Электрондық темекі дәрілік заттарға теңестіріледі
Айта кеткен абзал, түрлі мемлекеттердің атқамінерлері никотині бар бумен дем алуға мүмкіндік беретін электрондық темекімен не істерлерін білмей дал. Мәселен, соңғы жылдары электрондық темекінің әлемдік саудасы күрт артқанымен, Бразилияда, Норвегияда және Сингапурда оларды қолдануға тыйым салынған. Бірқатар мамандардың пайымдауынша, шынтуайтына келгенде қарапайым темекінің баламасы теріс әдеттен арылуға көмектеспейді.
Сарапшылардың тоқтамы бойынша нарықтағы темекілер жалпы сапа талаптарына сәйкес келмейді. Оның құрамында көптеген ластаушы заттар анықталып, никотиннің деңгейінде де айырмашылықтар байқалған. Енді жаңа әдістен лицензиясын сақтап қалған компаниялар пайда табады. Аталмыш өнім дәрігерлер ресми түрде жазып беретін заттардың қатарына енуі ықтимал.
ҚазАқпарат.