Жаңалықтар

Апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам мерт болды

Апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам мерт болды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 23.02.2023 20:28 1361

Батыс Қазақстан облысының аумағына шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Азаматтық авиация комитеті таратқан соңғы мәліметке сенсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен.

Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

Азаматтық авиация комитеті тікұшақ қатты қонған кезде қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады» деп хабарлады комитет.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын  жазған едік.

Кейіннен Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында  зардап шеккендер бар екенін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға