Жаңалықтар

Смирнов және оның командасы

Шаңғы трассасының Владимир Смирнов пайда болған бөлiгiнде телекамера мен фотожурналистер аса назармен жұмыс iстедi. Бұл бәсекеде бiздiң Олимпиада чемпионымыз басты жұлдыздың бiрi едi. 10 шақырымға классикалық әдiспен жүгiрген отандасымыз ақ Азиаданың алтынын мойынға iлсе, 15 шақырымда күмiспен күптелдi. Жалпы, шаңғы спортының бiздiң ел үшiн берген табысы аз емес. Көп жылдардан берi ел шаңғы спортының Азия құрлығында жоғарғы беделде екенi бекер еместiгi осында айқындалды. Барлығы алты алтынның бесеуi бiздiң құшағымызда кеттi. 10 шақырымдық ерлер мен әйелдер эстафетасында бiзге тең келер ешкiм болмады. Оған қоса 15 шақырымдағы ерлер сайысындағы Андрей Невзоров пен 10 шақырымдағы Светлана Малахова – Шишкинаның қос алтынын айтыңыз. Қазақстанның қоржынына бұйырмаған жалғыз алтын ол – 5 шақырымға классикалық әдiспен әйелдер жүгiрiсiндегi медаль едi. Бұл жолы Малахованың алдын ораған жапон қызы Симико Якаяма тұғын. Конгвондағы елеулi жеңiстердiң бiрi биатлоншы ұл-қыздарымыздың еншiсiнде. Жекелей сында оза шауып, мәре сызығын бiрiншi кескенiмiз болмағанмен, командалық жарыста қарсылас бiткенге дес бермедiк. 7,5 шақырымға шыққан ерлер мен әйелдер ұжымы алтынды қанжығаларына байлады.  Конькишi жiгiт Радик Бикчентаевтың 5000 метр қашықтықта топ жаруы көптен күткен олжа едi. өйткенi, соңғы Олимпиада мен Әлем кубоктарында жолы болмай жүрген Радиктiң бұл жолы бағы ашылар деп күткенбiз. Бикчентаев сенiмдi ақтап, қазақстанның «алтындар» деген бағанасына өз үлесiн қосты. Қысқы спорт дегенде алдымен көпшiлiкке танымалдау спорт деп мәнерлеп сырғанауды айтамыз. Харбинде жұптасып өнер көрсеткен Светлана Стекольникова мен Дмитрий Казарлыганың ерлiгiн осы жолы Марина Халтурина мен Андрей Крюков қайталады. Бiрақ қанша тамаша өнер көрсетiп, аға-әпкелерiнiң керемет өнерлерiн айнытпай бейнелеп берген бұл жұп өкiнiшке қарай күмiс медальмен ғана шектелдi. Мәнерлеп сырғанау спортындағы төрешiлер тарапынан кеткен қателiктер бұл ғана емес. Оңтүстiк Корея жерiндегi табыстарымызды айта отырып, кемшiн кеткен тұстарға да тоқталсақ. өйткенi осы қателiктердi бiле отырып, ертеңге қарай нық қадам бассақ ұтылмасымыз анық. өз қателiгiмiзден сабақ алсақ құба құп. Мысалы, 29 комплект медальi бар шорт-тректе жүлдеге iлiнген бiрде-бiр қазақстандық болмады. Мiне бұл спорт түрiне бөлiнген медальдер санының қомақтылығын көре отырып, неге шорт-тректi Қазақстанда да қолға алып, дамытпасқа. Сонымен 23 мемлекеттен 798 спортшы қатысып, 7 спорт түрiнен 43 медальдер жиынтығын сарапқа салған байрақты бәсеке командалық есепте Қазақстанды үшiншi орынға табан тiреттi. Еншiмiзде 10 алтын, 8 күмiс, 7 қола медаль. Жалпы медальдерiмiз 25 болғанымен, жарыс қожайындарынан бiр ғана «алтынға» кем қалып қойдық. Бiз бүгiнгi әңгiмемiздi қорытындылай келе бұл жарыстың мемлекеттер үшiн маңыздылығы мен халықтық бұқаралық спорттың сыр-сипатын барынша ашпақ болдық. Тарих беттерiнен алынған бұл мәлiметтер әлi талай жыр болып айтылар, тек осыдан өзiмiздiң даңқты спортшыларымыздың ерлiктерi мен олар жүрiп өткен сара жолдардан айнымасақ.... Жандос Смайлов.  
14.06.2013 09:30 2974

Шаңғы трассасының Владимир Смирнов пайда болған бөлiгiнде телекамера мен фотожурналистер аса назармен жұмыс iстедi. Бұл бәсекеде бiздiң Олимпиада чемпионымыз басты жұлдыздың бiрi едi. 10 шақырымға классикалық әдiспен жүгiрген отандасымыз ақ Азиаданың алтынын мойынға iлсе, 15 шақырымда күмiспен күптелдi. Жалпы, шаңғы спортының бiздiң ел үшiн берген табысы аз емес. Көп жылдардан берi ел шаңғы спортының Азия құрлығында жоғарғы беделде екенi бекер еместiгi осында айқындалды. Барлығы алты алтынның бесеуi бiздiң құшағымызда кеттi. 10 шақырымдық ерлер мен әйелдер эстафетасында бiзге тең келер ешкiм болмады. Оған қоса 15 шақырымдағы ерлер сайысындағы Андрей Невзоров пен 10 шақырымдағы Светлана Малахова – Шишкинаның қос алтынын айтыңыз. Қазақстанның қоржынына бұйырмаған жалғыз алтын ол – 5 шақырымға классикалық әдiспен әйелдер жүгiрiсiндегi медаль едi. Бұл жолы Малахованың алдын ораған жапон қызы Симико Якаяма тұғын.

Конгвондағы елеулi жеңiстердiң бiрi биатлоншы ұл-қыздарымыздың еншiсiнде. Жекелей сында оза шауып, мәре сызығын бiрiншi кескенiмiз болмағанмен, командалық жарыста қарсылас бiткенге дес бермедiк. 7,5 шақырымға шыққан ерлер мен әйелдер ұжымы алтынды қанжығаларына байлады. 

Конькишi жiгiт Радик Бикчентаевтың 5000 метр қашықтықта топ жаруы көптен күткен олжа едi. өйткенi, соңғы Олимпиада мен Әлем кубоктарында жолы болмай жүрген Радиктiң бұл жолы бағы ашылар деп күткенбiз. Бикчентаев сенiмдi ақтап, қазақстанның «алтындар» деген бағанасына өз үлесiн қосты.

Қысқы спорт дегенде алдымен көпшiлiкке танымалдау спорт деп мәнерлеп сырғанауды айтамыз. Харбинде жұптасып өнер көрсеткен Светлана Стекольникова мен Дмитрий Казарлыганың ерлiгiн осы жолы Марина Халтурина мен Андрей Крюков қайталады. Бiрақ қанша тамаша өнер көрсетiп, аға-әпкелерiнiң керемет өнерлерiн айнытпай бейнелеп берген бұл жұп өкiнiшке қарай күмiс медальмен ғана шектелдi. Мәнерлеп сырғанау спортындағы төрешiлер тарапынан кеткен қателiктер бұл ғана емес.

Оңтүстiк Корея жерiндегi табыстарымызды айта отырып, кемшiн кеткен тұстарға да тоқталсақ. өйткенi осы қателiктердi бiле отырып, ертеңге қарай нық қадам бассақ ұтылмасымыз анық. өз қателiгiмiзден сабақ алсақ құба құп. Мысалы, 29 комплект медальi бар шорт-тректе жүлдеге iлiнген бiрде-бiр қазақстандық болмады. Мiне бұл спорт түрiне бөлiнген медальдер санының қомақтылығын көре отырып, неге шорт-тректi Қазақстанда да қолға алып, дамытпасқа.

Сонымен 23 мемлекеттен 798 спортшы қатысып, 7 спорт түрiнен 43 медальдер жиынтығын сарапқа салған байрақты бәсеке командалық есепте Қазақстанды үшiншi орынға табан тiреттi. Еншiмiзде 10 алтын, 8 күмiс, 7 қола медаль. Жалпы медальдерiмiз 25 болғанымен, жарыс қожайындарынан бiр ғана «алтынға» кем қалып қойдық.

Бiз бүгiнгi әңгiмемiздi қорытындылай келе бұл жарыстың мемлекеттер үшiн маңыздылығы мен халықтық бұқаралық спорттың сыр-сипатын барынша ашпақ болдық. Тарих беттерiнен алынған бұл мәлiметтер әлi талай жыр болып айтылар, тек осыдан өзiмiздiң даңқты спортшыларымыздың ерлiктерi мен олар жүрiп өткен сара жолдардан айнымасақ....

Жандос Смайлов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға