Жаңалықтар

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Неке және отбасы ұғымы
Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары
03.11.2021 16:41 32241

Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының отбасыға қатысты қағида-ережелері сан алуан. Әрбір ата-ана ұрпақ көріп, ұлын-ұяға, қызын қияға қондыруға тырысады. Осы орайда З. Иманов пен Н.Өсеровтың «Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариғаттың әсері» еңбегін негізге ала отырып, неке және отбасы ұғымына қатысты түсініктерге тоқталатып өтеміз.

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Неке

Неке – қарама-қарсы екі жыныстың (ер мен әйел) келісе отырып, тұрмыс құру мақсатында өзара жасасқан міндеттемесі. Мұсылмандарда неке үш түрлі: тұрақты неке, уақытша неке және кәнизек неке болып бөлінеді. Біз имам Ағзам ағымында болғандықтан көбіне осы ағымнын қағидалары туралы мәлімет беріп отыруға тырысамыз. Имам Ағзам – уақытша некені қолдамайды. Қазақтарда неке түрі – біреу. Ол – тұрақты неке. Тұрақты неке болуда алдын ала талап етілетін қағида, ережелер бар. Олардың бірі – қалыңдық таңдау. Бұған тегі, пәктігі, ақыл-есі, тәртібі, діні, денсаулығы тағы да басқа мәселелер кіреді. Бұларды анықтау жағы көбіне ата-ана, туысқандарының міндетіне жүктеледі. Үйленуші қалыңдығын көрмеуі де мүмкін. Бірақ қандай ата-ана болмасын ұрпағының жаман болуын тілемейді.

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Келісім сұрау

Неке қиылып жатқанда екі жақтың өзара келісімі анықталатыны белгілі. Бұлай істеу – неке қиюшы молданың немесе ауыл үлкенінің парызы. Ал қалыңдық таңдарда қыздан міндетті түрде келісім алу шарт. Келісім беруші қыз – кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін болуы тиіс. Мұхаммед алейһис салам: «қызды тұрмысқа берер алдында анасымен ақылдасуды талап етеді. Әуелі, ата-анасы, кейін қызы разы болуы керек. Ақыл-есі кеміс қыздарды қызынын разылығын сұрамай-ақ ата-анасы бере береді. Шариғат бойынша дінсіз ата-ана ұл-қызына билік жүргізе алмайды. Қазақ ережелерінде бұндай талап қойылмайды. Бұл ислам аймақтарда ғана сақталған. Некеге кедергі жайттар – жақын туыстық, емшектестік, сүйек жақындық, жекжаттық және талақ айту жатады. Сонымен бірге әйел санының белгілі мөлшерден асуы, дінсіздік, мұсылмандық әсеріне жатады. Шариғат заңы бойынша жақын туыстығына орай алты жағдайда некелесуге тыйым салынады. Бұлардың көбі халық әдет-ғұрыптарымен ұштасып жатады. Дұрысын айтқанда, ғасырлар бойы қалыптасқан ережелер. Олар: анасы және онан тікелей өрбігендер, қызы және онан тікелей өрбігендер; ұлының қызы және онан тікелей өрбігендер; әпкесі және онан тікелей өрбігендер; әке және аға жағынан тікелей өрбігендер мен аға-інілінің қыздары. Сол секілді дінде заңсыз, яғни некесіз тұрмыс құрып, туылғандардың бәрімен некелесу тыйым салынады. Қазақтарда жеті атаға дейін қыз алыса беруге және сол секілді жоғарыда көрсетілген жагдайларда қыз берісіп, қыз алысуға тыйым салынады. Жақын адамдар қанының бір-біріне араласуы ұрпақ денсаулығына, ой-өрісініе көп зиян әкелетіні медициналық тұрғыдан анықталған жағдай. Оның үстіне туыстықтың әрі мен дәмі кетіп туыстықтан гөрі жегжаттық сипатқа ие болып кетеді.

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Емшектестік

Емшектес болғандар арасында неке қиылмайды. Шариғат бойынша 2 жасқа дейінгі нәресте басқаның емшегін 15 рет тойып емсе, емшектес деп саналады. Имам Ағзам қағидасы бойынша бір рет емсе де жетеді. Арабтарда басқаның емшегін емізу дәстүрі болып, жас баласын басқа бір жат бір әйелге асырауға берген. Мұхаммед пайғамбар да жас кезінде басқа біреудің емшегін еміп, өскен. Қазақтар да осы іспетті қағиданы ұстанады. Әйелдің емшегін емген басқа бір анадан туылған ұл-қыз да өз туысы болып саналып, қазақтар оларға үйленбейді.

Сүйек жақындық, жекжаттық

Мұсылманға әйелінің анасына үйленуге тыйым салынады. Өйткені, ол да өз анасына тенестіріледі. Сол секілді бірден екі апа-сіңіліліге қатар үйленуге де тыйым салынады. Қазақтарда да екі әпкесі-сіңліге бірден үйленуге болмайды. Тек бірі өлсе ғана екіншісіне үйленуге рұқсат етіледі. Әйел санының белгілі мөлшерден асуы, исламда кез келген мұсылман некелеспей тұрып, басқа бір әйелмен жақындасуды арам санайды. Бұл зинақорлық делініп, Алла алдында да, жүріс ең ауыр қылмыс саналады. Бұлай қарамаса, отбасы бұзылып, адам баласы азғынданады. Жетім балалар саны көбейіп, ұрпақ азады, түрлі ауру-сырқаттар көбейіп, қылмысқа жол ашылады. Қазақ әдетінде, шариғатта да ер адамга 4 әйелмен некелесуге рұқсат етіледі. Дегенмен, әйел алуға әрдайым рұқсат етіле бермейді. Соны ерлер жағы көп қазаға ұшырап, әйелдер жесір қалып, ерлерден әйелдер саны көбейіп кетсе теңдігін сақтау үшін, не болмаса әйелі ұрпақ жалғастыра алмайтын жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Қазақта күңдермен некелесуге тыйым салынбайды. Ал имам Ағзам қағидасы бойынша мейлі азат әйел, мейлі күн болсын бәрі қосылып төртеуден аспауы тиіс.

Қазақтарда ертеде, исламға дейін әйел санына шек қойылмаған. Тарихи деректерден ата-бабаларымыздың көп әйел алғанын жақсы білеміз. Өйткені мал бағып, көшпелі тұрмыспен күнелткен ата-бабаларымызға жұмыс істеуге қол қүші көп қажет болды. Шариғат бұл дәстүрді шектеп отыр. Құранда: «қаншама тырыссаңдар да әйелдердің арасына ешқашан әділдік жүргізе алмайсыңдар», – деп, әрі «егер оларды әділдікпен ұстап тұра алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар» – делінген. Өйткені, шариғат барлық әйелге бірдей қарауды талап етіп, оны бұзушыларды күнәһар ретінде қарайды. Алла тағала Адам Атаға тек бір һауа Ана бұйырғанын үлгі ұстайды.

Шариғат пұтқа табынушылар мен дінсіздерге үйленуге, тұрмысқа шығуға қатаң тыйым салады. Бұл жайлы Құранда да айтылған. Рас, Құранда кітап түсірілгендерге (йудей хоистианларға) үйленуге рұқсат етіледі. Кітап түсірілгендер деп, інжіл, Зәуір, Тауратқа мойын ұсынушыларды айтады. Ертеде, ислам тараған қазақтарда басқа қыз бермек түгіл. тұрмысқа шыққан қыздарды өлім жазасына кескен кезеңдер болған. Имам Ағзам қағидаларына сүйене отырып, қазақтар кітап түсірілгендерге үйлене береді. Бұрын қазақтардың тіпті қалмақтарға да үйленгені жасырын емес.

Талақ айту

Қазақ әдет-ғұрпы бойынша да, шариғатта да үш рет талақ айтылса, әйелімен қайта некелесу арам. Талақ – арабша сөз, мағынасы – «ажырасу». Бұл сөзді бірден, бір мезгілде, қатарынан үш рет айтуға болмайды, әрі әбден ойланып-толғанып, кесіп-пішіп барып айтуды міндеттейді. Ашу үстінде, мас кезінде айтылған талақ заңсыз. Алла заңдары, шариғатта да рұқсат еткендерінің ішіндегі ең ұнатпайтыны осы талақ айту. Шариғат ажырасуға мүлдем қарсы. Сол үшін де ажырасатындар өте күрделі талаптар мен сынақтардан өтулері керек. Міне, сондықтан да мұсылман елдерінде ажырасу, отбасынын бұзылуы мүлдем жоқтын қасы. Қазақтарда да қағида осыған ұқсас, отбасының бұзылмау жақтары қарастырылған. Халқымыз: «қайтып келген қыз жаман, қайта шапқап жау жаман» деген қағиданы берік ұстанған. Некелесу кезінде некеге тұрушылардың кәмелетке келген, некелесуге өзара келіскен ақыл, естері дұрыс болуларымен бірге неке рәсіміне екі куәгердің қатысуы міндеттеледі. Құл мен күң қожасының рұқсатынсыз некелесе алмайды. Некені асығыс түрде, жол жораларын бұзып қиюға мүлдем болмайды. Бұрын тұрмыс құрған әйел ата-анасының рұқсатынсыз некелесе беруге құқылы. Куәлікке екі жөне одан да көп адам қатыса береді. Куәгер екеуден кем болмауы тиіс. Имам Ағзам қағидасы бойынша бір еркек, екі әйел куәгерлік ете алды. Куәгерлер неке қию кезінде екі жактың өз еріктерімен некелесетіндіктерін есітіп, айғақтаса жетіп жатыр.

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Неке қию кезіндегі ерлі-зайыптылардың міндеттері:

Ері – әйелінің киім-кешек, тұрғын жай күн көріспен камтамасыз етуге міндеттеледі. Сондай-ақ , төрт айелі болса, әрбір түнді әр әйелімен кезекпен өткізуі тиіс деп көрсетеді шариғат. Бұл маһр мөлшері екі жақтың келісімі бойынша анықталады. Маһрын алғанға дейін әйелі ерін қасына жақындатпауға құқылы. Ал, қазақтардағы «жасау» сөзі осы маһрга жақын коледі. Арабтарда, яғни шариғат бойынша маһр әйелге берілсе, қазақтарда жасау ақысы қалыңмал ішіне кіреді;

Қазақтарда және олардың «Жеті жарғы», тағы да басқа заңдарында: ұл бала 15, қыз бала - 16 жастан камелетке толды деп есептеледі. Сол себепті де қазақтар «он бесте отау иесі», – дейді. Жасау әйел мүлкі саналып, ері оған арабтар секілді иелік ете алмайды. Сол себепті ері өлген не ажырасқанда, болмаса тағы да басқа жағдайларда әйел төркініне жасауын түгел алып кетуге құқылы.

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Некенің жойылу тәртібі мықты сақталынады. Тұрақты некеле, ері ажырасуға ниет етіп, ол райынан қайтпай 3 рет талақ айтса;

–        ері не әйелі діннен безсе;

–        ері 4 жыл бойы хабар-ошарсыз кетсе;

–        қыз келісімін бермесе (ал ер адамның құқығы жоқ);

–        кемшіліктері анықталса (мысалы, есі ауыс, жұқпалы ауру, ұрпақ жалғастыратын белі жоқ, тағы да басқа);

–        заңсыз неке қиылса некенің жойылуына жол ашылады. 

Қазақ қоғамында әдет-ғұрып заңы бойынша елі ерінен төмендегі жағдайларда ажыраса алады:

–        Ерінің өлуі;

–        Ерінің белсіздігі;

–        Әйелін ері 6 ай 10 күн күнкөріссіз қалдырса;

–        7 жыл бойы хабар-ошарсыз кетсе;

–        Әйелін асырауға шамасы келмесе;

–        Әйелін себепсіз ұра берсе;

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

«Идда» мерзімі атты ереже бар. Шариғатта идда - арабша сөз, мағынасы – «мерзім», «шек». Шариғатта идда үш түрлі: бірі - ері өлгенде, екіншісі - ажырасқанда, ал үшіншісі - неке жойылғанда болады. Әйелдер идда мерзімі біткеннен сон ғана некелесе алады. Ері өлгенде: идда мерзімі - екі қабат әйелдер үшін босанғанға дейін, азат әйелдерге - 4 ай 10 күн, күңге – 2 ай 5 күн. Егер күңнің ерінен баласы бар болса, онда азат әйелдер секілді - 4 ай 10 күн, ері басқа жақта жүріп өлсе, өлген күнінен (хабар келген күнінен емес) саналады. Идда мерзімінде әйелге сән-салтанат құрып, боянуға тыйым салынады. Қазақтарда ері елген әйел міндетті түрде бір жылға дейін, яғни асын бергенге дейін күтеді, содан соң тұрмысқа шытып, некелесуге рұқсат етіледі. Үш рет талақ айтып ажырасқанда (талақ арасын үзіп, арада күн өткізіп, ойланып айту керек) идда мерзімі белгіленбейді. Бірінші және екінші талақ айтылғанда әйелі ерінің үйінде қала береді. Ал, үшінші рет айтылған кезден бастап, әйел кете беруге құқылы. Талақты бірден үш рет айту үлкен күнә. Бірде Мұхаммед пайғамбарға біреу келіп: «әйеліме бүгін үш рет талақ айттым» дегенде, Мухаммед алейһис салам: «Сен не, Алланың кітабымен ойнайсың ба!» деп қатты ашуланған екен. Идда мерзімі әйелдің ері үйінен кетіп, басқа біреуге некелесуге құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар жеке өмірін құпия ұстауларына ерікті. Олардың өмірі жайлы ешкімнің де талқылауға құқығы жоқ.

Түсік тастау (аборт)

Шариғат егер екіқабаттылық әйел өміріне қауіпті, денсаулығына зиян болмаса, еш уақытта да, қажет десеніз бала зансыз, рұқсат етілмеген зинақорлық жолымен пайда болса да, түсік тастауға қатаң тыйым салады. Екіқабат және босанған әйелді баласы емшектен шыққанша ешқандай жазаға тартуға болмайды. Қасақана түсік тастау зор қылмыс. Мәжбүрлеп түсік тастатқандар қатан жазаланған. Іштегі бала үшін онын біту мерзіміне қарай құн (диат) төлеген. Қазақтарда да дәл осындай, баланың қүрсақтағы мерзіміне қарай құн төлеген.

Күңімен некелесу

Қазақ тарихында да, шариат бойынша да қожасының күнімен тұрақты некелесуіне болады. Сол секілді күнін азат біреуге тұрмысқа беруіне ерікті, бірақ күнінің басына азаттық бермеуге де құқығы бар. Ал, күнін түрмыс құруға емес, көнілдестік жасауға беруі арам. Күранда күнді жезекшелікке итермелеуге тыйым салынған.

Неке қатынастарының түсінігі мен қағидалары

Некелесу – екі жақтың өзара келісімі. Бір жағы келісім бермесе, ешкім еш уақытта некені қия алмайды. Қанды араластырмау үшін жақын туыстастарға да өзара үйленуге тыйым салынады. Ал, бұл қағида біздің қазақтарда шариғаттан да тереңірек. Сонымен, біз отбасылық құқықтармен таныса отырып, оны құқықтық нормалардың ішіндегі ең маңызды бөлігі деп айта аламыз. Бұл құқықтар қазақтарда шариғат заңдарына араласқанымен дәстүрлі әдеттік сипаттарын сақтап қалған. Қазақ тәртібінде құда түсіп, құйрық-бауыр жесу, баталасу, қыз алып қашу, қалыңмал және неке қию міндеттемелеріне қоса, өте көп кәде-қауметтер, жол-жоралар бар. Қазақ заңы бойынша ер бала - 15, қыз бала - 16 жастан тұрмыс құруға құқылы. Жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алыспау дүние жүзі халықтары арасында тек қазақтарға ғана тән құбылыс. Қалыңмал басқамен некелесудін экономикалық басты факторы болғандықтан, кімнің малы көп, соларға тиімді болды. Сондықтан да байлар бірнеше әйел алып, өз отбасында жүмыс күшін көбейте алса, ал кедейлердің бір әйелге қолдары әзер жететін. Әсіресе, Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде болған өзгерістерден әбден қайыршылыққа ұшыраған әрі туыстастық мәні кеміген шақта ешкімге үйленбей, тектек әмеңгерімен өмірі өткендер қазақ қоғамында да жиі кездеседі.

Ерлердің құқы әнел раін құқынан басым еді. Ері әйелін жазалай алды. Өзара разылықтарымен тұрмыс құру некелесудің басты шарты еді, бірақ «жоқшылық не істетпеген» дегендей қыздың ата-анасының баскаларға экономикалық тұрғыдан тәуелділігі қыздардың құқын толық пайдалануларына мүмкіндік бермеді. Демек, бұдан неке қиылғаннан соң ерінің ғана емес, бүкіл руының жекеменшігі іспеттес болғанын көреміз. Ері өлген әйелдің басқа рудан біреуге тұрмысқа шығуы қиынның қиыны саналған. Әрине, бұл қиыншылықтың да өз себеп салдарлары бар. Мұның артында ері өлген әйелмен оның бала шағалары жетімдік көрмесін деген жақсы ниеттен туындаган «әмеңгерлік» институты тұр. Мұнан басқа да шариаттан тыс қағидалар (қыз алып қашу, қалынмал, асына дейін аза түту, тағы да басқалары) бар.

Қазақтарда тек тұрақты неке болғандықтан, заңсыз жолмен бала туылып, мұрагерлікке таласу мүлдем ұшыраспаған. Рас, бала асырап алу қағидасы ара-тұра кездесіп қалғанымен, басқа рудан бала асырап алуға қазақтың әдеттік заңы мүлдем мүмкіндік бермеген. Ол бүкіл руға намыс саналған. Сондықтан қазақтар өз жақындарының баласын, онда да жатырынан бала болмаса ғана асырап алған. Асыранды мұндай бала занды бала іспетті есептелген. Жаугершілік кезінде қолға түҫкен балаларды да қазақтар бауырына басқан. Бірақ мұндай балалар есік алдындағы қотшы есебінде ұсталған, есейе келе мал бағатын жалшыға айналған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға