Жаңалықтар

Дамыған 30 ел деп жүргеніміз кімдер?

«Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты мақсаты Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі. Біз айтып жүрген дамыған 30 ел қайсы?
30.06.2015 07:06 62069

«Қазақстан - 2050» Стратегиясының басты мақсаты Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі. Біз айтып жүрген дамыған 30 ел қайсы?  

Дамыған 30 ел деп жүргеніміз кімдер?
Дамыған елдерді жан басына шаққандағы табыс көлемімен, индустриалды дамуымен анықтайды. Дамыған елдерде дүниежүзі халқының 15 пайызы тұрады. Шамамен әлемде нақты 32 дамыған ел бар деп есептеледі. Дамыған елдердің санатына Австралия, Австрия, Бельгия, Ватикан, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Исландия, Ирландия, Израиль, Испания, Италия, БАӘ, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сан-Марино, Сингапур, АҚШ, Тайван, Финляндия, Франция, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей жатады. 

Ал, неге Қытай бұл тізімде жоқ деп есептейтін болсақ, дамыған елдің негізгі критерийлеріне жауап бере алмағандықтан деп есептеуге болады. Өйткені бұл елде жан басына шаққандағы табыс көлемі дамыған елдердің санатына қосылуға мүмкіндік бермейді.

Экономикалық қуатты елдер

БҰҰ эконоикалық қуатты елдер қатарына Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Австралия елдерінен 60 елдің тізімін көрсетті. Аталмыш елдерде экономикалық, халықтың әлеуметтік әуселесі жоғары. Бұл елдерде ішкі табыс көлемі халқының жан басына шаққанда 5000 АҚШ долларынан жоғары. Дәл осы экономикалық қуатты елдердің өзін төрт топқа бөліп қарауға болады.  

Бірінші топқа «Батыстың алпауыт жеті елін» кіргіземіз. Олар: АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Канада. Аты аталған елдер экономикалық және саяси тұрғыдан басқалардан үлкен басымдыққа ие. Ішкі жалпы өнімнен түскен пайда әр адам басына шаққанда 20-30 мың доллардың аралығында келеді.

Екінші топқа Батыс Еуропаның саяси және экономикалық тұрғыда үздік жетілікпен санаса алмаса да, бұл елдердің ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда бірінші топтың елдерінен кем емес.

Үшінші топқа Еуропалық емес елдер кіреді. Мәселен, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР. Сондай-ақ, осы тізімге Израильді қосуға да болады.

Төртінші топқа экономикалық және саяси тұрғыда қалыптасып келе жатқан елдер кіреді. Бұл тізімге Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур және Тайван елдері жатады. Азияның қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттерінде ІЖӨ жан басына шаққанда жоғарыда аты аталған дамыған мемлекеттермен терезесі тең дәрежеге жетіп қалды. Экономикасын бір жолға қойып, әлемдік сауда нарығына етене араласып келеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға