"Қазақстанның 7 кереметі" фотоконкурсы
Алыстан менмұндалаған мұнаралар, арқасын көкке жалатқан күмбездер, басын қар шалған шыңырау биіктер, табанында тұлпарлардың ізі қалған жазықтар, зәулім сарайлар, биік ағаштар, жағасы шалғын, арыны топтан озған арғымақтай арқыраған өзендер, тұңғиық терең көлдер, мидай шөлдер, күмбір-күмбір кесенелер мен мазарлар, балбал тастар, көненің көзі, ескінің өзіне айналған тарихи ескерткіштер, көлдердің қақ ортасынан мұзтаудай оқшауланған төбелер қазақ даласында жетіп артылады. Көрген көзді қандыратын кереметтерді өз топырағымыздан да тауып алуға болады. Тек оны байқап, басқаға жеткізе білу керек. Таңданып қана қоймай, сол сұлу көріністерді басқалармен де бөлісіңіз, өйткені жақсыны көрмек үшін.
Осы ретте el.kz әлеуметтік желісі ұжымы тарихи, мәдени, сәулет және табиғи объектілер арасынан 7 кереметті анықтау қажет деген шешімге келді. Қатысып, жүлде алыңыздар! Сіз түсірген бір фото Қазақстанның жеті кереметінің біріне айналуына атсалысыңыз!
Конкурс мәресіне жетті!
2013 жылдың 26 тамызында жеңімпаздарды құттықтау рәсімі өтеді.
1 орын: Анар Әжіғалиева, Қостанай облысы, Арқалық қаласы.
2 орын: Ердан Оралбай, г. Алматы.
3 орын: Қолғанатова Айгүл, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.