Жаңалықтар

Самбодан әлем чемпионы өзінің жеңіп алған белбеуіне асылып өлді

Самбодан әлем чемпионы және самбо мен дзюдодан Әзербайжанның бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері Ахад Раджабали асылып өлді, деп хабарлайды РосБизнес Консалтинг. Қайғылы оқиға өткен сенбі, 8 маусым күні Сумгайытте болды. Спортшы белдесуде жеңіп алған қара белбеуіне асылып, көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Раджабли өзіне қол жұмсамас бұрын әйелін жақын жердегі дүкендердің біріне нан алып келуге жіберген. Спортшы суицидті сол уақытта жасаған. Аталмыш факті бойынша Әзербайжанның Қылмыстық кодексінің 125-бабы  бойынша (Өз-өзін өлімге итермелеу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Прокуратурада мәлім еткендей, алдын ала болжам бойынша, өз-өзіне қол салудың себебі жүйке жүйесінің күйзелісі болды.   1962 жылы туған Ахад Раджабли дзюдомен 12 жасынан шұғылданды. Ол Әзербайжанда дзюдо мектебінің негізін қалаған Ахмед Раджаблидің ағасы болып табылады. ҚазАқпарат.
11.06.2013 05:26 2856

Самбодан әлем чемпионы және самбо мен дзюдодан Әзербайжанның бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері Ахад Раджабали асылып өлді, деп хабарлайды РосБизнес Консалтинг.

Қайғылы оқиға өткен сенбі, 8 маусым күні Сумгайытте болды. Спортшы белдесуде жеңіп алған қара белбеуіне асылып, көз жұмды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Раджабли өзіне қол жұмсамас бұрын әйелін жақын жердегі дүкендердің біріне нан алып келуге жіберген. Спортшы суицидті сол уақытта жасаған.

Аталмыш факті бойынша Әзербайжанның Қылмыстық кодексінің 125-бабы  бойынша (Өз-өзін өлімге итермелеу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Прокуратурада мәлім еткендей, алдын ала болжам бойынша, өз-өзіне қол салудың себебі жүйке жүйесінің күйзелісі болды.  

1962 жылы туған Ахад Раджабли дзюдомен 12 жасынан шұғылданды. Ол Әзербайжанда дзюдо мектебінің негізін қалаған Ахмед Раджаблидің ағасы болып табылады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға