Жаңалықтар

«Мен коммуниспiн!»

Мо Яньның аты бәйгеден келгенге дейiн әдебиет сыншыларының бiразы «Қытайдың бүгiнгi прозаиктерi Нобель сыйлығын алуға дайын емес» деп келдi. Қытайдың саясатын алға тартқан олар соңғы ширек ғасырда әдебиет майданына келген жазушылардың денi үкiметтiң сойылын соқпаса да, оның айтқанынан шықпайтын жазғыштар деп бағалайды. Нобель сыйлығының тарихына назар салсақ, бұндай әдебиетшiлерге сыйлықтың есiгi көп ашыла бермеген. 2000 жылы француз иелiгiндегi қытайлық Гау Шиңжанның сыйлыққа ие болуы жазушының Қытай үкiметiн 1989 жылы Тяньнанмэнь алаңында студенттерге жасаған қырғынды батыл сынауымен қатысты делiнедi. Алайда, Мо Янь шығармаларына назар салсақ, оның өз тұрғысынан Қытай үкiметiмен белгiлi бiр аралық сақтап келгенiн, тiптi, сынап келгенiн де байқаймыз. Жазушы шығармаларында өткен ғасырдың 30-жылдарындағы тарихи оқиғалардан бастап 50-60-жылдардағы аштық пен саяси дүрбелеңдi жазған. Одан кейiн саяси дүрбелеңдердiң салдарын көтерген. Ал, соңғы шығармаларында қытайдың бүгiнгi баланы жоспарлы туу мәселесiне сын айтады. Қорыта айтқанда, жазушы өз шығармалары арқылы қытайдың бiр ғасырға жуық тарихының шежiресiн жасаған. Және оны әлемдiк әдебиеттiң талғамына сай белгiлi бiр көркемдiк деңгейге көтерген. «Мен коммуниспiн. Нобель сыйлығы коммунистерге берiлмейдi деген сөз жоқ. М.Шолохов, Жан Поль Сартр сияқты коммунистер Нобель сыйлығын алған. Коммунист болу олардың мықты шығарма жазуына кедергi келтiрген жоқ», — деп жауап берген Мо Янь тiлшiлердiң аталған тақырыптағы сұрағына. «Мен көркем әдебиетке тән өмiр шындығын жаздым. Партиялық көзқарастың шеңберi мен үшiн әлдеқашан келмеске кеткен», — дейдi жазушы тағы бiр сөзiнде. Қытай қақпасын ашу  Швед әдебиет академиясының Мо Яньды таңдауының тағы бiр себебi коммунистер басқарып отырған бүгiнгi Қытай елiнiң жағдайына да қатысты болса керек. Соңғы ширек ғасырда қытай коммунистерi жоспарлы шаруашылықтан бас тартып, қоғамға нарықты кiргiздi. Осының нәтижесiнде Қытайда түбiрлi өзгерiстер орын алды. Ширек ғасыр бұрын коммунистер жазушыларды қатаң бақылауда ұстайтын болса, бүгiнде жазушының қаламына жармасатын билiк жоқ. Оның орнына үкiмет жазушыларды ерекше қоғамдық топ ретiнде бағалап, оларды өз саяси жүйесiнiң бiр бөлшегiне айналдырған. Қытайдың Мо Яньмен деңгейлес жазушыларының денi кәсiби жазушы, басылымдардың редакторы, т.б. жұмыстармен қатар Қытай коммунистiк партиясының әр түрлi дәрежелi саяси кеңесiнiң мүшесi саналады. Басқаша айтқанда, жазушылар жүйенiң сыртында емес, iшiнде жүр. Олар не жазса да, кiмдi сынаса да белгiлi жақтан жүйенiң өз-өзiне сыны болып қабылданады. Былайғы қарапайым халық та солай деп түсiне бастаған. Бұл — олардың шығармашылықта билiкке сын айтқанымен, айқын оппозициялық саясат ұстануына кедергi келтiрiп отырды. Сонымен бiрге жоғарыдағыдай тәсiл арқылы жазушылардың халық алдында үкiметке балама көзқарас айтатын тұлға ретiндегi рөлi төмендетiлдi. Уақыт ұзара келе бұл қытай жазушыларының бұрынғыдай қоғамда зор толқу тудыра алатын мүмкiндiгiн әлсiреттi. Айталық, Мо Янь соңғы жазған «Балақай» романында жоспарлы туу саясатын қатаң сынап жазса да, үкiметтiң одан қортынды шығарғаны шамалы. Нобель сыйлығы жазушыны осы тығырықтан шығарды. Ендi қытай қоғамы Латын Америкасы қоғамының бар былық-шылығын ақтарып тастаған Г.Маркестiң, саясатта өтiрiктiң қалай айтылатынын жерiне жете жазған Г.Грасстың, т.б. сұмдықтардың бетiн ашқан жазушылардың қатарында тұрған өз қандастары туралы ойланатыны даусыз. «Ол сонда не жазды екен?» деп жазушыны жата-жастана оқитыны да шындық. Швед әдебиет академиясының бiр ойы да осы болса керек. Қытай билiгi қабыл алатын жазушыға сыйлық беру арқылы қытайдың үкiметтiк ақпарат құралдарының күшiмен қытай қоғамында Нобель сыйлығының ықпалын кеңейтуге кең жол ашады. Қазiрдiң өзiнде Қытай билiгi Мо Яньды «тұңғыш Нобель әдебиет сыйлығын алған жазушымыз» деп бастарына көтере дәрiптеп жатыр. Бұл — 2000 жылы Гау Шиңжиан сыйлық алғанда ақпарат бермей, берсе де, Швед әдебиет академиясын «Бiздiң саясатымызға араласып отырған, жаулық пиғылдағы саяси ұйым» деп сынаған, Гаудың кiтаптарын жарыққа шығармай тастаған жағдаймен салыстырғанда мүлде басқа көрiнiс. Ендiгi жерде қытай халқы Мо Яньның арқасында Гау Шиңжианның да кiтаптарын ашық оқып қалуы бек мүмкiн. Қытай билiгi Мо Яньды «Нобель әдебиет сыйлығын алған тұңғыш қытайлық» деп айта бастады. Қытай әдебиетшi қауымы болса оны «қытай әдебиетiнiң Л.Синклерi» деп шулап жатыр. 1930 жылы Л.Синклер бiрiншi болып АҚШ әдебиетiне Нобель сыйлығын әкелiп, содан кейiнгi жарты ғасыр бойында америкалықтардың осы сыйлықты ең көп бағындырған ел ретiндегi тарихын бастап берген болатын. Қытайлар да сондай шұғылалы тарихтың басталуынан үмiттi.   Ардақ НҰРҒАЗЫҰЛЫ    
22.04.2013 05:16 3087

Мо Яньның аты бәйгеден келгенге дейiн әдебиет сыншыларының бiразы «Қытайдың бүгiнгi прозаиктерi Нобель сыйлығын алуға дайын емес» деп келдi. Қытайдың саясатын алға тартқан олар соңғы ширек ғасырда әдебиет майданына келген жазушылардың денi үкiметтiң сойылын соқпаса да, оның айтқанынан шықпайтын жазғыштар деп бағалайды. Нобель сыйлығының тарихына назар салсақ, бұндай әдебиетшiлерге сыйлықтың есiгi көп ашыла бермеген. 2000 жылы француз иелiгiндегi қытайлық Гау Шиңжанның сыйлыққа ие болуы жазушының Қытай үкiметiн 1989 жылы Тяньнанмэнь алаңында студенттерге жасаған қырғынды батыл сынауымен қатысты делiнедi. Алайда, Мо Янь шығармаларына назар салсақ, оның өз тұрғысынан Қытай үкiметiмен белгiлi бiр аралық сақтап келгенiн, тiптi, сынап келгенiн де байқаймыз. Жазушы шығармаларында өткен ғасырдың 30-жылдарындағы тарихи оқиғалардан бастап 50-60-жылдардағы аштық пен саяси дүрбелеңдi жазған. Одан кейiн саяси дүрбелеңдердiң салдарын көтерген. Ал, соңғы шығармаларында қытайдың бүгiнгi баланы жоспарлы туу мәселесiне сын айтады. Қорыта айтқанда, жазушы өз шығармалары арқылы қытайдың бiр ғасырға жуық тарихының шежiресiн жасаған. Және оны әлемдiк әдебиеттiң талғамына сай белгiлi бiр көркемдiк деңгейге көтерген.


«Мен коммуниспiн. Нобель сыйлығы коммунистерге берiлмейдi деген сөз жоқ. М.Шолохов, Жан Поль Сартр сияқты коммунистер Нобель сыйлығын алған. Коммунист болу олардың мықты шығарма жазуына кедергi келтiрген жоқ», — деп жауап берген Мо Янь тiлшiлердiң аталған тақырыптағы сұрағына. «Мен көркем әдебиетке тән өмiр шындығын жаздым. Партиялық көзқарастың шеңберi мен үшiн әлдеқашан келмеске кеткен», — дейдi жазушы тағы бiр сөзiнде.

Қытай қақпасын ашу 


Швед әдебиет академиясының Мо Яньды таңдауының тағы бiр себебi коммунистер басқарып отырған бүгiнгi Қытай елiнiң жағдайына да қатысты болса керек. Соңғы ширек ғасырда қытай коммунистерi жоспарлы шаруашылықтан бас тартып, қоғамға нарықты кiргiздi. Осының нәтижесiнде Қытайда түбiрлi өзгерiстер орын алды. Ширек ғасыр бұрын коммунистер жазушыларды қатаң бақылауда ұстайтын болса, бүгiнде жазушының қаламына жармасатын билiк жоқ. Оның орнына үкiмет жазушыларды ерекше қоғамдық топ ретiнде бағалап, оларды өз саяси жүйесiнiң бiр бөлшегiне айналдырған. Қытайдың Мо Яньмен деңгейлес жазушыларының денi кәсiби жазушы, басылымдардың редакторы, т.б. жұмыстармен қатар Қытай коммунистiк партиясының әр түрлi дәрежелi саяси кеңесiнiң мүшесi саналады. Басқаша айтқанда, жазушылар жүйенiң сыртында емес, iшiнде жүр. Олар не жазса да, кiмдi сынаса да белгiлi жақтан жүйенiң өз-өзiне сыны болып қабылданады. Былайғы қарапайым халық та солай деп түсiне бастаған. Бұл — олардың шығармашылықта билiкке сын айтқанымен, айқын оппозициялық саясат ұстануына кедергi келтiрiп отырды. Сонымен бiрге жоғарыдағыдай тәсiл арқылы жазушылардың халық алдында үкiметке балама көзқарас айтатын тұлға ретiндегi рөлi төмендетiлдi. Уақыт ұзара келе бұл қытай жазушыларының бұрынғыдай қоғамда зор толқу тудыра алатын мүмкiндiгiн әлсiреттi. Айталық, Мо Янь соңғы жазған «Балақай» романында жоспарлы туу саясатын қатаң сынап жазса да, үкiметтiң одан қортынды шығарғаны шамалы. Нобель сыйлығы жазушыны осы тығырықтан шығарды. Ендi қытай қоғамы Латын Америкасы қоғамының бар былық-шылығын ақтарып тастаған Г.Маркестiң, саясатта өтiрiктiң қалай айтылатынын жерiне жете жазған Г.Грасстың, т.б. сұмдықтардың бетiн ашқан жазушылардың қатарында тұрған өз қандастары туралы ойланатыны даусыз. «Ол сонда не жазды екен?» деп жазушыны жата-жастана оқитыны да шындық. Швед әдебиет академиясының бiр ойы да осы болса керек. Қытай билiгi қабыл алатын жазушыға сыйлық беру арқылы қытайдың үкiметтiк ақпарат құралдарының күшiмен қытай қоғамында Нобель сыйлығының ықпалын кеңейтуге кең жол ашады. Қазiрдiң өзiнде Қытай билiгi Мо Яньды «тұңғыш Нобель әдебиет сыйлығын алған жазушымыз» деп бастарына көтере дәрiптеп жатыр. Бұл — 2000 жылы Гау Шиңжиан сыйлық алғанда ақпарат бермей, берсе де, Швед әдебиет академиясын «Бiздiң саясатымызға араласып отырған, жаулық пиғылдағы саяси ұйым» деп сынаған, Гаудың кiтаптарын жарыққа шығармай тастаған жағдаймен салыстырғанда мүлде басқа көрiнiс. Ендiгi жерде қытай халқы Мо Яньның арқасында Гау Шиңжианның да кiтаптарын ашық оқып қалуы бек мүмкiн.

Қытай билiгi Мо Яньды «Нобель әдебиет сыйлығын алған тұңғыш қытайлық» деп айта бастады. Қытай әдебиетшi қауымы болса оны «қытай әдебиетiнiң Л.Синклерi» деп шулап жатыр. 1930 жылы Л.Синклер бiрiншi болып АҚШ әдебиетiне Нобель сыйлығын әкелiп, содан кейiнгi жарты ғасыр бойында америкалықтардың осы сыйлықты ең көп бағындырған ел ретiндегi тарихын бастап берген болатын. Қытайлар да сондай шұғылалы тарихтың басталуынан үмiттi.
 

Ардақ НҰРҒАЗЫҰЛЫ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға