Жаңалықтар

Облыс туралы жалпы мәліметтер

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы 14 қарашада құрылған. Жерінің аумағы 144,3 мың км2, тұрғыны 1,04 млн. адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,2 адамнан келеді (2010). Батысында Оңтүстік Қазақстан, солтүстігінде Қарағанды, шығысында Алматы облыстарымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Облыс аумағындағы 383 елді мекен 10 әкімшілік ауданға, 4 қалаға, 13 кенттік және 82 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Тараз қаласы. Жамбыл облысының көп бөлігі жазық. Шу өзені аңғарынан солтүстікке қарай Сарыарқаға дейінгі кең өңірді сазды, ұсақ шоқылы Бетпақдала шөлі (ең биік жері Байқара тауы, 665 м), Шу – Талас өзені аралығын төбешікті-қырқалы құмды Мойынқұм шөлі алып жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау жотасы (1600 м), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы (1400 м), оңтүстік- шығысында Желтау, Айтау таулары Іле Алатауына ұласып кетеді. Жер қойнауынан газ, фосфорит, түсті металдар (алтын, күміс), тас көмір, барит, гипс, селитра, ас тұзы, әр түрлі құрылыс материалдары барланған. Климаты тым континенттік: солтүстік бөлігінің қысы суық боранды, оңтүстігінің қысы қысқа, жұмсақ, жаз маусымы облыстың барлық бөлігінде ыстық, құрғақ және аңызақ келеді. Ауаның орташа температурасы қаңтарда солтүстік бөлігінде –10 – 12ºС, оңтүстігінде –5 – 8ºС, шілдеде солтүстікте 25 – 26ºС, оңтүстігіндегі таулы аудандарда 20 – 22ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке тау етегіне қарай 100 мм-ден 500 мм-ге дейін, биік таулы аймақта 800 – 900 мм-ге дейін артады. Жер беті ағыны облыс аумағы бойынша біркелкі таралмаған, көпшілігі ортаңғы және оңтүстік бөлігімен ағады. Ең үлкен өзен – Шу, ол облыстың шығыс бөлігінен батысқа қарай ағып өтеді. Талас өзенінің суы тау бөктеріндегі жазыққа шыққан тұсында егін суғаруға пайдаланылады. Үшінші ірі өзені – Асы суы мол жылдары Таласқа қосылады. Көптеген орта және кішігірім өзендер (Шабақты, Бүркітті, Ырғайты, Құрағаты, т.б.) Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларының және Қаратаудың беткейлерінен басталады. Өзендер мұздық (Шу, Талас), қар және грунт суларымен толығады. Көлдердің көбі жазда құрғап, сорға айналады. Ірілері – Ақжар, Ащыкөл, Ақкөл, Билікөл, Үлкен Қамқалы, Кіші Қамқалы, т.б. Шу өзенінде Тасөткел бөгені, Асы бойында Терісащыбұлақ бөгені салынған. Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі Жамбыл облысына жатады. Облыс аумағында шөлдік белдемге тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Сұр, сұр қоңыр, сор, сортаң топырақ, тау етегінде шалғынды сортаң, таулық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысы таралған; жусан, сораң, құмда сексеуіл, ши, Шу, Талас өзендері аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, тал, тау етегінде бетегелі жусанды дала, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай, т.б. өседі. Ақ бөкен, қарақұйрық, арқар, барыс, аю, қасқыр, түлкі, кемірушілер және бауырымен жорғалаушылар, өзен-көл жағалауларында жабайы шошқа, ондатр, т.б. мекендейді, су айдындары кәсіптік балыққа бай. Облыстың оңтүстік-батысындағы Жуалы ауданы жеріне Ақсу-Жабағылы қорығының біраз бөлігі енеді. Жамбыл облысында республика халқының 7%-ға жуығы тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 6,9 адамнан, тау етегі мен қалалар маңында 50 – 60 адамнан келеді. 2000 жылдың басында облыс халқының 53,8%-ы ауылдық жерде тұрды. Қалалары – Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу. Жамбыл облысында өнеркәсіптің әр түрлі салаларымен бірге суғармалы егіншілік пен жайылымдық мал шаруашылығымен қатар дамыған. Облыс өнеркәсібінің жетекші салалары – тау-кен, химия, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері. Бұлар, негізінен, жергілікті шикізат қорына негізделген. Қаратау мен Жаңатаста фосфорит шикізатын өндіру және өңдеу кәсіпорындары, Таразда фосфор химиясының зауыттары жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары: резина бұйымдарын шығаратын зауыттар, былғары-аяқ киім комбинаттары, жүнді алғашқы өңдейтін, тігін, галантерея фабрикакалары (Таразда), былғары комбинаттары (Қордайда). Тамақ кәсіпорындарынан қант (Таразда, Шуда және Ойталда), ет, спирт-арақ, шарап, сыра (Таразда), сүт және сары май зауыттары (Таразда, Қаратауда, Шуда), балық зауыты (Мыңаралда) бар. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары қосалқы бөлшектер шығарады және ауыл шаруашылығы машиналарын жөндейді (Тараз, Шу, Құлан, Гранитогорск). Облысқа электр энергиясы басқа аймақтан әкелінеді және өзендер бойындағы шағын стансаларда өндіріледі. Облыстағы Амангелді газконденсат кенін игергеннен кейін Тараз маңындағы ірі мемлекеттік аймақтық электр стансасы қайта іске қосылды. Облыстағы ауыл шаруашылығының басты салалары – суғармалы, ішінара тәлімі егіншілік және ет-жүн, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына жарамды жері 9,73 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 1 млн. га, шабындық 209,9 мың га, жайылым 8,47 млн. га, орманы 14,2 мың га. Облыс шаруашылықтарындағы егіс аумағының ішінде дәнді дақылдың үлесі басым, техникалық дақыл 40 мың га, одан басқа көкөніс, бақша, картоп егіледі. Мал шаруашылығы биязы және жартылай биязы жүнді қой, қаракөл қойы, етті-сүтті және етті мал өсіруге бағытталған. Облыстың 2010 ж. жалпы аймақтық өнімі 453,9 млрд. теңгені құрады. Бұл республикалық көрсеткіштің 2,1%-ын құрайды. Оның ішінде өнеркәсіп өнімі 119,6 млрд. теңгені құраса, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 68,5 млрд. теңгені құрады. 2006–10 жылдары аралығында өнеркәсіп өндірісі 80,3 млрд. теңгеден 119,5 млрд. теңгеге, яғни 1,5 есеге ұлғайған. Осы жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1,5 есеге өсіп, 68,46 млрд. теңгеге жетті. Облыстың негізгі капиталына 2010 ж. 147 млрд. теңге жұмсалған. Бөлшек сауда айналымы 68 млрд. теңгеге жетті. Облыстың денсаулық сақтау саласында 2010 жылдың соңында 60 аурухана және 199 амбулаторлық емхана тіркелген. Ондағы барлық саладағы дәрігерлер саны 2,7 мың болды. Мектепке дейінгі мекемелер 2006 жылмен (71 мекеме) салыстырғанда 3,9 есеге өсіп, 275-ке жетті. 2010 ж. облыста жалпы білім беретін 467 мектеп, кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждер 57-ге жетті. 5 жоғары оқу орнында 29,5 мың студент дәріс алады. Облыста клубтар және мәдениет үйлері, 2 облыс драма театры, филармония, 2 музей жұмыс істейді. 6 санаторий бар. Облыс жерінде 10–13 ғасырларда салынған тарихи-архитектуралық ескерткіштер – Айша бибі, Бабажы қатын, Шамансура мұражайлары мен Қарахан мазары сақталған. Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік қорық-мұражайы ұйымдастырылған. Жамбыл облысы жерінде жалпы ұзындығы 1133 км-лік темір жол жүргізілген. Маңызды темір жол тармақтары: Тараз – Қаратау – Жаңатас, Құлан – Бішкек, Мойынты – Шу. Автомобиль жолының ұзындығы 6 мың км-ге жуық. Ірі автомагистралі – Алматы – Меркі – Шымкент. Облыс жерімен Бұхара – Алматы газ құбыры өтеді.
04.05.2013 07:55 16333

Жамбыл облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1939 жылы 14 қарашада құрылған. Жерінің аумағы 144,3 мың км2, тұрғыны 1,04 млн. адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 7,2 адамнан келеді (2010). Батысында Оңтүстік Қазақстан, солтүстігінде Қарағанды, шығысында Алматы облыстарымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Облыс аумағындағы 383 елді мекен 10 әкімшілік ауданға, 4 қалаға, 13 кенттік және 82 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Тараз қаласы.

Жамбыл облысының көп бөлігі жазық. Шу өзені аңғарынан солтүстікке қарай Сарыарқаға дейінгі кең өңірді сазды, ұсақ шоқылы Бетпақдала шөлі (ең биік жері Байқара тауы, 665 м), Шу – Талас өзені аралығын төбешікті-қырқалы құмды Мойынқұм шөлі алып жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау жотасы (1600 м), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы (1400 м), оңтүстік-

шығысында Желтау, Айтау таулары Іле Алатауына ұласып кетеді. Жер қойнауынан газ, фосфорит, түсті металдар (алтын, күміс), тас көмір, барит,

гипс, селитра, ас тұзы, әр түрлі құрылыс материалдары барланған. Климаты тым континенттік: солтүстік бөлігінің қысы суық боранды, оңтүстігінің қысы қысқа, жұмсақ, жаз маусымы облыстың барлық бөлігінде ыстық, құрғақ және аңызақ келеді. Ауаның орташа температурасы қаңтарда солтүстік бөлігінде –10 – 12ºС, оңтүстігінде –5 – 8ºС, шілдеде солтүстікте 25 – 26ºС, оңтүстігіндегі таулы аудандарда 20 – 22ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке тау етегіне қарай 100 мм-ден 500 мм-ге дейін, биік таулы аймақта 800 – 900 мм-ге дейін артады. Жер беті ағыны облыс аумағы

бойынша біркелкі таралмаған, көпшілігі ортаңғы және

оңтүстік бөлігімен ағады. Ең үлкен өзен – Шу, ол облыстың шығыс бөлігінен батысқа қарай ағып өтеді. Талас өзенінің суы тау бөктеріндегі жазыққа шыққан тұсында егін суғаруға пайдаланылады. Үшінші ірі өзені – Асы суы мол жылдары Таласқа қосылады. Көптеген орта және кішігірім өзендер (Шабақты, Бүркітті, Ырғайты, Құрағаты, т.б.) Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларының және Қаратаудың беткейлерінен басталады. Өзендер мұздық (Шу, Талас), қар және грунт суларымен толығады. Көлдердің көбі жазда құрғап, сорға айналады. Ірілері – Ақжар, Ащыкөл, Ақкөл, Билікөл, Үлкен Қамқалы, Кіші Қамқалы, т.б. Шу өзенінде Тасөткел бөгені, Асы бойында Терісащыбұлақ бөгені салынған. Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігі Жамбыл облысына жатады. Облыс аумағында шөлдік белдемге тән топырақ жамылғысы қалыптасқан. Сұр, сұр қоңыр, сор, сортаң топырақ, тау етегінде шалғынды сортаң, таулық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысы таралған; жусан, сораң, құмда сексеуіл, ши, Шу, Талас өзендері аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, тал, тау етегінде бетегелі жусанды дала, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай, т.б. өседі. Ақ бөкен, қарақұйрық, арқар, барыс, аю, қасқыр, түлкі, кемірушілер және бауырымен жорғалаушылар, өзен-көл жағалауларында жабайы шошқа, ондатр, т.б. мекендейді, су айдындары кәсіптік балыққа бай. Облыстың оңтүстік-батысындағы Жуалы ауданы жеріне Ақсу-Жабағылы қорығының біраз бөлігі енеді. Жамбыл облысында республика халқының 7%-ға жуығы тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 6,9 адамнан, тау етегі мен қалалар маңында 50 – 60 адамнан келеді. 2000 жылдың басында облыс халқының 53,8%-ы ауылдық жерде тұрды. Қалалары – Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу. Жамбыл облысында өнеркәсіптің әр түрлі салаларымен бірге суғармалы егіншілік пен жайылымдық мал шаруашылығымен қатар дамыған. Облыс өнеркәсібінің жетекші салалары – тау-кен, химия, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері. Бұлар, негізінен, жергілікті шикізат қорына негізделген. Қаратау мен Жаңатаста фосфорит шикізатын өндіру және өңдеу кәсіпорындары, Таразда фосфор химиясының зауыттары жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары: резина бұйымдарын шығаратын зауыттар, былғары-аяқ киім комбинаттары, жүнді алғашқы өңдейтін, тігін, галантерея фабрикакалары (Таразда), былғары комбинаттары (Қордайда). Тамақ кәсіпорындарынан қант (Таразда, Шуда және Ойталда), ет, спирт-арақ, шарап, сыра (Таразда), сүт және сары май зауыттары (Таразда, Қаратауда, Шуда), балық зауыты (Мыңаралда) бар. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары қосалқы бөлшектер шығарады және ауыл шаруашылығы машиналарын жөндейді (Тараз, Шу, Құлан, Гранитогорск). Облысқа электр энергиясы басқа аймақтан әкелінеді және өзендер бойындағы шағын стансаларда өндіріледі. Облыстағы Амангелді газконденсат кенін игергеннен кейін Тараз маңындағы ірі мемлекеттік аймақтық электр стансасы қайта іске қосылды. Облыстағы ауыл шаруашылығының басты салалары – суғармалы, ішінара тәлімі егіншілік және ет-жүн, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына жарамды жері 9,73 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 1 млн. га, шабындық 209,9 мың га, жайылым 8,47 млн. га, орманы 14,2 мың га. Облыс шаруашылықтарындағы егіс аумағының ішінде дәнді дақылдың үлесі басым, техникалық дақыл 40 мың га, одан басқа көкөніс, бақша, картоп егіледі. Мал шаруашылығы биязы және жартылай биязы жүнді қой, қаракөл қойы, етті-сүтті және етті мал өсіруге бағытталған. Облыстың 2010 ж. жалпы аймақтық өнімі 453,9 млрд. теңгені құрады. Бұл республикалық көрсеткіштің 2,1%-ын құрайды. Оның ішінде өнеркәсіп өнімі 119,6 млрд. теңгені құраса, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 68,5 млрд. теңгені құрады. 2006–10 жылдары аралығында өнеркәсіп өндірісі 80,3 млрд. теңгеден 119,5 млрд. теңгеге, яғни 1,5 есеге ұлғайған. Осы жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1,5 есеге өсіп, 68,46 млрд. теңгеге жетті. Облыстың негізгі капиталына 2010 ж. 147 млрд. теңге жұмсалған. Бөлшек сауда айналымы 68 млрд. теңгеге жетті. Облыстың денсаулық сақтау саласында 2010 жылдың соңында 60 аурухана және 199 амбулаторлық емхана тіркелген. Ондағы барлық саладағы дәрігерлер саны 2,7 мың болды. Мектепке дейінгі мекемелер 2006 жылмен (71 мекеме) салыстырғанда 3,9 есеге өсіп, 275-ке жетті. 2010 ж. облыста жалпы білім беретін 467 мектеп, кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждер 57-ге жетті. 5 жоғары оқу орнында 29,5 мың студент дәріс алады. Облыста клубтар және мәдениет үйлері, 2 облыс драма театры, филармония, 2 музей жұмыс істейді. 6 санаторий бар. Облыс жерінде 10–13 ғасырларда салынған тарихи-архитектуралық ескерткіштер – Айша бибі, Бабажы қатын, Шамансура мұражайлары мен Қарахан мазары сақталған. Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік қорық-мұражайы ұйымдастырылған. Жамбыл облысы жерінде жалпы ұзындығы 1133 км-лік темір жол жүргізілген. Маңызды темір жол тармақтары: Тараз – Қаратау – Жаңатас, Құлан – Бішкек, Мойынты – Шу. Автомобиль жолының ұзындығы 6 мың км-ге жуық. Ірі автомагистралі – Алматы – Меркі – Шымкент. Облыс жерімен Бұхара – Алматы газ құбыры өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға