Жаңалықтар

Бір қолы жоқ америкалық қыз арулар байқауында жеңіске жетті

Таяуда америкалық Айова штатында өткен арулар байқауында бір қолы жоқ 23 жастағы бойжеткен жеңімпаз атанды. Бұл туралы СBS News телеарнасы хабарлады. Николь Келли (Nicole Kelly) сол жақ қолының білек сүйектерінсіз туған. Ол 2012 жылдың мамырында Небраска штатының Линкольндегі университетін тәмамдады. Театрлық өнердің қыр-сырын меңгер бойжеткен бүгінде Нью-Йоркта тұрады. Оның болашақтағы арманы - Бродвейде жұмыс істеу. Ақылына көркі сай Николь үшін «Айова аруы» атану күтпеген жағдай. Бірақ ол осы жеңістің арқасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне қоғамның назарын аударуға жол ашылатынын түсінуде. Енді Николь қыркүйек айында өтетін АҚШ сұлуларының тартысына қатысып, бағын сынап көрмек. ҚазАқпарат.
14.06.2013 03:56 3452

Таяуда америкалық Айова штатында өткен арулар байқауында бір қолы жоқ 23 жастағы бойжеткен жеңімпаз атанды. Бұл туралы СBS News телеарнасы хабарлады.

Николь Келли (Nicole Kelly) сол жақ қолының білек сүйектерінсіз туған. Ол 2012 жылдың мамырында Небраска штатының Линкольндегі университетін тәмамдады. Театрлық өнердің қыр-сырын меңгер бойжеткен бүгінде Нью-Йоркта тұрады. Оның болашақтағы арманы - Бродвейде жұмыс істеу.

Ақылына көркі сай Николь үшін «Айова аруы» атану күтпеген жағдай. Бірақ ол осы жеңістің арқасында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне қоғамның назарын аударуға жол ашылатынын түсінуде. Енді Николь қыркүйек айында өтетін АҚШ сұлуларының тартысына қатысып, бағын сынап көрмек.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға