Жаңалықтар

Ғылым-білім, өнер туралы-1

  Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы. Мақал - мәтел Білім - таусылмайтын кең, ақыл - аздырмайтын ем. Би-шешендер Біліктінің орны - төр. Сайф Сарайи Білім - ердің дәулеті. Сайф Сарайи Ол үшін ғылым-ұлы мақсат емес күнкөріс қамы еді. Ол - мұз айдынындай жалтыраған үстел үстінде шыр айналған  қайнаған жұмыртқадай епті кісі еді. Олжас Сүлейменов Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік. Олжас Сүлейменов Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін. Олжас Сүлейменов Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек. Олжас Сүлейменов Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді, Осылай шежіреден көрінеді. Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос, Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді. Шет шығып сахарадан баспас қадам, Болады бүйтіп жүріп қашан адам? Бейхабар ғаламдағы хикматтан, Тұтқындай қапастағағы күні қараң. Міржақып Дулатов Ғылым үйрен - көзің ашылады. Міржақып Дулатов Өзің білгенінді - халқыңа үйрет. Міржақып Дулатов Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ. Міржақып Дулатов Дариға, жігіт қайда өнер тапқан, Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан? Міржақып Дулатов Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде. Құтып Біліктіні білгені үшін сыйлайды. Құтып Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу. Әбу Нәсір әл-Фараби Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады. Әбу Нәсір әл-Фараби Шын білім - ақиқат, анық білім. Әбу Нәсір әл-Фараби Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды. Әбу Нәсір әл-Фараби Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. Әбу Нәсір әл-Фараби Өнер біткеннің бәрі бірдей - бір адамның құшағына сыймайды. Әбу Нәсір әл-Фараби Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз - өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру. Әбу Нәсір әл-Фараби Музыка - рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті - адамның эстетикалық қажетін өтеу. Әбу Нәсір әл-Фараби Білімдінің - аты өсер, білімсіздің - аты өшер. Жүсіп Баласағұн Адамды білім сақтайды. Жүсіп Баласағұн Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан. Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан. Жүсіп Баласағұн Мәдениеттің мәйегі - кітап. Шерхан Мұртаза Күй астарында терең философиялық ойлар жатады. Сағат Әшімбаев Күй атасы - Қорқыт. Мұхтар Әуезов «Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды. Мұзафар Әлімбаев Құсбегілік - аңшылықтың ең көне түрі. Олжас Сүлейменов  Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
06.05.2013 06:14 6725

 

Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы.

Мақал - мәтел

Білім - таусылмайтын кең, ақыл - аздырмайтын ем.

Би-шешендер

Біліктінің орны - төр.

Сайф Сарайи

Білім - ердің дәулеті.

Сайф Сарайи

Ол үшін ғылым-ұлы мақсат емес күнкөріс қамы еді. Ол - мұз айдынындай жалтыраған үстел үстінде шыр айналған  қайнаған жұмыртқадай епті кісі еді.

Олжас Сүлейменов

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Олжас Сүлейменов

Шынайы ғылымда атақ пен дәреже дәлелге жүре алмайды. Ал қателік пен надандық кейде қол ұстасып кетуі мүмкін.

Олжас Сүлейменов

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Олжас Сүлейменов

Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,

Осылай шежіреден көрінеді.

Саны көп, сапасы жоқ, һәммадан бос,

Ғылымға мойын ұсынбай ерінеді.

Шет шығып сахарадан баспас қадам,

Болады бүйтіп жүріп қашан адам?

Бейхабар ғаламдағы хикматтан,

Тұтқындай қапастағағы күні қараң.

Міржақып Дулатов

Ғылым үйрен - көзің ашылады.

Міржақып Дулатов

Өзің білгенінді - халқыңа үйрет.

Міржақып Дулатов

Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.

Міржақып Дулатов

Дариға, жігіт қайда өнер тапқан,

Жан қиып, қызмет қылып, халыққа жаққан?

Міржақып Дулатов

Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде.

Құтып

Біліктіні білгені үшін сыйлайды.

Құтып

Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбіңнен көп алыста жатады.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Шын білім - ақиқат, анық білім.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқырлы ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы - айқын, ерік-жігері - зор, тілек-мақсаты - ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Өнер біткеннің бәрі бірдей - бір адамның құшағына сыймайды.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Өнердің теориясын меңгеру дегеніміз - өнерге қатысты мәселелерді ақыл арқылы ұғыну және талғам қабілетін игеру.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Музыка - рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті - адамның эстетикалық қажетін өтеу.

Әбу Нәсір әл-Фараби

Білімдінің - аты өсер, білімсіздің - аты өшер.

Жүсіп Баласағұн

Адамды білім сақтайды.

Жүсіп Баласағұн

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Көңіл - терең теңіз, білім - тереңінде жатқан інжу-маржан.

Жүсіп Баласағұн

Мәдениеттің мәйегі - кітап.

Шерхан Мұртаза

Күй астарында терең философиялық ойлар жатады.

Сағат Әшімбаев

Күй атасы - Қорқыт.

Мұхтар Әуезов

«Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды.

Мұзафар Әлімбаев

Құсбегілік - аңшылықтың ең көне түрі.

Олжас Сүлейменов

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға