Жаңалықтар

Анатолий Ионкин

Жоғары лигадағы алғашқы әрі есте қаларлық голын атақты Юрий Семиннің керемет пасынан кейін соққан болатын. «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында өткен ойында Юрийдің қапталдан әуелетіп берген добын баспен ұрып, қақпаның дәл тоғыздығына тулатқан еді. Бұл гол сол кездері біразға дейін айтылып жүрген болатын. Оралда туып, асқақ Алатаудың баурайына келіп әсем шаһар Алматының «Қайратында» жасындай жарқылдаған ойыншының бірі –  Анатолий Ионкин. Анатолий Михайлович Ионкин – 1950 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Отбасы спортқа жақын адамдар болған соң,оның футболшы болуы әсте таңқаларлық жағдай емес. Ағасы, Александр – допты хоккейден КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен ойыншы. Алдымен, Оралдың «Уралец» командасына қабылданып, үш маусымын өткізді. Жастыққа тән жалыны, допты ұршықша иіруі, шабуылшыға тән мінезімен туған қаласының командасының намысын абыроймен қорғай алды. Кейіннен  1971-1972 жылғы бір маусымын Семейдің «Спартагында» өткізді. Бұл оның футболшы ретінде өсуінің бір баспалдығы болатын. Осыдан кейін республикамыздың ең танымал командасы алматылық «Қайраттан» шақырту алады. Ол кездері алматылық клуб еліміздегі жас талантты футболшыларды өз қатарларына қосуға әрдайым дайын еді. Анатолий 1972 жылы осылайша «Қайраттың» сапына ауысады. Жоғары лигадағы алғашқы әрі есте қаларлық голын атақты  Юрий Семиннің керемет пасынан кейін соққан болатын. «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында өткен ойында Юрийдің қапталдан әуелетіп берген добын баспен ұрып, қақпаның дәл тоғыздығына тулатқан еді. Бұл гол сол кездері біразға дейін айтылып жүрген болатын. Мына қызықты қараңыз, 1974 жылы КСРО чемпионатының мергендер көшінде Вадим Павленконың алдын орап, тек киевтің «Динамосының» голеадоры әйгілі футболшы Олег Блохинді алға жіберді. Өзі болса бұл жайды былай еске алады: «Жалпы маусым бойы мергендер көшін мен бастап келе жаттым. Олег Блохин мені тек екі тур қалғанда басып озды. Ол 30 ойын өткізіп, 18 гол соқса, ал мен 23 ойында 16 голдың авторы атандым. Мәскеулік «Динамоның» шабуылшысы Вадим Павленко да 30 ойын өткізіп, 16 гол соқты». Өзінің мүмкіндігін көрсетіп, талантын дәлелдеп жұлдызды шағын өткізген командасы  – «Қайрат» болды. Осы ұжымды жақсы көргені соншалық бір кездері мәскеулік «Спартак» шақырғанда да бармаған еді. Өзге футболшылар одақтың астанасында доп тебуді армандап өсуші еді, ал біздің футболшы Алматыны Мәскеуге айырбастығысы келген жоқ. Бұл нағыз жігітке тән мінез, туған командасын шексіз жақсы көру деп білеміз. Атақ-абырой, ақша үшін «Қайратты» тастап кетпеді. Әріптесі Виктор Катков Анатолий жайлы былай дейді: «Анатолий өзінің шеберлігін «Қайратқа» келмей тұрып-ақ дәлелдеген футболшы. Семейдің «Спартагында» өнер көрсеткен кездің өзінде қақпашылар үшін қауіпті шабуылшы болатын. Біз 1971жылы Казақ ССР құрамасында, кейіннен «Қайраттың» сапында бірге ойнадық. Ол голды өте қажет дәл керек кезінде соға алатын. Оның техникасы, алаңды көруі, соққысы бәрі керемет еді. Бірде байырғы қарсыласымыз өзбектердің «Пахаткорымен» Алматыда өткен ойында  3:2 есебімен ұтып келе жатып, қарсыластарымызға есепті теңестіруге мүмкіндік беріп қойдық. Дегенмен Анатолий өзі жеке белсеніп, соңғы минутта жеңісті жұлып алғаны есімде. Негізі Анатолий жайлы мұндай мысалдар өте көптеп келтірге болады. Ол ақ жарқын, ашық, адамгершілігі жоғары азамат болатын. Біз үйленбей тұрғанда «Қайраттың» базасында бірге тұрдық. Жоғары оқу орнында да бірге оқып, бірге бітірдік. Ол әсіресе, Владимир Кисляков, Фарид Хисамутдинов сияқты ойыншылармен өте жақсы араласты». Жалпы футболшылық карьерасында Жоғары лигада – 70 ойында, 25 гол соқса, бірінші лигада – 70 кездесуде, 39 голдың авторы атанды. Сондай-ақ, «Қайраттың сапында барлығы 140 (64) ойын өткізді. Футболшылық карьерасын аяқтаған соң, «Жезқазған» (1988-1989),«Уральце» (1989-1990), футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер болды. Әр жылдары ҚФФ-ның футзал бөлімінің төрағасы, ҚФФ-ның вице-президенті сияқты қызметтер атқарды. 2009 жылы мамырдың 13-інде кешкісін «Ақжайық» – «Гефест» (Қарағанды) матчы үстінде көз жұмды. Ойын алдында марқұм оралдықтарды жаңа футбол маусымының ашылуымен құттықтаған еді. Екінші тайм басталғаннан кейін көп өтпей-ақ жүрегі сыр беріп, өзінің туған жерінде дүниеден өтті. Өзінің бар жоғы 58 жылдық өмірін толығымен футболға арнаған жан десек, артық айтқанымыз болмас. Ол футболмен ауырып, футболмен тыныстайтын. Тірі кезінде «Қайратты», Қазақстанды ешкімге айырбастаған емес. Өзі өлгенімен оның соққан голдары, керемет футболшылық жылнамасы, қазақ футболына сіңірген еңбегін жанкүйерлердің ұмытпасы анық. Бек Төлеуов, «Sport» газеті.  
02.05.2013 04:39 3248

Жоғары лигадағы алғашқы әрі есте қаларлық голын атақты Юрий Семиннің керемет пасынан кейін соққан болатын. «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында өткен ойында Юрийдің қапталдан әуелетіп берген добын баспен ұрып, қақпаның дәл тоғыздығына тулатқан еді. Бұл гол сол кездері біразға дейін айтылып жүрген болатын.

Оралда туып, асқақ Алатаудың баурайына келіп әсем шаһар Алматының «Қайратында» жасындай жарқылдаған ойыншының бірі –  Анатолий Ионкин.

Анатолий Михайлович Ионкин – 1950 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Отбасы спортқа жақын адамдар болған соң,оның футболшы болуы әсте таңқаларлық жағдай емес. Ағасы, Александр – допты хоккейден КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен ойыншы.

Алдымен, Оралдың «Уралец» командасына қабылданып, үш маусымын өткізді. Жастыққа тән жалыны, допты ұршықша иіруі, шабуылшыға тән мінезімен туған қаласының командасының намысын абыроймен қорғай алды.

Кейіннен  1971-1972 жылғы бір маусымын Семейдің «Спартагында» өткізді. Бұл оның футболшы ретінде өсуінің бір баспалдығы болатын. Осыдан кейін республикамыздың ең танымал командасы алматылық «Қайраттан» шақырту алады. Ол кездері алматылық клуб еліміздегі жас талантты футболшыларды өз қатарларына қосуға әрдайым дайын еді. Анатолий 1972 жылы осылайша «Қайраттың» сапына ауысады.

Жоғары лигадағы алғашқы әрі есте қаларлық голын атақты  Юрий Семиннің керемет пасынан кейін соққан болатын. «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасында өткен ойында Юрийдің қапталдан әуелетіп берген добын баспен ұрып, қақпаның дәл тоғыздығына тулатқан еді. Бұл гол сол кездері біразға дейін айтылып жүрген болатын.

Мына қызықты қараңыз, 1974 жылы КСРО чемпионатының мергендер көшінде Вадим Павленконың алдын орап, тек киевтің «Динамосының» голеадоры әйгілі футболшы Олег Блохинді алға жіберді.

Өзі болса бұл жайды былай еске алады: «Жалпы маусым бойы мергендер көшін мен бастап келе жаттым. Олег Блохин мені тек екі тур қалғанда басып озды. Ол 30 ойын өткізіп, 18 гол соқса, ал мен 23 ойында 16 голдың авторы атандым. Мәскеулік «Динамоның» шабуылшысы Вадим Павленко да 30 ойын өткізіп, 16 гол соқты».

Өзінің мүмкіндігін көрсетіп, талантын дәлелдеп жұлдызды шағын өткізген командасы  – «Қайрат» болды. Осы ұжымды жақсы көргені соншалық бір кездері мәскеулік «Спартак» шақырғанда да бармаған еді. Өзге футболшылар одақтың астанасында доп тебуді армандап өсуші еді, ал біздің футболшы Алматыны Мәскеуге айырбастығысы келген жоқ. Бұл нағыз жігітке тән мінез, туған командасын шексіз жақсы көру деп білеміз. Атақ-абырой, ақша үшін «Қайратты» тастап кетпеді.

Әріптесі Виктор Катков Анатолий жайлы былай дейді: «Анатолий өзінің шеберлігін «Қайратқа» келмей тұрып-ақ дәлелдеген футболшы. Семейдің «Спартагында» өнер көрсеткен кездің өзінде қақпашылар үшін қауіпті шабуылшы болатын. Біз 1971жылы Казақ ССР құрамасында, кейіннен «Қайраттың» сапында бірге ойнадық. Ол голды өте қажет дәл керек кезінде соға алатын. Оның техникасы, алаңды көруі, соққысы бәрі керемет еді. Бірде байырғы қарсыласымыз өзбектердің «Пахаткорымен» Алматыда өткен ойында  3:2 есебімен ұтып келе жатып, қарсыластарымызға есепті теңестіруге мүмкіндік беріп қойдық. Дегенмен Анатолий өзі жеке белсеніп, соңғы минутта жеңісті жұлып алғаны есімде. Негізі Анатолий жайлы мұндай мысалдар өте көптеп келтірге болады.

Ол ақ жарқын, ашық, адамгершілігі жоғары азамат болатын. Біз үйленбей тұрғанда «Қайраттың» базасында бірге тұрдық. Жоғары оқу орнында да бірге оқып, бірге бітірдік. Ол әсіресе, Владимир Кисляков, Фарид Хисамутдинов сияқты ойыншылармен өте жақсы араласты».

Жалпы футболшылық карьерасында Жоғары лигада – 70 ойында, 25 гол соқса, бірінші лигада – 70 кездесуде, 39 голдың авторы атанды. Сондай-ақ, «Қайраттың сапында барлығы 140 (64) ойын өткізді.

Футболшылық карьерасын аяқтаған соң, «Жезқазған» (1988-1989),«Уральце» (1989-1990), футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер болды. Әр жылдары ҚФФ-ның футзал бөлімінің төрағасы, ҚФФ-ның вице-президенті сияқты қызметтер атқарды.

2009 жылы мамырдың 13-інде кешкісін «Ақжайық» – «Гефест» (Қарағанды) матчы үстінде көз жұмды.

Ойын алдында марқұм оралдықтарды жаңа футбол маусымының ашылуымен құттықтаған еді. Екінші тайм басталғаннан кейін көп өтпей-ақ жүрегі сыр беріп, өзінің туған жерінде дүниеден өтті.

Өзінің бар жоғы 58 жылдық өмірін толығымен футболға арнаған жан десек, артық айтқанымыз болмас. Ол футболмен ауырып, футболмен тыныстайтын. Тірі кезінде «Қайратты», Қазақстанды ешкімге айырбастаған емес. Өзі өлгенімен оның соққан голдары, керемет футболшылық жылнамасы, қазақ футболына сіңірген еңбегін жанкүйерлердің ұмытпасы анық.

Бек Төлеуов, «Sport» газеті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға