Жаңалықтар

Шетелдік "көшпенді" Қазақстанда экотуризмді дамытқысы келеді

24.04.2013   Алматыда тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болған Дагмар Шрайбер өзін "көшпендімін" деп атайды. Шетелдік әйел Қазақстанда кенже қалған экологиялық туризмді дамытуға көмектесіп жүр. Германия азаматы, 50 жастағы Дагмар Шрайбер Санкт-Петербург пен Мәскеуде философия факультетінде оқыған.   Дагмардың айтуынша, ол Қазақстанға алғаш рет 1994 жылы, экономикада бетбұрыстар басталған тұста келген. Дагмар Қазақстанға дүниежүзілік банк жобасы аясында халықтың тұрмыс деңгейін зерттейтін социолог ретінде келген. Бұл жоба бойынша ол үш жыл жұмыс істепті. Қазақстандағы отбасылық қарым-қатынастардың беріктігі Дагмарды таң қалдырған. Оның айтуынша, бүкіл отбасы болып бір адамға көмектесетін дәстүр Германияда жоқ. Дагмар Шрайбер мамандығын ауыстырып, Қазақстан туралы кітап жаза бастайды. "Менен әдетте "Қай елге бара жатырсың? Қазақстан деген қандай ел?" деп сұрайды. Шығыс Германия тұрғындары бұл елдің бұрынғы Совет одағының бір бөлігі екенін біледі, ал Батыс Германия тұрғындары Қазақстан туралы мүлде естімеген. Олар Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырады. Басымды қауіп-қатерге тігіп, елді көп араладым. "Жол көрсеткіш" деген төртінші кітабымды жазып, Германияда шығардым. Ағылшын тіліне аудардым. Былайша айтқанда, бизнесіме арналған өзімнің нұсқаулығымды жазып шықтым десе болады", - дейді Дагмар Шрайбер. Дагмардың айтуынша, сәуірден бастап қыркүйек айына дейін Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер көп келеді. Олардың ішінде әсіресе ботаниктер мен орнитологтар, бұл өлкенің өзіндік ерекшелігі барын байқаған табиғат әуесқойлары көп. "Қазақстанда жабайы қызғалдақтың 38 түрі өседі. Құстардың Еуропада кездеспейтін сирек түрлері мекендейді. Осындағы имектұмсық немесе сары торғайды бір көру үшін туристер виза алудың қиындығына да, жол ауыртпалығына да, қонақ үйдің жұпынылығына да төзуге әзір", - дейді Дагмар Шрайбер. Дагмар 2008 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келді. Визасын жыл сайын ұзартады. Оның айтуынша, Қазақстанның виза жүйесіне көңілі толмайтын шетелдіктер, әсіресе Батыс елдерінен келетін туристер виза алу тәртібі жеңілдетілгенін қалайды. Қазақстанның туристік қауымдастығында жұмыс істейтін Дагмар экологиялық туризмді дамытуға көмектесіп жүр. "Экотуризмнің мәні - туризм мен әлеуметтік-ағарту жүйесін ұштастыра жүргізу. Әдетте турист қаланың у-шуынан тыс жерде демалғысы келеді. Бірақ қонақ үйлер тұрғызылса, табиғаттың көркі бұзылады. Туристер демалатын әлгі табиғи орындардың іргесінде ауылдар бар. Егер ауыл тұрғындарын туризм саласындағы жұмысқа тартсақ, олар еңбек етіп, ақша табар еді", - дейді Дагмар Шрайбер. Ол Қазақстандағы мұндай экоауылдарды да атап шықты: Оңтүстік Қазақстанда – Ақсу-Жабағалы қорығы, Алматы облысында – Көлсай көлдері, Ақмола облысында – Қорғалжын қорығы, ал Қарағанды облысында экомұражай жұмыс істейді. "Азаттық" радиосы www.azattyq.org
25.04.2013 12:01 3410

24.04.2013

 

Алматыда тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болған Дагмар Шрайбер өзін "көшпендімін" деп атайды.

Шетелдік әйел Қазақстанда кенже қалған экологиялық туризмді дамытуға көмектесіп жүр. Германия азаматы, 50 жастағы Дагмар Шрайбер Санкт-Петербург пен Мәскеуде философия факультетінде оқыған.

 

Дагмардың айтуынша, ол Қазақстанға алғаш рет 1994 жылы, экономикада бетбұрыстар басталған тұста келген.
Дагмар Қазақстанға дүниежүзілік банк жобасы аясында халықтың тұрмыс деңгейін зерттейтін социолог ретінде келген. Бұл жоба бойынша ол үш жыл жұмыс істепті.

Қазақстандағы отбасылық қарым-қатынастардың беріктігі Дагмарды таң қалдырған. Оның айтуынша, бүкіл отбасы болып бір адамға көмектесетін дәстүр Германияда жоқ.

Дагмар Шрайбер мамандығын ауыстырып, Қазақстан туралы кітап жаза бастайды.

"Менен әдетте "Қай елге бара жатырсың? Қазақстан деген қандай ел?" деп сұрайды. Шығыс Германия тұрғындары бұл елдің бұрынғы Совет одағының бір бөлігі екенін біледі, ал Батыс Германия тұрғындары Қазақстан туралы мүлде естімеген. Олар Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырады. Басымды қауіп-қатерге тігіп, елді көп араладым. "Жол көрсеткіш" деген төртінші кітабымды жазып, Германияда шығардым. Ағылшын тіліне аудардым. Былайша айтқанда, бизнесіме арналған өзімнің нұсқаулығымды жазып шықтым десе болады", - дейді Дагмар Шрайбер.

Дагмардың айтуынша, сәуірден бастап қыркүйек айына дейін Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер көп келеді. Олардың ішінде әсіресе ботаниктер мен орнитологтар, бұл өлкенің өзіндік ерекшелігі барын байқаған табиғат әуесқойлары көп.

"Қазақстанда жабайы қызғалдақтың 38 түрі өседі. Құстардың Еуропада кездеспейтін сирек түрлері мекендейді. Осындағы имектұмсық немесе сары торғайды бір көру үшін туристер виза алудың қиындығына да, жол ауыртпалығына да, қонақ үйдің жұпынылығына да төзуге әзір", - дейді Дагмар Шрайбер.

Дагмар 2008 жылы Қазақстанға біржолата көшіп келді. Визасын жыл сайын ұзартады. Оның айтуынша, Қазақстанның виза жүйесіне көңілі толмайтын шетелдіктер, әсіресе Батыс елдерінен келетін туристер виза алу тәртібі жеңілдетілгенін қалайды.

Қазақстанның туристік қауымдастығында жұмыс істейтін Дагмар экологиялық туризмді дамытуға көмектесіп жүр.

"Экотуризмнің мәні - туризм мен әлеуметтік-ағарту жүйесін ұштастыра жүргізу. Әдетте турист қаланың у-шуынан тыс жерде демалғысы келеді. Бірақ қонақ үйлер тұрғызылса, табиғаттың көркі бұзылады. Туристер демалатын әлгі табиғи орындардың іргесінде ауылдар бар. Егер ауыл тұрғындарын туризм саласындағы жұмысқа тартсақ, олар еңбек етіп, ақша табар еді", - дейді Дагмар Шрайбер.

Ол Қазақстандағы мұндай экоауылдарды да атап шықты: Оңтүстік Қазақстанда – Ақсу-Жабағалы қорығы, Алматы облысында – Көлсай көлдері, Ақмола облысында – Қорғалжын қорығы, ал Қарағанды облысында экомұражай жұмыс істейді.

"Азаттық" радиосы
www.azattyq.org

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға