Жаңалықтар

Атырауда малды спутниктен бақылайды

Ауыл шаруашылығы малдары санын бірдейлендіру бүгінгі күнгі маңызды шаруалардың бірі болып отыр. Малдар санын бірдейлендіру арқылы олардың нақты есебін алу, дер кезінде мал дәрігерлік көмек көрсету, жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, диагностикалық шаралар жүргізу уақытына сай өтеді. Облыстық әкімдікте  қала, аудан әкімдері орынбасарлары, бөлім басшылары, ветеринар мамандардың қатысуымен өткен жиында ауыл шаруашылығы малдары санын бірдейлендіру бойынша «Әміржан Агро» ЖШС ұсынған чиптау әдісінің тұсаукесері болып өтті. Чиптау - бірдейлендірудің қазіргі заманғы түрі, ол мал шаруашылығының барлық саласына қолданылады. Серіктестік директоры Хамза Шубаевтың айтуынша, чиптаудың негізгі ерекшеліктері  - фальсификацияға жол берілмейді, малдың нөмірі оның бүкіл өмірі бойына сақталады, нөмірді жоғалту не қолдан жасау мүмкін емес. Чиптау үшін бірнеше құрал-жабдықтар түрі ұсынылады. Микрочип - бұл электрондық құрылғы, оның қабылдау, беру және кодты есте сақтау блогы бар, үлкендігі күріштің дәніндей. Ол малдың терісінің астына егіледі. Оған арнайы шприц қолданылады. Тағы бір түрі - сканер, оның бірнеше түрлері бар және ол микрочиптегі нөмерді танып, оқи алады. Маманның айтуынша, чиптау тәсілі өте қарапайым, ол кәдімгідей егу секілді, жануардың денесін ешқандай ауыртпайды. Бірақ, алдымен малдың егілетін тұсын дезинфикациялау қажет. Егілген малдар арнайы мәліметтер базасына енгізілгеннен кейін оны спутник арқылы табуға болады екен. Қазіргі мал ұрлығы өршіп тұрған кезде бұл өте тиімді әдіс әрі чиптелген малдың нөмірі ішкі істер бөлімінде де тіркеліп тұрады. ҚазАқпарат.
25.04.2013 10:50 3604

Ауыл шаруашылығы малдары санын бірдейлендіру бүгінгі күнгі маңызды шаруалардың бірі болып отыр. Малдар санын бірдейлендіру арқылы олардың нақты есебін алу, дер кезінде мал дәрігерлік көмек көрсету, жұқпалы мал ауруларына қарсы егу, диагностикалық шаралар жүргізу уақытына сай өтеді.

Облыстық әкімдікте  қала, аудан әкімдері орынбасарлары, бөлім басшылары, ветеринар мамандардың қатысуымен өткен жиында ауыл шаруашылығы малдары санын бірдейлендіру бойынша «Әміржан Агро» ЖШС ұсынған чиптау әдісінің тұсаукесері болып өтті. Чиптау - бірдейлендірудің қазіргі заманғы түрі, ол мал шаруашылығының барлық саласына қолданылады. Серіктестік директоры Хамза Шубаевтың айтуынша, чиптаудың негізгі ерекшеліктері  - фальсификацияға жол берілмейді, малдың нөмірі оның бүкіл өмірі бойына сақталады, нөмірді жоғалту не қолдан жасау мүмкін емес.

Чиптау үшін бірнеше құрал-жабдықтар түрі ұсынылады. Микрочип - бұл электрондық құрылғы, оның қабылдау, беру және кодты есте сақтау блогы бар, үлкендігі күріштің дәніндей. Ол малдың терісінің астына егіледі. Оған арнайы шприц қолданылады. Тағы бір түрі - сканер, оның бірнеше түрлері бар және ол микрочиптегі нөмерді танып, оқи алады. Маманның айтуынша, чиптау тәсілі өте қарапайым, ол кәдімгідей егу секілді, жануардың денесін ешқандай ауыртпайды. Бірақ, алдымен малдың егілетін тұсын дезинфикациялау қажет. Егілген малдар арнайы мәліметтер базасына енгізілгеннен кейін оны спутник арқылы табуға болады екен. Қазіргі мал ұрлығы өршіп тұрған кезде бұл өте тиімді әдіс әрі чиптелген малдың нөмірі ішкі істер бөлімінде де тіркеліп тұрады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға