушылар бір-бірімен жақын араласып, достасып кетті. Бәрі де керемет!».

Түрік музыкасының фестивалін «Хуун Хуур Ту» тобы жапты. Елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілдеде «Хан шатыр» СОО-да тува тобының жан жадыратар көмей әндерінен тағы бір сусындады. 

http://astana.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға