Жаңалықтар

Қымыз бен шұбаттың адам денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартуға ықпалы өте зор

Қазақтың қымызы мен шұбатының адам ағзасының ауруға қарсы иммунитетін арттыруда баламасы жоқ. Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявскийдің айтуынша, қышқыл сүт өнімдерінің пайдасын ғылым әлдеқашан мойындаған. Тек оны жаппай қолданысқа енгізу мәселесі ақсап тұр. «Кеңестік дәуірде барлық шаруашылықтарда ветеринарлар жұмыс жасайтын. Төрт түлік өз уақытында дәріленіп, жұқпалы аурулардың алдын алу жұмысы жоғары деңгейде жүргізілетін. Сондықтан қазір экологиялық жағынан таза және сапалы сүт өнімдерімен халықты қамтамасыз ету мәселесі күрделеніп кетті. Қазақ тағамтану академиясы белгілеген норма бойныша әр адам күніне орта есеппен 700 грамм сүт ішу керек. Немесе оның орнын 50 грамм сыр жеп, 150 грамм сүт пен 250 грамм йогурт ішу арқылы толтыруға болады. Өкінішке орай, сүт өнімдерін тұтыну көлемі елімізде белгіленген мөлшердің 40 пайызын ғана құрап отыр», - дейді Ю. Синявский. Ғалымдардың пайымдауынша, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыста қышқыл сүт өнімдерін өндіретін кемінде бір-бір зауыт салу керек. Өйткені онда тірі бактериялар болады. Олар ағзадағы қауіпті бактерияларды өлтіру арқылы, дене мүшелерінің ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ал сүттің сапасының төмендеуіне байланысты, оның қазір пайдасынан гөрі зиян келтіру қаупі басым болып тұр. Сондай-ақ құрамында түрлі қоспалары мен дәмдеуіштері бар сүт өнімдерінің үлесі жыл өткен сайын артып келе жатқанын да естен шығаруға болмайды. Мәселен, тек Алматы қаласының өзіне тәулігіне 20 тонна қышқыл сүт өнімдері керек. Қазір бұл сұраныс ауыл тұрмақ, қаланың өзінде жеткілікті қамтамасыз етілмеген. ҚазАқпарат.
11.06.2013 03:35 3890

Қазақтың қымызы мен шұбатының адам ағзасының ауруға қарсы иммунитетін арттыруда баламасы жоқ. Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявскийдің айтуынша, қышқыл сүт өнімдерінің пайдасын ғылым әлдеқашан мойындаған. Тек оны жаппай қолданысқа енгізу мәселесі ақсап тұр.

«Кеңестік дәуірде барлық шаруашылықтарда ветеринарлар жұмыс жасайтын. Төрт түлік өз уақытында дәріленіп, жұқпалы аурулардың алдын алу жұмысы жоғары деңгейде жүргізілетін. Сондықтан қазір экологиялық жағынан таза және сапалы сүт өнімдерімен халықты қамтамасыз ету мәселесі күрделеніп кетті. Қазақ тағамтану академиясы белгілеген норма бойныша әр адам күніне орта есеппен 700 грамм сүт ішу керек. Немесе оның орнын 50 грамм сыр жеп, 150 грамм сүт пен 250 грамм йогурт ішу арқылы толтыруға болады. Өкінішке орай, сүт өнімдерін тұтыну көлемі елімізде белгіленген мөлшердің 40 пайызын ғана құрап отыр», - дейді Ю. Синявский.

Ғалымдардың пайымдауынша, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әрбір облыста қышқыл сүт өнімдерін өндіретін кемінде бір-бір зауыт салу керек. Өйткені онда тірі бактериялар болады. Олар ағзадағы қауіпті бактерияларды өлтіру арқылы, дене мүшелерінің ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ал сүттің сапасының төмендеуіне байланысты, оның қазір пайдасынан гөрі зиян келтіру қаупі басым болып тұр. Сондай-ақ құрамында түрлі қоспалары мен дәмдеуіштері бар сүт өнімдерінің үлесі жыл өткен сайын артып келе жатқанын да естен шығаруға болмайды. Мәселен, тек Алматы қаласының өзіне тәулігіне 20 тонна қышқыл сүт өнімдері керек. Қазір бұл сұраныс ауыл тұрмақ, қаланың өзінде жеткілікті қамтамасыз етілмеген.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға