Жаңалықтар

Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалыпты

Тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалыпты
Фото: ТЖМ 24.02.2023 09:45 3428

Тікұшақтағы төтенше жағдайда зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккен ер адамдар 1961 және 1987 жылы туған.

"Екеуіне де жабық бассүйек-ми жарақаты, миының шайқалуы, қабырға асты аймағының көгерген жарақаты диагнозы қойылды. Олар Орал қалалық көпсалалы ауруханасының нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайлары бірқалыпты", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын  жазған едік.

Кейіннен Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында  зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Кейін апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға