Жаңалықтар

Мәдениет пен спорт

2012 жылы өткізілген мәдени-демалу іс-шараларының жалпы саны 8 200 іс-шараны құрайды, мәдениет мекемелеріне келушілердің саны - 2 500 000 адам. Жалпы алғанда, 2012 жыл «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» және «Астана - Татуластықтың мәдени астанасы» деген атаумен өтті. Өткен жылы елорда театрларында 32 жаңа театрлық және хореографиялық қойылымдардың премьерасы өтті. Бұқаралық байқаулар және фестивальдер өткізілді - «Жас қанат» жас орындаушылар байқауы, «Астана-2012» авторлық әндер фестивалі, «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі, Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтың патронажымен «Accordi di Astana» халықаралық пианист балалар байқауының тұсаукесері. Астана қаласының мәдениет мекемелері мен шығармашылық ұжымдары «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» және «Астана - Татуластықтың мәдени астанасы» жобаларымен байланысты іс-шараларға қатысты. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Спорт Дене тәрбиесін және спортты одан әрі дамыту мақсатында оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, спорт клубтары және басқа да спорт-бұқаралық және сауықтыру қызметінің орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде. Спорт залдарын, ашық және тегіс спорт имараттарын, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы оңалту орталықтары жобасы қорының оқу-жаттықтыру орталығын, «Бастау» балалардың спорттық күрес клубы спорт кешенін, аулалық аумақтарды және мектеп жанындағы учаскелерді салу есебінен спорт имараттарының саны 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 17 бірлікке артты. 2012 жылы халықтың физикалық дайындығының президенттік тестілері нормативтерін тапсыруда 106 106 адам қатысты, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға көп, қала халқын қамту - 15%. Тестілердің қорытындылары бойынша 1936 адам немесе қатысушылардың 3% нормативтерді Президенттік деңгейде, 7% Ұлттық дайындық деңгейінде тапсырды.  
12.06.2013 09:34 3869
2012 жылы өткізілген мәдени-демалу іс-шараларының жалпы саны 8 200 іс-шараны құрайды, мәдениет мекемелеріне келушілердің саны - 2 500 000 адам.
Жалпы алғанда, 2012 жыл «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» және «Астана - Татуластықтың мәдени астанасы» деген атаумен өтті. Өткен жылы елорда театрларында 32 жаңа театрлық және хореографиялық қойылымдардың премьерасы өтті. Бұқаралық байқаулар және фестивальдер өткізілді - «Жас қанат» жас орындаушылар байқауы, «Астана-2012» авторлық әндер фестивалі, «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі, Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуевтың патронажымен «Accordi di Astana» халықаралық пианист балалар байқауының тұсаукесері.
Астана қаласының мәдениет мекемелері мен шығармашылық ұжымдары «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» және «Астана - Татуластықтың мәдени астанасы» жобаларымен байланысты іс-шараларға қатысты.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жүргізіледі.
Спорт
Дене тәрбиесін және спортты одан әрі дамыту мақсатында оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, спорт клубтары және басқа да спорт-бұқаралық және сауықтыру қызметінің орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Спорт залдарын, ашық және тегіс спорт имараттарын, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы оңалту орталықтары жобасы қорының оқу-жаттықтыру орталығын, «Бастау» балалардың спорттық күрес клубы спорт кешенін, аулалық аумақтарды және мектеп жанындағы учаскелерді салу есебінен спорт имараттарының саны 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 17 бірлікке артты.
2012 жылы халықтың физикалық дайындығының президенттік тестілері нормативтерін тапсыруда 106 106 адам қатысты, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға көп, қала халқын қамту - 15%. Тестілердің қорытындылары бойынша 1936 адам немесе қатысушылардың 3% нормативтерді Президенттік деңгейде, 7% Ұлттық дайындық деңгейінде тапсырды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға