Қазақстандық былғары қолғап шебері Берік Әбдірахманов Азия чемпионатын жеңіспен бастады
03.07.2013 03:37
3649
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін былғары қолғап шебері Берік Әбдірахманов Азия чемпионатының бастапқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бұл туралы Vesti.kz жазады.
Жерлесіміздің қарсыласы Астанада өткен Азия олимпиадалық біліктілік турнирінің жеңімпазы, 2011 жылғы Азия чемпионатының финалисі қытайлық Лиу Цян болды. Кездесу нәтижесінде Әбдірахманов 2:1 жеңіске жетті. 4 шілде күні болатын келесі кездесуді қазақстандық спортшы ирандық Ганим Амирмен өткізеді.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иван Дычко иорданиялық Саиф Бадранды есеңгіретті
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Палестина халқын құттықтады