Павлодарда дүниеге келген нәрестелердің 58,2 пайызы – қазақ
Павлодар облысындағы дүниеге келген нәрестелердің дені өз ұлтымыздың үлесін құрайды.
Жалпы, облыстық статистика басқармасының хабарлауынша бұл өңірде бала туудан Баянауыл ауданы алда келеді. Ал, Железин ауданының көрсеткіші төмен көрінеді. Былтыр өңірімізде 6607 ұл және 6233 қыз бала өмірге келіпті. Ұлдардың есімдері арасынан Ерасыл, Нұрәлі, Мансұр, Артем, Кирилл, Даниил жиі кездессе, қыздардың аттарынан Аружан, Ясмин, Малика, Милана, София, Анастасия есімдері көп. Жаңа туған сәбилердің арасында Байсангүр, Сократ, Эльхан, Альсаид, Ратмир, Лунара, Апполинария, Атика сияқты сирек кездесетін есімдер де бар. Өткен жылы өмірге келген нәрестелердің 58,2 пайызы қазақтың ұл-қыздары деп қуанудамыз. Үш үшем және 85 егіз бала туыпты.
"Егемен Қазақстан"