Көкпарда бас жүлдені Жамбыл облысы иеленді
14.06.2013 12:26
2874
Көкшетау қаласының маңындағы Красный Яр кентінде ересектер арасындағы Көкпардан XIII Республикалық чемпионатының жүлдегерлері белгілі болды деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз хатшысы Шынар Шәкен Baq.kz тілшісіне.
І орынды Жамбыл облысының «Әулие Ата» командасы иеленген. ІІ-ші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы алды. ІІІ-ші орын Астана қаласына бұйырып, Ақмола облысы IV-ші орынға табан тіреген.
І орынға 1 200 000, ІІ орынға 800 000, ІІІ орынға 500 000 теңге сыйақы берілді.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балуандарды жаттықтыру