Шарап, шарасыздық, төзімділік, қадір-қасиет туралы
Шарап туралы
Мас адамда ақыл болмайды.
Жүсіп Баласағұн
Шараптан - мың пәле түсер ізіңе,
Зинақорлық - түкіртеді жүзіңе.
Жүсіп Баласағұн
Шарап ішпе - жүр пәледен қашықта,
Байқа, атанба зинақор да, пасық та.
Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,
Олар тонын кедейліктің кигізер.
Жүсіп Баласағұн
Ішпе шарап, әйел қуып арыма - дақ түсірер бұлар беттің арына.
Жүсіп Баласағұн
Шарап деген - білім мен ақылға жау, шараптың шатағы сол - ұрыс пен дау.
Жүсіп Баласағұн
Ішке шарап барса -сөзді шашынан сүйреп шығарады.
Жүсіп Баласағұн
Шарасыздық, дәрменсіздік туралы |
Өз басыңа жау келсе - ерлігің зая, өз басыңа дау келсе - билігің зая. Би-шешендер Пышақ қанша өткір болғанымен өз сабын өзі жона алмайды. Махмұд Қашқари Ауруын жасырған - ажалсыз өледі, Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді. Қазыбек Келдібекұлы
|
Төзімділік, шыдамдылық туралы
Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады.
Мұтар Әуезов
Іздессең - табарсың, алыссаң - аларсың.
Мұтар Әуезов
Жүзіне шыдаған, жүз біріне де шыдайды.
Мақал - мәтел
Төзімді тілегіне жетеді.
Құтып
Қанша асықсаң да - мезгілі жетпей іс бітпейді.
Құтып
Қадір-қасиет туралы
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамаңдар ел қадірін не білсін.
Асан қайғы
Көшіп-қонып көрмеген - жер қадірін не білсін, көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, ақылыңа көнбеген - жұрт қадірін не білсін?!
Асан қайғы
Жігіт қадірі - өнерімен өлшенер болар.
Мұхтар Әуезов
Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет.
Мұхтар Әуезов
Адам ірілігі - бір сипат емес, ішкі-тысқы сан сипат қасиеттерден құралады.
Мұхтар Әуезов
Тірлігінде қадірлемей, өлгенінде жылағаның құрысын.
Мақал - мәтел
Алтынның қолда барда қадірі жоқ.
Мақал - мәтел
Келіннің бетін кім ашса - сол ыстық.
Мақал - мәтел
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
Мақал - мәтел
Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын.
Мақал - мәтел
Берілі таудан аспаған, бедеуге қамшы баспаған, алысқа сапар шекпеген - ат қадірін білмейді; жақсы тамақ ішпеген, жайлы орынға түспеген - жат қадірін білмейді; қыста соғым соймаған, қозы етіне тоймаған - ас қадірін білмейді.
Би-шешендер
Көлде жүрген қоңыр қаз - шөл қадірін не білсін, шөлде жүрген дуадақ - көл қадірін не білсін.
Би-шешендер
Амандықта қадір жоқ - алдырған күні білерсің,
Денсаулықта қадір жоқ - ауырған күні білерсің.
Қолда бар жақсының қадірі жоқ - айырылған күні білерсің.
Би-шешендер
Өлгенді қадір етсек - қанға рауа.
Шәңгерей Бөкеев
Қадіріңді кетірме:ол - сенің таптырмас байлығың.
Сайф Сарайи
Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.
Құтып
Адамға тән бір жақсы қасиет - өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы