Тәлім-тәрбие, өсиет, тағылым туралы-9
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.
Білге қаған
Тастағы жазудан тағлым алғайсың.
Білге қаған
Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.
Білге қаған
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәрте ел алдаса да өзіңді.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,
Кезде дағы әзәзілдер азғырған.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Тәрбиелеу дегеніміз - адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Кісімен бірге туыспау керек,
Туысқан соң - артық сөз қуыспау керек.
Әйтеке Байбекұлы
Суалмайтын суат жоқ, тартылмайтын бұлақ жоқ, қурамайтын құрақ жоқ.
Әйтеке Байбекұлы
Бай болсаң - халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң - жауыңа найзаң тисін.
Әйтеке Байбекұлы
Алты атасын арқалап жүргенді кім көріпті, жеті атасын жетелеп жүргеңді кім көріпті.
Әйтеке Байбекұлы
Өзің білмес ісіңді - білгендерден сұрап ал.
Жиренше шешен
Рахат іздесең - бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең - қайғысынан қашпа.
Жүсіп Баласағұн
Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың.
Жүсіп Баласағұн
Қатты тәртіп көрсе бала бүгінде - өнерімен қуантады түбінде.
Жүсіп Баласағұн
Кейін өзің қалмау үшін табаға - жөнге салып, ие болғын балаға.
Жүсіп Баласағұн
Кісі алдындағы асқа қол сөзбас болар.
Жүсіп Баласағұн
Үлкен келгенде - кіші аяғын аямас болар.
Жүсіп Баласағұн
Ыстық асты үрмеп ішпе.
Жүсіп Баласағұн
Өз ісінді өзің атқар - өзгеге салмақ салмағын.
Жүсіп Баласағұн
Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме - жайлап сөйлес, жөнсіз билеп- төстеме.
Жүсіп Баласағұн
Бір істі екі кісіге тапсырмас болар.
Жүсіп Баласағұн
Не істесең де - ықтиярыңмен істе.
Жүсіп Баласағұн
Түркі халқы жойылмасын, ел болсын!
Күлтегін
Бек ұлдарың құл болмағай, пәк қыздарың күң болмағай.
Күлтегін
Інің - ағаңдай болмас, ағаң - атаңдай болмас.
Күлтегін
Түркінің қасиетті жер-суының қарғысына қалма!
Күлтегін
Білмегенге - ермеген.
Күлтегін
Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.
Қазыбек Келдібекұлы
Тілекті - білек жеңбес,
Жүрекке - әмір жүрмес.
Қазыбек Келдібекұлы
Арға -мінажат.
Барға - қанағат, жоққа - салауат.
Қазыбек Келдібекұлы
Жарлының жалғыз тоны - жанат емей немене,
Аузыңдағы отыз тіс - болат емей немене,
Астыңдағы жарау ат - қанат емей немене?!
Қазыбек Келдібекұлы
Жазылмаған дерт қиын,
Орындалмаған серт қиын.
Жұрт айтқанды тындамай,
Өзің түскен өрт қиын.
Қазыбек Келдібекұлы
Өркенің өссін десең, кекшіл болма - кесапаты тиер,
Өзгеге қиянат жасар өршіл болма - қанатың күйер.
Басына іс түскен пендеге күлме - қайғысы көшер,
Жанашыры жоққа жәрдемші бол - абыройың өсер.
Қазыбек Келдібекұлы
Бүгін сағы сынды деп жақсыларды басынба,
Қиын-қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.
Қазыбек Келдібекұлы
Халқыңа қызмет ет,
Ізгілерге ізет ет,
Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.
Қожа Ахмет Йассауи
Сүйсең - хақты сүй.
Қожа Ахмет Йассауи
Арамзамен сырлас болма,
Олай етсең баспайды ісің оңға,
Бастан аяқ батумен пәле-сорға.
Қожа Ахмет Йассауи
Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ.
Мақал - мәтел
Адасқанның айыбы жоқ - қайта үйірін тапқанға.
Мақал - мәтел
Алдыңа келсе - атаңның құнын кеш.
Мақал – мәтел
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы