Жаңалықтар

Жақсы мен жаман туралы -1

Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Жаман - мінін жасырып сөйлесе, жақсы - қызметін асырып сөйлейді. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сыртқа біткен қайыңнан - сазға біткен тал жақсы, Тоя жеген жасықтан - бір асаған май жақсы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Қожа мен молдаға - «бер» дегеннен, «жоқ» жақсы, Адамдықты ойласақ - мал мен бақтан ар жақсы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Әдебі жоқ жігіттен - насихат айтар шал жақсы. Майлықожа Сұлтанқожаұлы Жаман жігіт жер боп тұрып, Сөйлеуін қоймас шалықтап. Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» деген мәтел бар. Әлихан Бөкейханов Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінін ісі. Мұхтар Әуезов Жақсыда жаттық жоқ. Мұхтар Әуезов Пейілі жаманды - құдай табады. Шерхан Мұртаза Жаман туыстан қашып, жақсысын қайдан табарсың?! Мақал - мәтел Жақсыда жаттық болмайды. Мақал - мәтел Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын, жаманның жамандығын айт - құты қашсын. Мақал - мәтел Жақсының аты өлмейді. Мақал - мәтел Жақсы әке - жаман балаға қырық жыл азық. Мақал - мәтел Үйдің жақсы болмағы - ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан. Мақал - мәтел Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді. Мақал - мәтел Жаманға - жан тәтті. Мақал - мәтел Біткен істің басына, жақсы келер қасына. Мақал - мәтел Пейілі жаман кісіні түйе үстінде ит қабар. Мақал - мәтел Жақсы да жаттық болмас. Мақал - мәтел Жақсымен - жанастыр, жаманнан - адастыр. Мақал - мәтел Жаман айтпай жақсы жоқ. Мақал - мәтел Дәніккеннен құныққан жаман. Мақал - мәтел Жамандық аяқ астында. Мақал - мәтел Келіні жақсы үйдің керегесі алтын. Мақал - мәтел Жаман ерден - жайдағым жақсы, жаман әйелден - бойдағым жақсы. Мақал - мәтел Сыйласуға жат жақсы, жыласуға хат жақсы. Мақал - мәтел Арық деген жаман тай - жазға шыға ат болар, жамаңдығын сезілсе - жақын кісі жат болар. Мақал - мәтел Олақтан - салақ жаман. Мақал - мәтел Жаман - шайқап сөйлер, жақсы  - байқап сөйлер. Мақал - мәтел Ақ сауыттың - жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының - ашуы бар, кегі жоқ. Мақал - мәтел Жақсының жаны - жәннат. Мақал - мәтел Жаман малды асырасаң - аузы-мұрныңды май етер, жаман адамды асырасан - аузы-мұрныңды қан етер. Мақал - мәтел Аяғы жаман - төр былғайды, аузы жаман - ел былғайды. Мақал - мәтел Өзі жақсы кісіге - бір кісілік орын бар. Мақал - мәтел Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі. Мақал – мәтел Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
30.04.2013 04:00 44788

Халық ісі дегенде жақсы қалмас тартынып.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман - мінін жасырып сөйлесе, жақсы - қызметін асырып сөйлейді.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Сыртқа біткен қайыңнан - сазға біткен тал жақсы,

Тоя жеген жасықтан - бір асаған май жақсы.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Қожа мен молдаға - «бер» дегеннен, «жоқ» жақсы,

Адамдықты ойласақ - мал мен бақтан ар жақсы.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Әдебі жоқ жігіттен - насихат айтар шал жақсы.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жаман жігіт жер боп тұрып,

Сөйлеуін қоймас шалықтап.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

«Жамандықты - ұмыт, жақсылыққа - ұмтыл» деген мәтел бар.

Әлихан Бөкейханов

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық -ер кісінін ісі.

Мұхтар Әуезов

Жақсыда жаттық жоқ.

Мұхтар Әуезов

Пейілі жаманды - құдай табады.

Шерхан Мұртаза

Жаман туыстан қашып, жақсысын қайдан табарсың?!

Мақал - мәтел

Жақсыда жаттық болмайды.

Мақал - мәтел

Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын, жаманның жамандығын айт - құты қашсын.

Мақал - мәтел

Жақсының аты өлмейді.

Мақал - мәтел

Жақсы әке - жаман балаға қырық жыл азық.

Мақал - мәтел

Үйдің жақсы болмағы - ағашынан, жігіттің жақсы болмағы нағашыдан.

Мақал - мәтел

Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.

Мақал - мәтел

Жаманға - жан тәтті.

Мақал - мәтел

Біткен істің басына, жақсы келер қасына.

Мақал - мәтел

Пейілі жаман кісіні түйе үстінде ит қабар.

Мақал - мәтел

Жақсы да жаттық болмас.

Мақал - мәтел

Жақсымен - жанастыр, жаманнан - адастыр.

Мақал - мәтел

Жаман айтпай жақсы жоқ.

Мақал - мәтел

Дәніккеннен құныққан жаман.

Мақал - мәтел

Жамандық аяқ астында.

Мақал - мәтел

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

Мақал - мәтел

Жаман ерден - жайдағым жақсы, жаман әйелден - бойдағым жақсы.

Мақал - мәтел

Сыйласуға жат жақсы, жыласуға хат жақсы.

Мақал - мәтел

Арық деген жаман тай - жазға шыға ат болар, жамаңдығын сезілсе - жақын кісі жат болар.

Мақал - мәтел

Олақтан - салақ жаман.

Мақал - мәтел

Жаман - шайқап сөйлер, жақсы  - байқап сөйлер.

Мақал - мәтел

Ақ сауыттың - жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының - ашуы бар, кегі жоқ.

Мақал - мәтел

Жақсының жаны - жәннат.

Мақал - мәтел

Жаман малды асырасаң - аузы-мұрныңды май етер, жаман адамды асырасан - аузы-мұрныңды қан етер.

Мақал - мәтел

Аяғы жаман - төр былғайды, аузы жаман - ел былғайды.

Мақал - мәтел

Өзі жақсы кісіге - бір кісілік орын бар.

Мақал - мәтел

Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі.

Мақал – мәтел

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға