Жаңалықтар

БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақта зардап шеккендер бар

БҚО-да  апатты жағдайда қонған тікұшақта зардап шеккендер бар
Фото: pixabay.com 23.02.2023 19:54 867

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін БҚО-да «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.

Азаматтық авиация комитетінен нақтылап өткендей, Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта болған. Сағат 15:50-де «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды әуеден шолу үшін ұшып шыққан «Қазавиақұтқару»АҚ-ның Ми-8 тікұшағы жерге қатты екпінмен қонған.
«Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алғандар бар. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізетін болады», - делінген комитет хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға