Жаңалықтар

Шорт-трек

Алты алаштың дегбiрiн қашырған Ақ Азиада. Халықаралық деңгейдегi қарымды жарысын алаш жұрты қар спортынан бастағалы жатыр. Таяуда, яғни, төрт жарым айдан кейiн VII Қысқы Азия ойындарының тұсауы кесiлгелi жатыр. Әзiрге АОК мүшелiгiне кiретiн 32 мемлекет Азиадаға қатысуға ниет бiлдiрдi. Қысқы Азия ойындарында спорттың 11 түрiнен 69 медаль сарапқа салынады. Ендi газетiмiздiң алдағы сандарында Азиада бағдарламасына кiретiн қысқы спорт түрлерiнiң әрқайсысының тарихына терең үңiлгендi ж˜н санап отырмыз. Соның бiрi қысқы спорт түрлерiнiң iшiнде кеңiнен танымал – шорт-тректi айтып ˜тсек болады.   Шорт-трек спорты негiзiнен конькимен жүгiру жарысының бiр түрi. Алайда, шорт-трек спортында конькишiлер ұзақтыққа емес, қысқа қашықтықта әрi жылдамдыққа жарысады. «Short Track» с˜зiн ағылшын тiлiнен аударғандағы мағынасының өзi «қысқа қашықтық» дегендi бiлдiредi.  Шорт-трек спортының пайда болғанына ғасырдан асыпты. Алайда, ол ресми түрде халық арасына 70-жылдардан бастап таныла бастады. Конькимен жүгiру спортын егжей-тегжейлi зерттеген голландиялық маман Мартин Коолхаз шорт-трек спорты 1896-1897 жылдан бастап белгiлi болған спорт түрi екендiгiн айтады. Бiздiң пайымдауымызша, конькимен жүгiру спортының негiзi осы шорт-трек спортының пайда болуына апарып соққан. €йткенi, ұзақ қашықтыққа конькимен жүгiрушiлер дайындықтарын шыңдау үшiн қысқа қашықтыққа жылдамдыққа жарысатын болған. Алайда, бұл жаттығудың аяғы үлкен спорттың пайда болуына себебiн тигiзетiндiгiн ешкiм аңғарған жоқ. 1905 жылы ең алғаш Канадада шорт-тректен ұлттық бiрiншiлiк ˜ткен. Оның жеңiмпазы канадалық Фред Логан есiмдi спортшы болған. Одан кейiн бұл спорт түрi АҚШ-та кеңiнен насихаттала бастады. Шорт-трек спортының солтүстiк америкалық спорт түрi деп аталып кеткендiгi де сондықтан. Тек ширек ғасыр ˜ткеннен кейiн барып шорт-трек спорты Еуропаның есiгiн сығалап, ағылшын спортының қатарына ендi. Бүгiнде Ақ Олимпиада ойындарында солтүстiк америкалықтар мен еуропалықтардың шорт-тректен алдына жан салмайтындығы сондықтан. Ал, бұл спорттың сары құрлыққа қашан келгендiгi туралы да кеңiнен тоқталуға болады. Қысқы Азия ойындары қарсаңында бiзге бәсекелес ел ретiнде Қытай, Жапония және Оңтүстiк Корея сынды елдердi алуға болады. €ткен ғасырдың 40-жылдарында шорт-трек спорты Еуропадан асып, Жапонияға және Австралияға кеңiнен танымал болды. Бүгiнде Ақ Азия ойындарында жапондардың шорт-тректен қарсылас шақ келтiрмейтiндiктерiне сондықтан. Қазақ спортшылары алғаш рет Харбинде ˜нер к˜рсеткен кезде де жалпыкомандалық есепте қытай спортшыларына осы шорт-трек спортынан есе жiберiп қойды. Халықаралық стандарттарға сәйкес шорт-трек спортынан жарыс ˜тетiн жабық кешенде к˜рермендерге арналған 3 мың орындық болуы тиiс. Жақында күрделi ж˜ндеуден ˜ткен Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында осы мәселеге байланысты барлық шара жасалған.   •1892 жылы Голландияның Швенинген қаласында Халықаралық конькимен жүгiрушiлердiң одағы құрылып, алғаш конгресiн ˜ткiздi.   •1969 жылы ХКО шорт-тректен жарыс ˜ткiзудiң алғашқы халықаралық ережелерiн қабылдады.   •1975 жылы Мюнхен қаласында (Германия) ХКО шорт-трек спортының техникалық комитетiн құруды шештi.   •1976 жылы американдық конькимен жүгiрушiлер спортының қауымдастығы алғаш рет Иллинойс қаласында (АҚШ) бүкiләлемдiк деңгейде конькимен қысқа қашықтықта жылдамдыққа жүгiруден жарыс ˜ткiздi.   •1978 жылы Солихул қаласында (Ұлыбритания) тұңғыш рет ерлер мен әйелдер арасында шорт-тректен чемпионат жарыс ˜ттi.   •1981 жылы Мейдон қаласында (Франция) алғаш рет шорт-тректен Әлем бiрiншiлiгi ˜ттi.   •1988 жылы Калгари қаласында (Канада) ˜ткен Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек деңгейi жоғары спорт ретiнде олимпиада ойындарының бағдарламасына кiрдi.   •1992 жылы Альбертвилль қаласында (Франция) ˜ткен Ақ Олимпиадада негiзгi спорт ретiнде олимпиада бағдарламасына ресми түрде ендi.   Шорт-трек негiзiнен жабық кешенде ˜ткiзiлетiн спорт түрiне жатады. Сол себептi, Қысқы Азия ойындары қарсаңында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы таңдалынып алынды. Астана қаласында да шорт-трек спортына арналып арнайы стадион салынып жатыр.  Жандос Смайлов.
14.06.2013 08:55 8864

Алты алаштың дегбiрiн қашырған Ақ Азиада. Халықаралық деңгейдегi қарымды жарысын алаш жұрты қар спортынан бастағалы жатыр. Таяуда, яғни, төрт жарым айдан кейiн VII Қысқы Азия ойындарының тұсауы кесiлгелi жатыр. Әзiрге АОК мүшелiгiне кiретiн 32 мемлекет Азиадаға қатысуға ниет бiлдiрдi. Қысқы Азия ойындарында спорттың 11 түрiнен 69 медаль сарапқа салынады. Ендi газетiмiздiң алдағы сандарында Азиада бағдарламасына кiретiн қысқы спорт түрлерiнiң әрқайсысының тарихына терең үңiлгендi ж˜н санап отырмыз. Соның бiрi қысқы спорт түрлерiнiң iшiнде кеңiнен танымал – шорт-тректi айтып ˜тсек болады.

 

Шорт-трек спорты негiзiнен конькимен жүгiру жарысының бiр түрi. Алайда, шорт-трек спортында конькишiлер ұзақтыққа емес, қысқа қашықтықта әрi жылдамдыққа жарысады. «Short Track» с˜зiн ағылшын тiлiнен аударғандағы мағынасының өзi «қысқа қашықтық» дегендi бiлдiредi. 

Шорт-трек спортының пайда болғанына ғасырдан асыпты. Алайда, ол ресми түрде халық арасына 70-жылдардан бастап таныла бастады. Конькимен жүгiру спортын егжей-тегжейлi зерттеген голландиялық маман Мартин Коолхаз шорт-трек спорты 1896-1897 жылдан бастап белгiлi болған спорт түрi екендiгiн айтады. Бiздiң пайымдауымызша, конькимен жүгiру спортының негiзi осы шорт-трек спортының пайда болуына апарып соққан. €йткенi, ұзақ қашықтыққа конькимен жүгiрушiлер дайындықтарын шыңдау үшiн қысқа қашықтыққа жылдамдыққа жарысатын болған. Алайда, бұл жаттығудың аяғы үлкен спорттың пайда болуына себебiн тигiзетiндiгiн ешкiм аңғарған жоқ.

1905 жылы ең алғаш Канадада шорт-тректен ұлттық бiрiншiлiк ˜ткен. Оның жеңiмпазы канадалық Фред Логан есiмдi спортшы болған. Одан кейiн бұл спорт түрi АҚШ-та кеңiнен насихаттала бастады. Шорт-трек спортының солтүстiк америкалық спорт түрi деп аталып кеткендiгi де сондықтан. Тек ширек ғасыр ˜ткеннен кейiн барып шорт-трек спорты Еуропаның есiгiн сығалап, ағылшын спортының қатарына ендi. Бүгiнде Ақ Олимпиада ойындарында солтүстiк америкалықтар мен еуропалықтардың шорт-тректен алдына жан салмайтындығы сондықтан. Ал, бұл спорттың сары құрлыққа қашан келгендiгi туралы да кеңiнен тоқталуға болады.

Қысқы Азия ойындары қарсаңында бiзге бәсекелес ел ретiнде Қытай, Жапония және Оңтүстiк Корея сынды елдердi алуға болады. €ткен ғасырдың 40-жылдарында шорт-трек спорты Еуропадан асып, Жапонияға және Австралияға кеңiнен танымал болды. Бүгiнде Ақ Азия ойындарында жапондардың шорт-тректен қарсылас шақ келтiрмейтiндiктерiне сондықтан. Қазақ спортшылары алғаш рет Харбинде ˜нер к˜рсеткен кезде де жалпыкомандалық есепте қытай спортшыларына осы шорт-трек спортынан есе жiберiп қойды.

Халықаралық стандарттарға сәйкес шорт-трек спортынан жарыс ˜тетiн жабық кешенде к˜рермендерге арналған 3 мың орындық болуы тиiс. Жақында күрделi ж˜ндеуден ˜ткен Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында осы мәселеге байланысты барлық шара жасалған.

 

•1892 жылы Голландияның Швенинген қаласында Халықаралық конькимен жүгiрушiлердiң одағы құрылып, алғаш конгресiн ˜ткiздi.

 

•1969 жылы ХКО шорт-тректен жарыс ˜ткiзудiң алғашқы халықаралық ережелерiн қабылдады.

 

•1975 жылы Мюнхен қаласында (Германия) ХКО шорт-трек спортының техникалық комитетiн құруды шештi.

 

•1976 жылы американдық конькимен жүгiрушiлер спортының қауымдастығы алғаш рет Иллинойс қаласында (АҚШ) бүкiләлемдiк деңгейде конькимен қысқа қашықтықта жылдамдыққа жүгiруден жарыс ˜ткiздi.

 

•1978 жылы Солихул қаласында (Ұлыбритания) тұңғыш рет ерлер мен әйелдер арасында шорт-тректен чемпионат жарыс ˜ттi.

 

•1981 жылы Мейдон қаласында (Франция) алғаш рет шорт-тректен Әлем бiрiншiлiгi ˜ттi.

 

•1988 жылы Калгари қаласында (Канада) ˜ткен Қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек деңгейi жоғары спорт ретiнде олимпиада ойындарының бағдарламасына кiрдi.

 

•1992 жылы Альбертвилль қаласында (Франция) ˜ткен Ақ Олимпиадада негiзгi спорт ретiнде олимпиада бағдарламасына ресми түрде ендi.

 

Шорт-трек негiзiнен жабық кешенде ˜ткiзiлетiн спорт түрiне жатады. Сол себептi, Қысқы Азия ойындары қарсаңында Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы таңдалынып алынды. Астана қаласында да шорт-трек спортына арналып арнайы стадион салынып жатыр. 

Жандос Смайлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға