Жаңалықтар

Жылытылған үйлердің саны артуда — Юрий Кусиди

Бүгін 600-ден астам жылу батареясы ауыстырылды
Жылытылған үйлердің саны артуда — Юрий Кусиди
Фото: primeminister.kz 04.12.2022 19:40 1314

Желтоқсанның 3-інен 4-іне қараған түні 600-ден астам батарей ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Алгоритм дұрыс. Алдымен жылу қалпына келтірілсе, кейін ыстық және суық су, кәріз жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Қала тұрғыны әрі тәжірибелі жылу инженері ретінде қала, облыс және басқа да қалалардың кәсіпорындары біздегі жылу жүйелерін жібіту және жүйені реттеу жұмыстарын толық көлемде жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Мен оң үрдісті көріп отырмын, - деп түсіндірді екібастұздық энергетик Евгений Сайбаталов.

Евгений Сайбаталов жұмыстың аязға байланысты қиындап тұрғанын, бірақ ақау шыққан жерлерде мамандардың жеткілікті екенін айтты. Қалада барлығы 500-ге жуық ірі кәсіпорындардың жұмысшылары жұмылдырылды.

Аяз кезінде жылу желісін іске қосу – нағыз ерлік. Мұздап қалған металмен ыстық су өткізу оңай емес. Бірақ мамандардың тәжірибесі оң нәтиже беріп жатқанын көріп отырмын. Жылытылған үйлердің саны артып жатқанын көріп қуанбасқа болмайды, – деді ұзақ жылдар бойы коммуналдық салада еңбек етіп келе жатқан, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары болған Юрий Кусиди.

Бұған дейін Екібастұз қаласының әкімдігі жылу құбырларында да, үй ішіндегі желілерде де қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаған болатын. Зардап шеккен пәтерлерде батарейлер ауыстырылуда. Желтоқсанның 3-інен 4-іне қараған түні 600-ден астам батарей ауыстырылды. Қала тұрғындарын батарейлер жеткілікті деп сендірді.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған. Бұған дейін Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалғандығы туралы жазған болатынбыз. Екібастұз ЖЭО апаттың себебіне қатысты түсініктеме берді. ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Екібастұздағы құбырлардың тозығы жеткенін айтты. Бүгін қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады. Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Жылудың болмауына байланысты Екібастұздың 123 тұрғыны эвакуацияланды. Үкімет бірқатар проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтауда. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысындағы бөлімшелері апаттың алғашқы күндерінен коммуналдық қызметтерге көмекке жұмылдырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын толық жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады.  Қазіргі уақытта 5200 жылу батареясы жеткізілді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға