Жаңалықтар

БҚО-да «Қазавиаспас» тікұшағы апатты жағдайда қонды

БҚО-да «Қазавиаспас» тікұшағы апатты жағдайда қонды
Фото: "Қазавиақұтқару" АҚ 23.02.2023 18:56 940

Мән-жайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Батыс Қазақстан облысында магистральді мұнай құбырын шолып қарау барысында «Қазавиаспас» тікұшағы апатты жағдайда қонды.Оқиға орнына аттанған мамандар себебін анықтайтын болады.

Әрине, мұндай фактілерге барынша жаупкершілікпен қараймыз. Борт сақтандырылған. Мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен. Экипажбен телефон арқылы әңгімелесу болды. Бортта болғандардың барлығы тірі. Қандай да бір құтқару жұмыстарына бұл жағдай әсер етпейді», - деді Р.Иманқұлов.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық құтқару қызметтері, соның ішінде авиация штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға