Астанада үш айда 7000 сәби дүниеге келді
«2013 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда Астана қаласының халқының саны 10 068 адамға, соның ішінде Алматы ауданы - 714 адамға, Есіл ауданы - 3 339 адамға, Сарыарқа ауданы - 6 015 адамға өсті», - деп хабарлайды департаменттен.
Сондай-ақ, ведомство 2013 жылдың бірінші тоқсанында - қаңтар - сәуір айлары халықтың табиғи өсімі - 5 728 адам, көші-қон есебінен - 4 340 адам болғанын атап көрсетеді.
Өткен жылдың осы кезеңіндегі бірінші тоқсанмен салыстырғанда туу мен өлім-жітімнің өскендігі де байқалады. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 19,8%-ға артып, 5 728 адамға жеткен.
«2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында Астана қаласы бойынша 6 919 сәби тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға артық. Сондай-ақ, осы аралықта 1 191 адам өлімі тіркелген. Бұл 2012 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2%-ға артық», - деп атап өтті ведомствадан.
Қаңтар-сәуір айларында 1 жасқа дейін шетінеген сәбилер саны - 58. Бұл 2012 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 12-ге кем. 1 жасқа дейінгі сәбилердің шетінеу коэффицинті 1000 жаңа туған сәбиге шаққанда (2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында - 11,72) 8,38 болды.
Тұрғындар арасындағы өлімнің негізгі себептері бұрынғысынша, қан айналымы жүйесінің бұзылуы - 39,3%, жаңадан пайда болған аурулар - 18,3%, бақытсыз оқиға, улану мен жарақаттан көз жұму - 14,5% болуда.
2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдарына тіркелген неке қиюшылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 8,2%-ға, ажырасқандар саны - 13,4%-ға өскен.
ҚазАқпарат.