Жаңалықтар

БҰҰ: 2100 жылға қарай Жер шары тұрғындарының саны 11 млрд.-қа жетеді

2025 жылы Жер шары тұрғындарының саны 8 млрд.-тан асып түссе, ал 2100 жылы тіпті 11 млрд.-тан да артатындығы күтілуде. Халық өсімі негізінен дамушы елдер тарапынан орын алады. Халық саны қысқара түсетін Еуропаны есепке алмағанда басқа дамыған мемлекеттерде тұрғындар саны іс жүзінде тұрақты болады. Бұл жайында БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаменті дайындаған болжамда айтылған. Қазіргі үрдістер бұған дейінгі болжамдарға қарағанда Жер шары тұрғындары санының өсімі барынша қарқынды болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, 2028 жылға қарай Үндістан тұрғындар саны бойынша Қытайды басып озбақ. Аталған жылға қарай екі елдің де халық саны 1,45 млрд.-ты құрайтын болады. Ал содан кейінгі жылдары Үндістан халқы өсіп, керісінше қытайлықтар азая бастайды. Сонымен қатар БҰҰ мәліметтері бойынша адамдардың өмір сүру ұзақтығы 1950-1955 жылдардағы 47 жастан 2005-2010 жылдары 69 жасқа дейін артқан. Алдағы уақытта да өмір сүру ұзақтығы өсетіндігі болжануда. ҚазАқпарат.
14.06.2013 03:44 3433

2025 жылы Жер шары тұрғындарының саны 8 млрд.-тан асып түссе, ал 2100 жылы тіпті 11 млрд.-тан да артатындығы күтілуде.

Халық өсімі негізінен дамушы елдер тарапынан орын алады. Халық саны қысқара түсетін Еуропаны есепке алмағанда басқа дамыған мемлекеттерде тұрғындар саны іс жүзінде тұрақты болады. Бұл жайында БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаменті дайындаған болжамда айтылған.

Қазіргі үрдістер бұған дейінгі болжамдарға қарағанда Жер шары тұрғындары санының өсімі барынша қарқынды болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, 2028 жылға қарай Үндістан тұрғындар саны бойынша Қытайды басып озбақ. Аталған жылға қарай екі елдің де халық саны 1,45 млрд.-ты құрайтын болады. Ал содан кейінгі жылдары Үндістан халқы өсіп, керісінше қытайлықтар азая бастайды.

Сонымен қатар БҰҰ мәліметтері бойынша адамдардың өмір сүру ұзақтығы 1950-1955 жылдардағы 47 жастан 2005-2010 жылдары 69 жасқа дейін артқан. Алдағы уақытта да өмір сүру ұзақтығы өсетіндігі болжануда.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға