Жаңалықтар

Лондонда Шыңғысханға ескерткіш орнатылды

Ұлы Шыңғыс ханның түркі жұртынан, соның ішінде қазіргі қазақ елін құраушы ру-тайпалардан шыққандығы исі қазаққа белгілі болды-ау деп ойлаймыз. Ол кезде моңғол деген жұрттың болмағаны, бар болса олар заманның аумалы-төкпелі кезеңінде байқаусызда Моңғол (Мыңқол) аталып кеткен Бурят халқының жартысы екендігін орыс зерттеушілері бүгінгі таңда жарыса айтып та, жазып та жатыр. Зерттеп, дәлелдеп те қойды. Орыстар шекара түсіргенде, кезінде аралас-құралас отырған ел екіге бөлініп қалғандығы, орыс елінің шебінде қалған орман буряттары қазіргі кезде көбінесе осы елдің аты жөнін қабылдағандығы, маң далада қалғандары өз ата-тектерімен аталатындығы және кезіндегі қыпшақтардың (Шыңғыс ханның заманындағы) жеріне біртіндеп біртіндеп жылжып, ауысқандығы тарихқа нақтылынып қайта жазылуда.  Біздің халқымыз болса, орыс империясының 3 ғасыр езгісінен кейін, Шыңғыс ханның өз жұртынан екендігіне таңырқай, тосырқай қарауда. Бұл – халқымыздың жадысынан, тарихынан айырылып қалғандығынан. Көрші ұлы халықтың «Сендерде түкте жоқ», – деп еліміздің санасын талай ғасыр сабағандықтан болып отыр. Алтайдың арғы және бергі бетінде, сондай-ақ бүкіл Сібір ойпаты да «Суық теңізге», – дейін кезіндегі ұлы көшпелі жұрттың ашса алақанында, жұмса жұдырығында болғандығын орыстың біраз жазушы-ғалымдары мен зерттеушілері қорсынбай-ақ айтып жатқанда, біздің ғалымдар жазушы ағайындар жасқаншақтап не зерттей алмай, не жаза алмай отыр десек, қателесе қоймаспыз. Тек, Алашорданы, бағзы замандағы ғұндарды шұқылап жазып әлек. Жуықта кәрі құрлықты дүр сілкіндіріп Лондонның дәл төрінен Шыңғыс ханға алты құлаш ескерткіш орнатылды. Сәулетшісі – Даша Немдаков. Бөтен ел, бірақ көрсетіп отырған құрметі қаншалықты! Шыңғыс хан империясының тікелей ұрпақтары болғандықтан (моң¬ғолдар емес) біз неге Шыңғыс ханға мегополис қалаларымыздан көше, даңғыл немесе алаң беріп, ескерткіш тұрғызып, құрмет көрсетпейміз? Тіпті ұлы ханның атында академия да ашуға болар еді ау. Бірақ біз қосшымызға дейін жасқаншақпыз. Шығысымыз бен Солтүстігімізге қарап жалтақтаймыз. Осыны жазып бір досыма оқып бергенімде, ол «Сен де айтады екенсің ау, Жұмабек Тәшеновке ескерткіш тұрғыза алмаған елміз, Шыңғыс ханға ескерткіш қойып, атау беріп жатсақ, мүлде үрейленіп кетерміз», – дегені күліп.   Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.  
15.06.2013 07:41 3013

Ұлы Шыңғыс ханның түркі жұртынан, соның ішінде қазіргі қазақ елін құраушы ру-тайпалардан шыққандығы исі қазаққа белгілі болды-ау деп ойлаймыз.

Ол кезде моңғол деген жұрттың болмағаны, бар болса олар заманның аумалы-төкпелі кезеңінде байқаусызда Моңғол (Мыңқол) аталып кеткен Бурят халқының жартысы екендігін орыс зерттеушілері бүгінгі таңда жарыса айтып та, жазып та жатыр. Зерттеп, дәлелдеп те қойды. Орыстар шекара түсіргенде, кезінде аралас-құралас отырған ел екіге бөлініп қалғандығы, орыс елінің шебінде қалған орман буряттары қазіргі кезде көбінесе осы елдің аты жөнін қабылдағандығы, маң далада қалғандары өз ата-тектерімен аталатындығы және кезіндегі қыпшақтардың (Шыңғыс ханның заманындағы) жеріне біртіндеп біртіндеп жылжып, ауысқандығы тарихқа нақтылынып қайта жазылуда. 
Біздің халқымыз болса, орыс империясының 3 ғасыр езгісінен кейін, Шыңғыс ханның өз жұртынан екендігіне таңырқай, тосырқай қарауда. Бұл – халқымыздың жадысынан, тарихынан айырылып қалғандығынан. Көрші ұлы халықтың «Сендерде түкте жоқ», – деп еліміздің санасын талай ғасыр сабағандықтан болып отыр. Алтайдың арғы және бергі бетінде, сондай-ақ бүкіл Сібір ойпаты да «Суық теңізге», – дейін кезіндегі ұлы көшпелі жұрттың ашса алақанында, жұмса жұдырығында болғандығын орыстың біраз жазушы-ғалымдары мен зерттеушілері қорсынбай-ақ айтып жатқанда, біздің ғалымдар жазушы ағайындар жасқаншақтап не зерттей алмай, не жаза алмай отыр десек, қателесе қоймаспыз. Тек, Алашорданы, бағзы замандағы ғұндарды шұқылап жазып әлек. Жуықта кәрі құрлықты дүр сілкіндіріп Лондонның дәл төрінен Шыңғыс ханға алты құлаш ескерткіш орнатылды. Сәулетшісі – Даша Немдаков. Бөтен ел, бірақ көрсетіп отырған құрметі қаншалықты! Шыңғыс хан империясының тікелей ұрпақтары болғандықтан (моң¬ғолдар емес) біз неге Шыңғыс ханға мегополис қалаларымыздан көше, даңғыл немесе алаң беріп, ескерткіш тұрғызып, құрмет көрсетпейміз? Тіпті ұлы ханның атында академия да ашуға болар еді ау. Бірақ біз қосшымызға дейін жасқаншақпыз. Шығысымыз бен Солтүстігімізге қарап жалтақтаймыз. Осыны жазып бір досыма оқып бергенімде, ол «Сен де айтады екенсің ау, Жұмабек Тәшеновке ескерткіш тұрғыза алмаған елміз, Шыңғыс ханға ескерткіш қойып, атау беріп жатсақ, мүлде үрейленіп кетерміз», – дегені күліп.

 

Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға