Аң-құс, денсаулық туралы
Аң-құс туралы |
Керуеннің түнгі жүрісін торғай білер. Қорқыт ата Іннің аузын түлкі білер. Қорқыт ата Көк шүйгінін киік білер. Қорқыт ата Саз орайын бөкен білер. Қорқыт ата Аңшы - қанша айла білсе, аю - сонша соқпақ біледі. Махмұд Қашқари Қашайын деп тұрған қоянға «тәйт» деген соң, не зорық? Мақал - мәтел Бүркіт қартайса - тышқаншыл. Мақал - мәтел Тышқан ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжауыр Дәніккен қарсақ құлағымен ін қазар. Мақал - мәтел Ит десең ашуланып, күшік десең күледі. Мақал - мәтел Тоты құс бойына қарап - зорланады, аяғына қарап - қорланады. Мақал - мәтел Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. Мақал - мәтел Қарқылдап қара қарға - бүркіт болмас. Қара өлең Талай бөрінің түбіне түлкі жеткен. Құтып Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді. Құтып Кірпіге қулық жараспайды. Шаян ініне тышқан сыймас. Құтып Ұшқан құсты қуып жете алмайсың. Көгершін үйренген жеріне қонады. Құтып Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі. Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер. Құтып
Денсаулық туралы Денсаулық - зор байлық. Мақал - мәтел
Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - оң саулық Мақал - мәтел
Ару батпандап кіріп, мысқалдап шығады. Мақал - мәтел
Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ. Мақал - мәтел
Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да - игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн. Әбу Нәсіп әл-Фараби |
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы