Жаңалықтар

Қояс руы

  Шәлгез шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып «ноғайлы» не «ноғай-қазақ» руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы «ноғайлы» руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шәлгез Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады. «...Өз заманы үшін қадірлі де құрметті кейбір шығармалары ауызша ғана тарап қоймай, жазбаша да тарағандығы туралы болжам жасауға итермелейді. Мүмкін, бізге жеткен М.Османов, Ғ.Мұштах (Ғ.Қараш) жинақтарына негіз болған ел ішіндегі қолжазбалар, Үпі архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» сол дәуірдегі жазбалардан біреу көшіру арқылы жеткен мұралар болар. Мұндай жазбалар ертелі-кешті архив қазыналары мен сол кезде ноғайлы аталған аймақтан тараған түркі тілдес халықтар арасынан табылуы мүмкін.  Шәлгездің «Ғизмет иәм би Темір», «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі. Ал Шәлгез мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының қазақ арасынан жиналып, алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген. Шәлгездің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау – «от басы. Ошақ қасының» қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді. Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ. Көп ішінде бір жалғыз  Көп мұңайып жылайды.  Күйбеңдеген көп жаман  Сөзі тигенге ұқсайды. Міне, алғашқы тираданың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар айтқандай, жай жоспармен, меңзей толғайды. Ал екінші шумақта өзі үшін Темір би кім еді, үшіншіде өзі Темір үшін кім еді, - соны жырлайды. Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас биік, тепсінген тегеурінмен Темір биді тізгіндеп, жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шәлгез бұл тұста «шамаңды біл, жасық жима, асыл жи» дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ-адалдығын дамыта, тереңдете түседі.  Шәлгез жырларында суреттелетін адамдар – Темір, Әзике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «Мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз. Темірді құдіретті етіп көрсетуде жырау оны сахара аспаны астында көздеген жеміне жасындай ойнап, жайдай жарқ етер сұңқардың тегеурініне балайды. Жырау «қу сұлтаны – саһар, саһарды сайлап қаусырған боз сұңқар» - Темірді құс азғыны құладынға қарама-қарсы қойып, шендестіре суреттейді. Шәлгез бейнелеуінің әсерлілігі сол - әлгі сұңқардың сұмдық қайрат-қуаты мен қимыл-әрекетін көріп отырғандай сезінесің. Демек, бұл жырау сөзінің эмоциялық әсер-қуатының күштілігі.  Шәлгездің «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Әжіқам, сен Мансұрұлы Тоқусан», «Мен иемнің күнінде» сияқты өлеңдерінде Темір бейнесін толықтыра түсер детальдар мол. Бұлардың қай-қайсысында да Темір туралы үлкен мақтаныш сезіммен мадақтай жырлайды. Шәлгез аталған жырларда Арық хан, Әзике, Мансұр сияқты шонжарларды Темір образына қарама-қарсы бейнеде суреттейді. Жырау бейнелеуіне қарағанда, Арық хан – Темірдің тегеурініне төтеп бере алмас төменшік адам, Әзике – қатыгез, әділетсіз мырза.
26.04.2013 04:29 13090

 

Шәлгез шыққан Қояс руы қазіргі ноғай халқы құрамындағы тайпалар мен ру аттары арасында кездеспейді. Бұған қарағанда, Ноғай Ордасының көптеген рулары Еділдің Кавказ бетіне көшенде, Қояс руы түгелдей Алшын арасында қалса керек. Немесе Қояс руы Ноғай батыр дәуірінен (ХІІІ ғ-дан бері) Алшын арасында жүрген түрік-моңғол руларының бірі, кейін барып «ноғайлы» не «ноғай-қазақ» руы құрамына кіруі мүмкін. Демек, Қояс руы бағзы «ноғайлы» руы болсын әлде Ноғай Ордасы сарқыншағы болсын, қалай болғанда да, Шәлгез Ноғайлы елінде, Ноғайлы аймағында – Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келіп, бар өмірін Еділ, Жайықтан Қазан мен Түменге, Жемнен Сыр сағасына дейінгі Қыпшақ даласында өткізгендігі аңғарылады.

«...Өз заманы үшін қадірлі де құрметті кейбір шығармалары ауызша ғана тарап қоймай, жазбаша да тарағандығы туралы болжам жасауға итермелейді. Мүмкін, бізге жеткен М.Османов, Ғ.Мұштах (Ғ.Қараш) жинақтарына негіз болған ел ішіндегі қолжазбалар, Үпі архивіндегі «Қазақ өлеңдері мен хиссалары» сол дәуірдегі жазбалардан біреу көшіру арқылы жеткен мұралар болар. Мұндай жазбалар ертелі-кешті архив қазыналары мен сол кезде ноғайлы аталған аймақтан тараған түркі тілдес халықтар арасынан табылуы мүмкін. 
Шәлгездің «Ғизмет иәм би Темір», «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі. Ал Шәлгез мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының қазақ арасынан жиналып, алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген.

Шәлгездің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау – «от басы. Ошақ қасының» қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді.

Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.

Көп ішінде бір жалғыз 
Көп мұңайып жылайды. 
Күйбеңдеген көп жаман 
Сөзі тигенге ұқсайды.

Міне, алғашқы тираданың соңғы төрт жолының өзінде де жанама хабар айтқандай, жай жоспармен, меңзей толғайды. Ал екінші шумақта өзі үшін Темір би кім еді, үшіншіде өзі Темір үшін кім еді, - соны жырлайды.

Кемел ақыл, кенен ой, бұлтартпас биік, тепсінген тегеурінмен Темір биді тізгіндеп, жуасытып алған жырау кейінгі бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы шумақтарында ақыл, ғибратқа көшеді. Шәлгез бұл тұста «шамаңды біл, жасық жима, асыл жи» дегендей. Тек толғау соңында ғана тағы да бәсік көңілмен үшінші шумақта айтқан Темірге ақ-адалдығын дамыта, тереңдете түседі. 
Шәлгез жырларында суреттелетін адамдар – Темір, Әзике, Мансұр, Арық хан және жыраудың өзі. Жыраудың өзін біз көбінесе лирикалық «Мені» арқылы танимыз. Осылардың ішінде жыраудың Темір би мен өзін бейнелеуінен сөз зергерлігін анық аңғарамыз.

Темірді құдіретті етіп көрсетуде жырау оны сахара аспаны астында көздеген жеміне жасындай ойнап, жайдай жарқ етер сұңқардың тегеурініне балайды. Жырау «қу сұлтаны – саһар, саһарды сайлап қаусырған боз сұңқар» - Темірді құс азғыны құладынға қарама-қарсы қойып, шендестіре суреттейді. Шәлгез бейнелеуінің әсерлілігі сол - әлгі сұңқардың сұмдық қайрат-қуаты мен қимыл-әрекетін көріп отырғандай сезінесің. Демек, бұл жырау сөзінің эмоциялық әсер-қуатының күштілігі. 
Шәлгездің «Арық хан», «Боз үстінде от жаққан», «Әжіқам, сен Мансұрұлы Тоқусан», «Мен иемнің күнінде» сияқты өлеңдерінде Темір бейнесін толықтыра түсер детальдар мол. Бұлардың қай-қайсысында да Темір туралы үлкен мақтаныш сезіммен мадақтай жырлайды.

Шәлгез аталған жырларда Арық хан, Әзике, Мансұр сияқты шонжарларды Темір образына қарама-қарсы бейнеде суреттейді.

Жырау бейнелеуіне қарағанда, Арық хан – Темірдің тегеурініне төтеп бере алмас төменшік адам, Әзике – қатыгез, әділетсіз мырза.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға