Астана халқының саны 770 мыңнан асып жығылды
Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтау орталығынан хабарлады.
«Ұсынылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылдың бес айында өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда елорда халқының саны 3 пайызға артты. Еліміздің бас қаласында 401 758 әйел тұрса, ерлердің қатары 376 508 адамды құрайды. Бұл барлық халықтың 51,52 және 48,48 пайызы», - делінген хабарламада.
Орталықтың ақпараты бойынша, Астанада 18 жастан жоғары ересектердің қатары басым - 580 208 адам (74,55 пайыз), 14 жасқа дейінгі балалар 171 366 (22,02 пайыз) құрайды. Астаналықтардың жартысына жуығы немесе 364 396 адам «Алматы» ауданында, 40,8 пайызы «Сарыарқа» ауданында түтін түтетіп отыр. Ал елорданың ең жас «Есіл» ауданында қалалықтардың 13,6 пайызы тұрады.
ҚазАқпарат.