Жаңалықтар

Балуандарға жүлде, сыйлық беру, күресетін орын, күрес кілемі

Балуандарға жүлде, сыйлық беру Қазақтар балуандарды ел ішіндегі қадірлі адамдар қатарына жатқызады. Балуандарды ақын, сері, әнші, күйші, т.б белгілі адамдардың дәрежесімен бірдей бағалаған. Олардың күшіне таңданып бас иген, пір тұтқан, үлгі алған, үлкен-үлкен сыйлықтар берген. Қазіргі уақытта күресіп жеңген балуандарға медаль, диплом, мақтау қағаз, ақшалай және заттай сыйлықтар берілетін болса, ХХ ғасырға дейінгі ел арасында балуандарды марапаттау ерекшеліктері өзгеше болған. Алдымен берілетін сыйлықтар балуан белдесулерінің алдында жиналып, көпшілікке  жария етілген. Балуандар күресі аяқталған соң, бас балуан шығарған адам немесе ас-тойды ұйымдастырушы адам өзінің қалауы бойынша жиналған сыйлықтарды үлестіруге құқылы болған. Балуан Шолақтың бір күресінің суреттелуіндегі марапаттау сәтінен мысал келтірейік: «... Үстіне кілем жапқан, кере құлаш кәмшат құндыз бен ала жібек шапанды өркешіне ілген түйеге көне күміс тұрманмен ерттелген сұлу жирен атқа бастатып, бас балуанның бәйгесі – жүз ірі малды арғын Паңның алдына әкеп тосты. Бір тоғыз мал қосып түйе мен атты Паңның өзі алды да, қалғанын ақсақалдарға үлестірді. – Балуанның өзіне де ырым беріңдер, кедей кісінің баласы, – деген әкімдерге: – Мен дүние жинағалы жүрген жігіт емеспін, – деді, – күшім мен халқым, сен аман болсаң, одан артық маған не керек?... Бәйгеден бір сабақ жіп те алмаймын, ол көпшілік сенің сыбағаң. ... Балуан Шолақ қалған жылқының құнын ақшалап, базарға келген қайыршы, кемтар қаріптерге үлестіріп беріп, батасын алд». Балуан белдесулеріне тігілетін жүлделердің ішінде көбіне төрт түлік мал, ер-тоқым, кілем, ақша, сақина, бет орамал, білезік, тайтұяқ, қамзол, шапан, аң терілері, т.б. қойылған. 1802 жылы Сырым Датұлы асында күрес, бәйге, ақындар айтысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға 2500 қой, 200 жылқы үлестірілген. Күресетін орын, күрес кілемі Балуан белдесулерінде тегіс көгалды жер немесе құмды боып келетін жазық таңдап алынады. Балуандар күресі жылдың жылы уақытында өткізіледі. Күрес алаңын көрермендер қоршай отырып тамашалаған. Ер адамдар мен әйел адамдар көбіне жеке-жеке топталып отырады. Ат-түйеге мінгендері жерде отырғандардың арт жағында тұрады. Кейбір кездерде балуандар күресетін орынды арнайы дайындаған. Оған мысал ретінде Қажымұқанның бір белдесуінен үзінді келтіреміз: «... Ағаш үгінділері төселіп, үстіне брезент төселген үлкен алаңның төрт бұрышына қазық қағылып, арқан керілген, Ниязға қарап: «Мынау ағылшындар бокс ойнайтын аренаға ұқсайды ғой», – деді Қажымұқан. Қазіргі спорттық күрес талабына сәйкес күрес кілемінің көлемі 12х12 м, балуандар күресетін шеңбер алаңының даметрі 9 м болуы тиіс. Кілем жұмсақ төсеніштерден жиналады да, үсті арнайы жапқышпен жабылады. Кілем шетінде қауіпсіздік алаңы болуы тиіс. 
14.06.2013 11:49 9868

Балуандарға жүлде, сыйлық беру

Қазақтар балуандарды ел ішіндегі қадірлі адамдар қатарына жатқызады.

Балуандарды ақын, сері, әнші, күйші, т.б белгілі адамдардың дәрежесімен бірдей бағалаған. Олардың күшіне таңданып бас иген, пір тұтқан, үлгі алған, үлкен-үлкен сыйлықтар берген.

Қазіргі уақытта күресіп жеңген балуандарға медаль, диплом, мақтау қағаз, ақшалай және заттай сыйлықтар берілетін болса, ХХ ғасырға дейінгі ел арасында балуандарды марапаттау ерекшеліктері өзгеше болған. Алдымен берілетін сыйлықтар балуан белдесулерінің алдында жиналып, көпшілікке  жария етілген.

Балуандар күресі аяқталған соң, бас балуан шығарған адам немесе ас-тойды ұйымдастырушы адам өзінің қалауы бойынша жиналған сыйлықтарды үлестіруге құқылы болған.

Балуан Шолақтың бір күресінің суреттелуіндегі марапаттау сәтінен мысал келтірейік:

«... Үстіне кілем жапқан, кере құлаш кәмшат құндыз бен ала жібек шапанды өркешіне ілген түйеге көне күміс тұрманмен ерттелген сұлу жирен атқа бастатып, бас балуанның бәйгесі – жүз ірі малды арғын Паңның алдына әкеп тосты. Бір тоғыз мал қосып түйе мен атты Паңның өзі алды да, қалғанын ақсақалдарға үлестірді.

– Балуанның өзіне де ырым беріңдер, кедей кісінің баласы, – деген әкімдерге:

– Мен дүние жинағалы жүрген жігіт емеспін, – деді, – күшім мен халқым, сен аман болсаң, одан артық маған не керек?... Бәйгеден бір сабақ жіп те алмаймын, ол көпшілік сенің сыбағаң.

... Балуан Шолақ қалған жылқының құнын ақшалап, базарға келген қайыршы, кемтар қаріптерге үлестіріп беріп, батасын алд».

Балуан белдесулеріне тігілетін жүлделердің ішінде көбіне төрт түлік мал, ер-тоқым, кілем, ақша, сақина, бет орамал, білезік, тайтұяқ, қамзол, шапан, аң терілері, т.б. қойылған.

1802 жылы Сырым Датұлы асында күрес, бәйге, ақындар айтысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға 2500 қой, 200 жылқы үлестірілген.

Күресетін орын, күрес кілемі

Балуан белдесулерінде тегіс көгалды жер немесе құмды боып келетін жазық таңдап алынады. Балуандар күресі жылдың жылы уақытында өткізіледі. Күрес алаңын көрермендер қоршай отырып тамашалаған. Ер адамдар мен әйел адамдар көбіне жеке-жеке топталып отырады. Ат-түйеге мінгендері жерде отырғандардың арт жағында тұрады.

Кейбір кездерде балуандар күресетін орынды арнайы дайындаған. Оған мысал ретінде Қажымұқанның бір белдесуінен үзінді келтіреміз:

«... Ағаш үгінділері төселіп, үстіне брезент төселген үлкен алаңның төрт бұрышына қазық қағылып, арқан керілген, Ниязға қарап: «Мынау ағылшындар бокс ойнайтын аренаға ұқсайды ғой», – деді Қажымұқан.

Қазіргі спорттық күрес талабына сәйкес күрес кілемінің көлемі 12х12 м, балуандар күресетін шеңбер алаңының даметрі 9 м болуы тиіс. Кілем жұмсақ төсеніштерден жиналады да, үсті арнайы жапқышпен жабылады.

Кілем шетінде қауіпсіздік алаңы болуы тиіс. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға