Жаңалықтар

Театрландырылған қойылым Астана күніне орайластырылған ең қызықты іс-шара болды

6 шілдеде  «Астана Опера» балет театры алаңында Астананың 15 жылдығына арнайы орайластырылған көздің жауын алардай жарқыраған театрландырылған қойылым мен бірегей 3D жобалық шоуын бірнеше мыңдаған тұрғындар мен қала қонақтары тамашалады. Екі сағатқа созылған ауқымды іс-қимыл әрекетіне өнердің түрлі жанры мен бағыттарындағы 98 әртіс қатысты. Солардың ішінде атақты «АртиШОК» Алматы театры екі интерактивті спектакль ұсынса, «Амстердам» театры сиқырлы бет қимылдары мен елордалық үздік би топтары мен оркестр өнерлерін ұсынды. Ең кіштентай келушілер үшін аквагрим шеберлері ертегі әлеміне сапар шегіп, тілек білдірушілер қыл қалам шеберлерінен шарждар мен портреттерді салдырып алып жатты.   Қойылым көрермендері көптеген тосынсыйлар мен музыкалық әуендердің куәсі болды.  Шоу  көпшілік үшін ұйымдастырылған. Сондықтан бұдан кез келген қатысушы ләззат алатындай мүмкіндіктер туғызылды.  Театрландырылған қойылымның шарықтау шегі қаланың алғашқы құрылыстарын, маңызды нысандардың салынуын көрсеткен, әуедегі жанды суреттер мен түрлі түстердің құбылуын жеткізген, пиротехникалық 3D жобалық шоуы болды. Бұл Астана күні мерекесіндегі ең көңілді іс-шара еді. Астана тұрғындары мен қонақтары театрландырылған шоуды 7-8 шілдеде 21:00, 3D шоуын 22:00-де көре алады. Шоу Астана күнін мерекелеу аясында қала әкімдігінің бастамасымен өткізілді. http://astana.kz
07.07.2013 07:32 4054

6 шілдеде  «Астана Опера» балет театры алаңында Астананың 15 жылдығына арнайы орайластырылған көздің жауын алардай жарқыраған театрландырылған қойылым мен бірегей 3D жобалық шоуын бірнеше мыңдаған тұрғындар мен қала қонақтары тамашалады.

Екі сағатқа созылған ауқымды іс-қимыл әрекетіне өнердің түрлі жанры мен бағыттарындағы 98 әртіс қатысты. Солардың ішінде атақты «АртиШОК» Алматы театры екі интерактивті спектакль ұсынса, «Амстердам» театры сиқырлы бет қимылдары мен елордалық үздік би топтары мен оркестр өнерлерін ұсынды. Ең кіштентай келушілер үшін аквагрим шеберлері ертегі әлеміне сапар шегіп, тілек білдірушілер қыл қалам шеберлерінен шарждар мен портреттерді салдырып алып жатты. 

 Қойылым көрермендері көптеген тосынсыйлар мен музыкалық әуендердің куәсі болды.  Шоу  көпшілік үшін ұйымдастырылған. Сондықтан бұдан кез келген қатысушы ләззат алатындай мүмкіндіктер туғызылды. 

Театрландырылған қойылымның шарықтау шегі қаланың алғашқы құрылыстарын, маңызды нысандардың салынуын көрсеткен, әуедегі жанды суреттер мен түрлі түстердің құбылуын жеткізген, пиротехникалық 3D жобалық шоуы болды. Бұл Астана күні мерекесіндегі ең көңілді іс-шара еді.

Астана тұрғындары мен қонақтары театрландырылған шоуды 7-8 шілдеде 21:00, 3D шоуын 22:00-де көре алады. Шоу Астана күнін мерекелеу аясында қала әкімдігінің бастамасымен өткізілді.

http://astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға