Жаңалықтар

Аомарида өткен V Қысқы Азия ойындары

Осы кезге дейiн Қазақстан командасының Қысқы Азия ойындарындағы тарихынан сыр шертiп, Харбин мен Конгвондағы додаларды еске алған болатынбыз. Ендiгi кезек 2003 жылы Аомориде өткен V-Азиадаға келiп тұрған секiлдi. Бұл ойындар да қазақ спортының тарихындағы ерекше беттердiң бiрi екенi даусыз. Мұндай жоғарғы деңгейдегi бәсекелерде елiмiз спортшыларының көрсеткен нәтижелерi халық жадында мәңгi қалуы тиiс. ҚҰРЛЫҚТА ҚЫСҚЫ СПОРТ ДАМЫДЫ. ҚАЗАҚСТАНДА ШЕ? Өткен Конгвондағы ойындарда 43 комплект медаль сарапқа салынса, бұл жолы олардың саны 54-ке жеттi. Сол кездерде Азия құрлығында спорттың қысқы түрлерi жұмыр жердiң солтүстiгiнде жатқан Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Жапония секiлдi елдермен қатар, экватордың маңайындағы шақырайған күнi ми қайнататын Үндiстан, Сингапур, Ливан, Тәжiкстан, Өзбекстан, Пәкiстан, Иран, Тайван, Гонгонг, Филлиппин сияқты халықтарда да етек жайды. Сөзiмiзге дәлел ретiнде айта кетсек, үш жыл бұрынғы Азиадада Кувейт құрамасы ерлер арасындағы хоккейде бақ сынады. Одан кейiн Еуропа кубогы жолындағы жарыста Жаңа Зеландия спортшысының топ жаруы, тiптi, таң қалдырған. Мiне, осындай қарқында дамып келе жатқан қысқы спорт түрiнiң бұл жолғы тартысы аса қатты болары сезiлiп тұрды.             Ал бiздiң құраманың жағдайына келсек, әлем спортының жұлдыздары Владимир Смирнов пен Людмила Прокашевалар спортпен қош айтысқан-тұғын. Смирнов, тiптi, Қазақстан азаматтығын Швецияға ауыстырып та алған. Бiрақ, Владимир Қазақстан делегациясының құрамында Аомориге баратын болып шешiлдi. Ол өзiнiң бiлiгi мен тәжiрибесiнiң өз шәкiрттерiне керек екенiн сезiп, Қазақстан шаңғышыларына рухани көмек беруге кiрiстi.             Ал негiзгi сенiм артқан спортшыларымыз жоғарғы деңгейдегi жүлделердi осы шаңғы спортынын алар деп күткен едiк. Онда бiздiң жас та болса бiршама турнирлерде оза шауып жүрген Максим Однадворцев, Николай Чеботько секiлдi ұландарымыз бар едi. Қыздардан Оксана Яцкая мен Светлана Малаховалардың шоқтығы биiк тұрған. Сонымен бiрге қыздар хоккей құрамасы да алтыннан үмiткер саналатын.             Азиада басталуға екi-үш күн қалғанда бiр қызық жағдай болды. Қазақстан құрамасының тұғырдан секiрушi жiгiттерi Павел Гайдук пен Станислав Филимонов жарыстан шеттетiлетiндей қауiпке душар болды. Себебi, олардың киетiн комбинизондары өздерiне үлкенiрек боп шыққан. Жазда Әлем бiрiншiлiгiне қатысар алдында тiктiрген киiмдерi қысқа қарай кеңейiп кеткен. Соған қарағанда спортшылар Азиада алдында бiраз тер төгiп жаттыққан секiлдi.        ШАҢҒЫШЫЛАР ЕЛ ҮМIТIН АҚТАДЫ Жапонияның Аомори қаласы өзге де ел қалаларынан ерекшелiгi жоқ, шағын ғана қала-тұғын. Қысқы спорты кеңiнен дамыған өлке Ақ ойындарды өткiзу құқығын бәсекелессiз жеңiп алды. Сондай-ақ, 17 мемлекеттен келген спортшылар Аомориден басқа Аджигасаве, Иваки, Овани, Мисаве, Хачинохи сынды қалалардың спорт кешендерiнде бақ сынады. 31– қаңтар күнi салтанатты ашылуы өткен жарыс 8-ақпанға дейiн жалғасты. Дәл сол ашылу болған күнi-ақ Қазақстан командасының спортшылары алғашқы жеңiске қол жеткiзiп үлгердi. Хоккейшi қыздарымыз қарсыластары Солтүстiк Кореялықтарды 3:2 есебiмен тiзе бүктiрдi. Ал алғашқы алтынды 5 шақырымға классикалық жүгiруде шаңғышы қызымыз Светлана Малахова–Шишкина олжалады. Жалпы, бұл жарыс түгелiмен Қазақстанның еншiсiне бұйырды. €йткенi, Малаховадан 1,2 секундқа қалып қойған Оксана Яцкая екiншi келсе, үшiншi орын да отандасымыз Елена Антоноваға тиесiлi болды. Екiншi алтын да көп күттiрмей 10 шақырымдық жүгiруде шаңғышы Андрей Головкоға берiлдi. Дәл осы сында жарыс жолына шыққан жерлестерiмiз Максим Однадворцев пен Дмитрий Еременко қалған медальдердi де Қазақстан қоржынына салды. Мiне, осының арқасында бiздiң команда 4 ақпан күнi жалпы командалық есепте 2-орынға шыққан. Жинаған 8 медальдiң 7-еуi шаңғы спортынан болды. Ал қалған бiр жүлденi конькишi Радик Бикчентаев 5000 метрлiк қашықтықта ұтып алды.  Жандос Смайлов.
14.06.2013 09:49 3261

Осы кезге дейiн Қазақстан командасының Қысқы Азия ойындарындағы тарихынан сыр шертiп, Харбин мен Конгвондағы додаларды еске алған болатынбыз. Ендiгi кезек 2003 жылы Аомориде өткен V-Азиадаға келiп тұрған секiлдi. Бұл ойындар да қазақ спортының тарихындағы ерекше беттердiң бiрi екенi даусыз. Мұндай жоғарғы деңгейдегi бәсекелерде елiмiз спортшыларының көрсеткен нәтижелерi халық жадында мәңгi қалуы тиiс.

ҚҰРЛЫҚТА ҚЫСҚЫ СПОРТ ДАМЫДЫ. ҚАЗАҚСТАНДА ШЕ?

Өткен Конгвондағы ойындарда 43 комплект медаль сарапқа салынса, бұл жолы олардың саны 54-ке жеттi. Сол кездерде Азия құрлығында спорттың қысқы түрлерi жұмыр жердiң солтүстiгiнде жатқан Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Жапония секiлдi елдермен қатар, экватордың маңайындағы шақырайған күнi ми қайнататын Үндiстан, Сингапур, Ливан, Тәжiкстан, Өзбекстан, Пәкiстан, Иран, Тайван, Гонгонг, Филлиппин сияқты халықтарда да етек жайды. Сөзiмiзге дәлел ретiнде айта кетсек, үш жыл бұрынғы Азиадада Кувейт құрамасы ерлер арасындағы хоккейде бақ сынады. Одан кейiн Еуропа кубогы жолындағы жарыста Жаңа Зеландия спортшысының топ жаруы, тiптi, таң қалдырған. Мiне, осындай қарқында дамып келе жатқан қысқы спорт түрiнiң бұл жолғы тартысы аса қатты болары сезiлiп тұрды.

            Ал бiздiң құраманың жағдайына келсек, әлем спортының жұлдыздары Владимир Смирнов пен Людмила Прокашевалар спортпен қош айтысқан-тұғын. Смирнов, тiптi, Қазақстан азаматтығын Швецияға ауыстырып та алған. Бiрақ, Владимир Қазақстан делегациясының құрамында Аомориге баратын болып шешiлдi. Ол өзiнiң бiлiгi мен тәжiрибесiнiң өз шәкiрттерiне керек екенiн сезiп, Қазақстан шаңғышыларына рухани көмек беруге кiрiстi.

            Ал негiзгi сенiм артқан спортшыларымыз жоғарғы деңгейдегi жүлделердi осы шаңғы спортынын алар деп күткен едiк. Онда бiздiң жас та болса бiршама турнирлерде оза шауып жүрген Максим Однадворцев, Николай Чеботько секiлдi ұландарымыз бар едi. Қыздардан Оксана Яцкая мен Светлана Малаховалардың шоқтығы биiк тұрған. Сонымен бiрге қыздар хоккей құрамасы да алтыннан үмiткер саналатын.

            Азиада басталуға екi-үш күн қалғанда бiр қызық жағдай болды. Қазақстан құрамасының тұғырдан секiрушi жiгiттерi Павел Гайдук пен Станислав Филимонов жарыстан шеттетiлетiндей қауiпке душар болды. Себебi, олардың киетiн комбинизондары өздерiне үлкенiрек боп шыққан. Жазда Әлем бiрiншiлiгiне қатысар алдында тiктiрген киiмдерi қысқа қарай кеңейiп кеткен. Соған қарағанда спортшылар Азиада алдында бiраз тер төгiп жаттыққан секiлдi.       

ШАҢҒЫШЫЛАР ЕЛ ҮМIТIН АҚТАДЫ

Жапонияның Аомори қаласы өзге де ел қалаларынан ерекшелiгi жоқ, шағын ғана қала-тұғын. Қысқы спорты кеңiнен дамыған өлке Ақ ойындарды өткiзу құқығын бәсекелессiз жеңiп алды. Сондай-ақ, 17 мемлекеттен келген спортшылар Аомориден басқа Аджигасаве, Иваки, Овани, Мисаве, Хачинохи сынды қалалардың спорт кешендерiнде бақ сынады. 31– қаңтар күнi салтанатты ашылуы өткен жарыс 8-ақпанға дейiн жалғасты. Дәл сол ашылу болған күнi-ақ Қазақстан командасының спортшылары алғашқы жеңiске қол жеткiзiп үлгердi. Хоккейшi қыздарымыз қарсыластары Солтүстiк Кореялықтарды 3:2 есебiмен тiзе бүктiрдi. Ал алғашқы алтынды 5 шақырымға классикалық жүгiруде шаңғышы қызымыз Светлана Малахова–Шишкина олжалады. Жалпы, бұл жарыс түгелiмен Қазақстанның еншiсiне бұйырды. €йткенi, Малаховадан 1,2 секундқа қалып қойған Оксана Яцкая екiншi келсе, үшiншi орын да отандасымыз Елена Антоноваға тиесiлi болды. Екiншi алтын да көп күттiрмей 10 шақырымдық жүгiруде шаңғышы Андрей Головкоға берiлдi. Дәл осы сында жарыс жолына шыққан жерлестерiмiз Максим Однадворцев пен Дмитрий Еременко қалған медальдердi де Қазақстан қоржынына салды. Мiне, осының арқасында бiздiң команда 4 ақпан күнi жалпы командалық есепте 2-орынға шыққан. Жинаған 8 медальдiң 7-еуi шаңғы спортынан болды. Ал қалған бiр жүлденi конькишi Радик Бикчентаев 5000 метрлiк қашықтықта ұтып алды. 

Жандос Смайлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға