Жаңалықтар

Асанқайғыдан Махамбетке дейiн

 Қазақ әдебиетінің сүбелі кезеңі XV - XVIII ғасырларға тиесілі. XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды. Әбілқайыр ханмен келісімге келе алмаған Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып, жаңа мемлекет құрды.              Қазақ мемлекетінің құрылуы тарихта ғана емес, әдебиетте де үлкен із қалдырғаны сөзсіз. Көшпелі тұрмыс үшін, жаз жайлауын, қыс қыстауын тастап кету - үлкен қасіреттердің бірі. Ел мен жерге деген қимас сезім ғалым М.Мағауиннің жазуынша: «Біздің заманымызға сол кездегі халық зарын көрсететін, «Ноғай қазақтың айналуы», «Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде» сияқты күйлер жетті. Қазақ ССР Ғылым Академиясының қолжазбалар қорындағы қазақ  халқының құрылуы дәуініндігі  белгілі тарихи оқиғалардан көрініс беретін ұзынды - қысқалы өлең, жыр, поэзиялар бар. Бұл шығармалардан кейбір рулардың ата - қонысынан аууға онша құштар болмағандығы аңғарылады.             «Еділ менен жайыққа              Ешбір жердің теңі жоқ!»             « ... Шүлдірлеген сарт - өзбек              Барғанменен бізге не қылар?              Қоныстан ауып барған соң              Біздерге сын тағдырлар...              Мекен еткен Жайықты              Қатын - бала сағынар».   Алайда көшпенділік рух жеңіп, рубасылық айтқан:              « Бұрынғы өткен атамыз               Көшемін деп өлді ме,              Қырымды тастап Едіге              Ақылы жоқтан келді ме»,- Деген сөздердің салмағы басым түседі....Ел ескі қоныспен, онда қалып бара жатқан бауырлас, аталас туысқан жұрт пен жылап айырылысады.             Қазақ халқының құралу дәуіріндегі кейбір тарихи оқиғалардың елесі туған әдебиетіміздің төлбасылары Асан қайғы мен Қазтуған шығармаларынан айқын аңғарылады.(М. Мағауин «Ғасырлар бедері». А.,1991, 15-16беттер).             Қазақ өлеңіндегі ерекше орны бар жыраулар поэзиясы қазақ елінің соғысты, майданды кезеңінен хабар береді. Жырау - өз тайпасының ақылгөйі. Қазақ әдебиетіндегі қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулар қан майданда ерлігіменде сыналған ерлер. Жыраудың туындысы - толғау. Толғау - толғану, толғаныс деген мағына береді. Толғау ой сезімге құрылады. М. Мағауин толғауды ойға құрылған және сырға құрылған (лирикалық) толғау деп жіктеуге болады дейді. Жыраулар поэзиясын алғашқы бағалаған жандардың бірі - Ш.Уәлиханов. Доспанбет жырау еңбектерінің үзіндісін В.Радлов жариялаған. М.Әуезов те «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінде Асан қайғы жайында молынан айтады.             Жыраулар поэзиясы ерлікті, батырлықты, азаматтықты дәріптейді. Бұған қоса өмірдің жалған екеніне мән бере тұрып, адамгершілік, әдеп мәселесінен толғайды.             XVII ғасыр - қазақ үшін ең ауыр, күйзелісті уақыт болып табылады. Жоңғар қалмақтары 1723 жылы күтпеген жерден самсаған қалың қолмен қазақ мемлекетіне басып кірді.             «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталатын бұл кезең қазақ әдебиетінде мол суреттеледі. «Қаратаудың басынан көш келеді» деп басталар «Елім -ай » әні - сол мұңлы шақтан қалған мұра.             Ұлан - ғайыр даланы мекендеген қазақ елін құртпақшы болған Қытай, Ресей империясының зұлым ойлары жүзеге аспай, қазақ мемлекеті айырылған жерлерін қайтарып алады. Осындай қиын кезде хан, батырлармен бірге жыраулардың да ерен еңбегі көрінеді. Олар елдің ұйытқысы болып, қайтаратын жанып, бостандыққа үндейді. Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы  
26.04.2013 04:48 3821

 Қазақ әдебиетінің сүбелі кезеңі XV - XVIII ғасырларға тиесілі. XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды. Әбілқайыр ханмен келісімге келе алмаған Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып, жаңа мемлекет құрды. 

            Қазақ мемлекетінің құрылуы тарихта ғана емес, әдебиетте де үлкен із қалдырғаны сөзсіз. Көшпелі тұрмыс үшін, жаз жайлауын, қыс қыстауын тастап кету - үлкен қасіреттердің бірі. Ел мен жерге деген қимас сезім ғалым М.Мағауиннің жазуынша: «Біздің заманымызға сол кездегі халық зарын көрсететін, «Ноғай қазақтың айналуы», «Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде» сияқты күйлер жетті. Қазақ ССР Ғылым Академиясының қолжазбалар қорындағы қазақ  халқының құрылуы дәуініндігі  белгілі тарихи оқиғалардан көрініс беретін ұзынды - қысқалы өлең, жыр, поэзиялар бар. Бұл шығармалардан кейбір рулардың ата - қонысынан аууға онша құштар болмағандығы аңғарылады.

            «Еділ менен жайыққа

             Ешбір жердің теңі жоқ!»

            « ... Шүлдірлеген сарт - өзбек

             Барғанменен бізге не қылар?

             Қоныстан ауып барған соң

             Біздерге сын тағдырлар...

             Мекен еткен Жайықты

             Қатын - бала сағынар».

 

Алайда көшпенділік рух жеңіп, рубасылық айтқан:

             « Бұрынғы өткен атамыз

              Көшемін деп өлді ме,

             Қырымды тастап Едіге

             Ақылы жоқтан келді ме»,-

Деген сөздердің салмағы басым түседі....Ел ескі қоныспен, онда қалып бара жатқан бауырлас, аталас туысқан жұрт пен жылап айырылысады.

            Қазақ халқының құралу дәуіріндегі кейбір тарихи оқиғалардың елесі туған әдебиетіміздің төлбасылары Асан қайғы мен Қазтуған шығармаларынан айқын аңғарылады.(М. Мағауин «Ғасырлар бедері». А.,1991, 15-16беттер).

            Қазақ өлеңіндегі ерекше орны бар жыраулар поэзиясы қазақ елінің соғысты, майданды кезеңінен хабар береді. Жырау - өз тайпасының ақылгөйі. Қазақ әдебиетіндегі қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулар қан майданда ерлігіменде сыналған ерлер. Жыраудың туындысы - толғау. Толғау - толғану, толғаныс деген мағына береді. Толғау ой сезімге құрылады. М. Мағауин толғауды ойға құрылған және сырға құрылған (лирикалық) толғау деп жіктеуге болады дейді. Жыраулар поэзиясын алғашқы бағалаған жандардың бірі - Ш.Уәлиханов. Доспанбет жырау еңбектерінің үзіндісін В.Радлов жариялаған. М.Әуезов те «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінде Асан қайғы жайында молынан айтады.

            Жыраулар поэзиясы ерлікті, батырлықты, азаматтықты дәріптейді. Бұған қоса өмірдің жалған екеніне мән бере тұрып, адамгершілік, әдеп мәселесінен толғайды.

            XVII ғасыр - қазақ үшін ең ауыр, күйзелісті уақыт болып табылады. Жоңғар қалмақтары 1723 жылы күтпеген жерден самсаған қалың қолмен қазақ мемлекетіне басып кірді.

            «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталатын бұл кезең қазақ әдебиетінде мол суреттеледі. «Қаратаудың басынан көш келеді» деп басталар «Елім -ай » әні - сол мұңлы шақтан қалған мұра.

            Ұлан - ғайыр даланы мекендеген қазақ елін құртпақшы болған Қытай, Ресей империясының зұлым ойлары жүзеге аспай, қазақ мемлекеті айырылған жерлерін қайтарып алады. Осындай қиын кезде хан, батырлармен бірге жыраулардың да ерен еңбегі көрінеді. Олар елдің ұйытқысы болып, қайтаратын жанып, бостандыққа үндейді.

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға