Жаңалықтар

Риддерліктерге ЖЭО 160 млн теңге қайтарды

Риддерліктерге ЖЭО 160 млн теңге қайтарды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 23.08.2023 02:23 425

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындарына жылу ақысын артық төлегені үшін 160 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Былтырғы жылыту маусымында Риддер халқы жылу электр орталығында жиі орын алған апат салдарынан қайта-қайта жылусыз қалған болатын. Соған қарамастан тұрғындар жылу ақысын үзбей төлеп келді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті 2022-2023 жылғы жылыту маусымының корытындысына сәйкес жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеді. Нәтижесінде «Риддер ЖЭО» АҚ өз тұтынушыларына 292 млн теңгені артық төлеткені анықталды.

Қазіргі уақытта Риддер қаласының тұрғындарына 160 млн теңге қайтарылды. Қалған 132 млн алдағы жылыту маусымынан 2023 жылдың соңына дейін өтеледі. Бүгінде ЖЭО-да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты бүкіл қала бойынша мамыр айынан бері ыстық су өшірілген. Сол үшін халық жаз бойы орталыққа еш ақша төлеген жоқ, - деп хабарлады департаменттен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға