Берік Әбдірахманов алғашқы қадамын жеңіспен бастады, деп хабарлайды «Аламан». Ол жеребе бойынша бірінші кездесуінде қытайлық боксшы Лиу Цянмен кездесті. Берік алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Қытайлық боксшыны 2:1 нәтижесімен жеңіп, жарыс жолынан шығарды. Оның ендігі қарсыласы ирандық боксшы Ғани Әмір. Ол кездесу 4 шілдеге жоспарланған.
Бір өкініштісі, Ілияс Сүлейменов 52 келі салмақта филипиндік Рею Солюдардан жеңіліп қалды. Есеп - 1:2. Ал Иван Дычко ауыр салмақта иорданиялық боксшы Саиф Бадранды ұтты.
ҚазАқпарат.
Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты әзірге біздің елдің ұландары үшін жаман басталмады.