Жаңалықтар

Айдар Күмісбеков

Биыл қазақ  футболына – 100 жыл. Бір кездері ұлтымыздыңтұғыры биік тұлғасы Мұхтар Әуезов доп тепкен «Жарыс» (Ярыш) командасы алғаш рет теңбіл доп додасына 1913 жылы түскен екен. Осы 100 жылда талай қазақ баласы аяқдоп өнеріне қызығып, футбол мектептерін жағалады. Түн ұйқысын төрт бөліп, теледидар алдында телмірген жанкүйерлеріміздің саны қаншама. Бір кездері талай талантты қазақ балаларына футболдың қыр –сырын үйретіп, бақтарын ашқан «Намыс» клубын әлі күнге сағынатынымыз жасырын емес. «Намыс» сияқты намысты футболшыларды даярлайтын мектептің қажеттілігін сеземіз де, түсінеміз де. Жасырып не керек, қазақ футболының жанкүйерлері жасыл алаңнан өз өрендерін көбірек көргісі келеді. Мұның сыры түсінікті де. Сырттан келімсектердің бірінші кезекте өз жағдайын,өз мүддесін күйттейтіні белгілі. Бәрі де өз қамын ойлайды. Ал біз өз ұландарымыз Отан үшін жандарын шүберекке түйіп, аянбай додаға түседі. Күш-жігерлерін сарқып қалмайды деп түсінеміз. Сондықтан құрама сапында жергілікті футболшылардың ойнағанына қалаймыз. Ал футболшыларымызға бізден рухани демеу керек. Оларды қолдап, жастарымызды рухтандырып, намыстарын жанып, жігерлендіріп отырсақ, бұл біздің қазақ футболын жетілдіруге қосқан үлесіміз болып саналады. Осы орайда, ел футболының 100 жылдық торқалы тойына тартуымыз ретінде 100 қазақ футболшысы туралы жазып шықсақ деген ойымыз бар. «100 жылдыққа – 100 футболшы» деген жобамызды бастап та кеткенбіз. Осыдан бірер күн бұрын Нұрбол Жұмасқалиев туралы сыр шерткенбіз, бүгін тасқамал қорғаушымыз Айдар Күмісбеков туралы қалам тартпақпыз. Жоғарыда өзіміз айтып өткен «Намыстан» талай дарындар түлеп шыққан. Осының алдында өзіміз жазған Нұрбол Жұмасқалиев та, бүгінгі кейіпкеріміз Айдар Күмісбеков те – «Намыстан» шыққан шеберлер. Айдар Нұрабекұлы Күмісбеков 1979 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Айдар 8-сыныпта оқып жүрген кезінде «Намыстың» құрамында доп теуіп, ұлттық намыс негізінде тәрбие алу үшін Талдықорғаннан Алматы қаласына жол тартады. Қатарластарымен доп тебу бақыты бұйырып, сынақтан сүрінбей өтеді. 90 жылдардағы қиын-қыстау кезеңде футболдың қыр-сырын үйреніп, 1997 жылы «Қайраттың» қосалқы құрамына қабылданады. Бір кездері қазақтың «Қайраты» атанған клубтың қосалқы құрамы да дәл сол жылы топ жарады. Қосалқы құрамдар арасындағы додада, әрине. Көзге түсіп, өзөнерімен мамандар назарына іліге бастаған Айдарды сол кездегі Қазақстан жастар құрамасының бапкері Владимир Фомичев ел намысын қорғауға шақырады. Қазір  көзіміз үйреніп қалған қорғаныс шебіне емес, жартылай қорғаушы міндетін атқаруға. Десек те, Айдар кейіннен түпкілікті түрде қорғаушы болып ойнайды. «Қайраттың» сапында Айдар ел чемпионатымен қатар, Еурододаларға дақатысып, додаға түскен. 1997/98, 2000/01 және 2002/03 жылдар маусымындағы додаларда өзінің шеберлігін паш етіп көрді. «Ертіс» және «Астана» сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде Чемпиондар лигасының  алғашқы іріктеу кезеңінде доп тепкен болатын. Кейіннен «Жетісуға» ауысып, «Интертото» кубогында да доп қуды. Жалпы, Айдар – елімізде ұзақ жылдардан бері доп теуіп келе жатқан тәжірбиеліқорғаушыларымыздың бірі. Осынша уақыт бойы өзіне ісіне адал болып, командасын алаңға бастап шығып жүрген кәнігі капитан. Бір кездері ұлттық құрамамызға да шақырылып 9 рет алаңға шыққан. 1999 жылыҚазақстанның олимпиадалық құрамасына  шақырылып 10 ойын өткізген.   Жетістіктері: Қазақстан чемпионаты, қола жүлде – 1999 жыл, «Қайрат» Шығыс-Азия ойындары, қола жүлде – 2001 жылы, Қазақстан клубтары құрамасы Қазақстан чемпионы – 2003 жыл, «Ертіс» Қазақстан чемпионаты, күміс жүлде – 2004 жыл, «Ертіс» Қазақстан кубогының иегері – 2005 жыл, «Жеңіс» Қазақстан кубогының финалисі – 2006 жыл, «Астана» Қазақстан чемпионы – 2006 жыл, «Астана» Қазақстан чемпионаты, күміс жүлде – 2011 жыл, «Жетісу»   1999, 2002, 2003, 2004 және 2010 жылдары (бес рет) Қазақстанның 33 үздік футболшысының қатарына кірген.     Бек Төлеуов, «Sport» газеті.  
29.04.2013 04:39 3520

Биыл қазақ  футболына – 100 жыл. Бір кездері ұлтымыздыңтұғыры биік тұлғасы Мұхтар Әуезов доп тепкен «Жарыс» (Ярыш) командасы алғаш рет теңбіл доп додасына 1913 жылы түскен екен.

Осы 100 жылда талай қазақ баласы аяқдоп өнеріне қызығып, футбол мектептерін жағалады. Түн ұйқысын төрт бөліп, теледидар алдында телмірген жанкүйерлеріміздің саны қаншама.

Бір кездері талай талантты қазақ балаларына футболдың қыр –сырын үйретіп, бақтарын ашқан «Намыс» клубын әлі күнге сағынатынымыз жасырын емес.

«Намыс» сияқты намысты футболшыларды даярлайтын мектептің қажеттілігін сеземіз де, түсінеміз де. Жасырып не керек, қазақ футболының жанкүйерлері жасыл алаңнан өз өрендерін көбірек көргісі келеді.

Мұның сыры түсінікті де. Сырттан келімсектердің бірінші кезекте өз жағдайын,өз мүддесін күйттейтіні белгілі. Бәрі де өз қамын ойлайды. Ал біз өз ұландарымыз Отан үшін жандарын шүберекке түйіп, аянбай додаға түседі. Күш-жігерлерін сарқып қалмайды деп түсінеміз. Сондықтан құрама сапында жергілікті футболшылардың ойнағанына қалаймыз.

Ал футболшыларымызға бізден рухани демеу керек. Оларды қолдап, жастарымызды рухтандырып, намыстарын жанып, жігерлендіріп отырсақ, бұл біздің қазақ футболын жетілдіруге қосқан үлесіміз болып саналады.

Осы орайда, ел футболының 100 жылдық торқалы тойына тартуымыз ретінде 100 қазақ футболшысы туралы жазып шықсақ деген ойымыз бар. «100 жылдыққа – 100 футболшы» деген жобамызды бастап та кеткенбіз.

Осыдан бірер күн бұрын Нұрбол Жұмасқалиев туралы сыр шерткенбіз, бүгін тасқамал қорғаушымыз Айдар Күмісбеков туралы қалам тартпақпыз.

Жоғарыда өзіміз айтып өткен «Намыстан» талай дарындар түлеп шыққан. Осының алдында өзіміз жазған Нұрбол Жұмасқалиев та, бүгінгі кейіпкеріміз Айдар Күмісбеков те – «Намыстан» шыққан шеберлер.

Айдар Нұрабекұлы Күмісбеков 1979 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Айдар 8-сыныпта оқып жүрген кезінде «Намыстың» құрамында доп теуіп, ұлттық намыс негізінде тәрбие алу үшін Талдықорғаннан Алматы қаласына жол тартады.

Қатарластарымен доп тебу бақыты бұйырып, сынақтан сүрінбей өтеді. 90 жылдардағы қиын-қыстау кезеңде футболдың қыр-сырын үйреніп, 1997 жылы «Қайраттың» қосалқы құрамына қабылданады.

Бір кездері қазақтың «Қайраты» атанған клубтың қосалқы құрамы да дәл сол жылы топ жарады. Қосалқы құрамдар арасындағы додада, әрине. Көзге түсіп, өзөнерімен мамандар назарына іліге бастаған Айдарды сол кездегі Қазақстан жастар құрамасының бапкері Владимир Фомичев ел намысын қорғауға шақырады.

Қазір  көзіміз үйреніп қалған қорғаныс шебіне емес, жартылай қорғаушы міндетін атқаруға. Десек те, Айдар кейіннен түпкілікті түрде қорғаушы болып ойнайды.

«Қайраттың» сапында Айдар ел чемпионатымен қатар, Еурододаларға дақатысып, додаға түскен. 1997/98, 2000/01 және 2002/03 жылдар маусымындағы додаларда өзінің шеберлігін паш етіп көрді.

«Ертіс» және «Астана» сапында өнер көрсетіп жүрген кезінде Чемпиондар лигасының  алғашқы іріктеу кезеңінде доп тепкен болатын. Кейіннен «Жетісуға» ауысып, «Интертото» кубогында да доп қуды.

Жалпы, Айдар – елімізде ұзақ жылдардан бері доп теуіп келе жатқан тәжірбиеліқорғаушыларымыздың бірі. Осынша уақыт бойы өзіне ісіне адал болып, командасын алаңға бастап шығып жүрген кәнігі капитан.

Бір кездері ұлттық құрамамызға да шақырылып 9 рет алаңға шыққан. 1999 жылыҚазақстанның олимпиадалық құрамасына  шақырылып 10 ойын өткізген.  

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионаты, қола жүлде – 1999 жыл, «Қайрат»

Шығыс-Азия ойындары, қола жүлде – 2001 жылы, Қазақстан клубтары құрамасы

Қазақстан чемпионы – 2003 жыл, «Ертіс»

Қазақстан чемпионаты, күміс жүлде – 2004 жыл, «Ертіс»

Қазақстан кубогының иегері – 2005 жыл, «Жеңіс»

Қазақстан кубогының финалисі – 2006 жыл, «Астана»

Қазақстан чемпионы – 2006 жыл, «Астана»

Қазақстан чемпионаты, күміс жүлде – 2011 жыл, «Жетісу»

 

1999, 2002, 2003, 2004 және 2010 жылдары (бес рет) Қазақстанның 33 үздік футболшысының қатарына кірген.

 


 

Бек Төлеуов, «Sport» газеті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға