Жаңалықтар

Асылхан Төлепов жаңа фильмге түсіп жатыр

Қазақстандық режиссер Жасұлан Пошанов көп сериялы «Сұңқар» фильмін түсіріп жатыр. Фильмнің негізгі мазмұнында бала мен жылқы арасындағы достық баяндалады. Бұл туралы режиссер Tengrinews.kz тілшісіне мәлімдеді.  Пошанов бастаған түсіру тобы 10 күннен бері тау басында. Олар көп сериялы драманы тамыздың соңына дейін бітіруі тиіс. Бала мен Сұңқар атты жылқы арасындағы достық бала күнінен басталады. Есейе келе, басты кейіпкер бірқатар қиындықтарға, сатқындыққа тап болады. Алайда, оның сәйгүлігі үнемі жанынан табылады. «Бұл тарих біздің діліміз бен тәрбиемізге жақын. Бүгінге дейін адам мен жылқының достығы туралы көптеген фильмдер түсірілді, алайда біздің фильм қазақтың табиғатына жақын етіп түсіріледі. Қарапайым достық, махаббат, сатқындық туралы тарих баяндалады», - дейді режиссер. Басты рөлді «Жаужүрек мың бала» фильмінен баршаңызға мәлім Асылхан Төлепов сомдайды. Ол өз рөлін тез меңгеріп алды, жылқылармен тез тіл табыса біледі. Бұрынғы жұмыстарындағы тәжірибесі оған көп көмегін тигізді, мен оның жұмысына көңілім толады. Асылханнан бөлек, фильмде Ержан Жарылқасынов, Бауыржан Қаптағаев және Асхат Үрпеков сынды өте тәжірибелі актерлер ойнайды, дейді Пошанов. Режиссердің айтуынша, түсіру процесінде ең қиыны жануарлармен жұмыс істеу. «Фильмге барлығы шамамен 400 жуық жылқы қатыстырылады. Жақында ғана өлген ат эпизодын түсіруге тырыстық. Алайда ең қиын жұмыстар алда. Дегенмен, біз қиындықтан қорықпаймыз», - дейді режиссер. Көп сериялы фильмді күзде «Қазақстан» телеарнасынан тамашалауға болады.  Baq.kz
13.06.2013 12:46 3497

Қазақстандық режиссер Жасұлан Пошанов көп сериялы «Сұңқар» фильмін түсіріп жатыр. Фильмнің негізгі мазмұнында бала мен жылқы арасындағы достық баяндалады. Бұл туралы режиссер Tengrinews.kz тілшісіне мәлімдеді. 

Пошанов бастаған түсіру тобы 10 күннен бері тау басында. Олар көп сериялы драманы тамыздың соңына дейін бітіруі тиіс. Бала мен Сұңқар атты жылқы арасындағы достық бала күнінен басталады. Есейе келе, басты кейіпкер бірқатар қиындықтарға, сатқындыққа тап болады. Алайда, оның сәйгүлігі үнемі жанынан табылады.
«Бұл тарих біздің діліміз бен тәрбиемізге жақын. Бүгінге дейін адам мен жылқының достығы туралы көптеген фильмдер түсірілді, алайда біздің фильм қазақтың табиғатына жақын етіп түсіріледі. Қарапайым достық, махаббат, сатқындық туралы тарих баяндалады», - дейді режиссер.
Басты рөлді «Жаужүрек мың бала» фильмінен баршаңызға мәлім Асылхан Төлепов сомдайды. Ол өз рөлін тез меңгеріп алды, жылқылармен тез тіл табыса біледі. Бұрынғы жұмыстарындағы тәжірибесі оған көп көмегін тигізді, мен оның жұмысына көңілім толады. Асылханнан бөлек, фильмде Ержан Жарылқасынов, Бауыржан Қаптағаев және Асхат Үрпеков сынды өте тәжірибелі актерлер ойнайды, дейді Пошанов.
Режиссердің айтуынша, түсіру процесінде ең қиыны жануарлармен жұмыс істеу. «Фильмге барлығы шамамен 400 жуық жылқы қатыстырылады. Жақында ғана өлген ат эпизодын түсіруге тырыстық. Алайда ең қиын жұмыстар алда. Дегенмен, біз қиындықтан қорықпаймыз», - дейді режиссер.
Көп сериялы фильмді күзде «Қазақстан» телеарнасынан тамашалауға болады. 

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға