Жаңалықтар

Алматы әкімі озат түлектерді марапаттады

Алматы әкімі озат түлектерді марапаттады
18.06.2022 12:56 1736

Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды. Озат түлектерге тиісті марапатты қала басшысы Ерболат Досаев табыстады, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл қала мектептерін 12 мыңнан астам түлек бітіріп, оның ішінде 605 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың үздік түлектерін құттықтап, оларға жоғары оқу орындарына түсу кезінде табыс тіледі.

— Жылдар бойы ұстаздардың сенімін, ата-ананың үмітін ақтап, білекке емес, білімге ғана сенетінін дәлелдей білген түлектерімізге «Алтын белгі» тапсыруға жиналып отырмыз. Қадамдарың сәтті болсын жас түлектер,- деді Ерболат Досаев.

Он бір жылғы білімнің белгісі - орта білім аттестатын биыл Алматыда 12 мыңнан аса және төрт республикалық мектептің 559 түлегі алды. Олардың 574-і алматылық, 31-і республикалық білім ошақтарынан жүзден жүйрік шығып, «Алтын белгі» иегері атанды.

— Ұлы Абай «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», деп айтқандай, жоғары білімді, білікті маман болып, болашақта еліміздің, қаламыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенеміз»,- деді шаһар басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға