Жаңалықтар

Кітапхана тарихы

Кітапхана 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери халқы үшін уездік кітапхана болып ашылған. 1938 жылдан Қызылорда өз алдына бөлініп, облыс орталығы болғаннан кейін, қалалық кітапхана облыстық кітапхана болып қайта құрылды және ол М.Горький есімімен аталды. Кітапханада бірнеше бөлім ашылды, қызметі едәуір кеңейіп, күрделене түсті. 1958-1989 жылдары, яғни отыз жылдай  облысымыздың бас кітапханасын кітапхана ісінің алғашқы қарлығаш – мамандарының бірі Платонова Лариса Ивановна басқарды. Осы кезеңдерде  көптеген маман кітапханашылар келіп, кітапхана жұмысы жандана бастады. Оларды атап айтар болсақ, Захарова Софья Александровна, Бикинеева Дифния Хайруллаевна, Галиаскарова Мадхия Каримовна, Сәруарова Раушан, Дүйсенбаева Пернекүл, Беляева Нина Борисовна, Огнева Нина Григорьевна т.б. өз ісінің  мамандары аянбай еңбек етіп, облысымызда кітапхана ісінің қарыштап дамуына мол үлестерін қосты. 70-ші жылдары кітапханаға орта буын мамандар легі келді. Қанибетова Сара, Сыздықова Құрманкүл, Тайшыманова Балжан, Бәйімбетова Тұрғанкүл, Цзю Дарья, Жаманқұлова Нағима, Ералиева Жұмабике, Серекова Шолпан, Долотова Татьяна, Лигай Галина өзіндік үлестерін қосты. Кейінгі толқын ішінде Кәрібаева Айткүл, Букина Тамара, Пан Людмила, Бердәулетова Шолпан, Досмағамбетова Қалдыгүл т.б. бар.  2000 жылы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына халық жазушысы, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – Қызылорда облысы кітапханаларының әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхананың кітап қоры 445,7 мың дана. Кітапхана жыл сайын 28000-нан аса оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап берілімі 495,0 мың дана кітап. Кітапхананың 46 жоғары білімді кітапханашысы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапханада 2000 жылдан бастап электронды басылымдар қоры қалыптасып, электронды оқу залы ашылды, республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі (РАБИС) бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Кітапхана пайдаланушыларына  СD және DVD тасымалдайтын электронды басылымдарды, сондай-ақ ақпарат алу үшін әлемнің ірі ақпарат орталықтары мен Интернет ресурстарын еркін пайдалануға мүмкіндік берілген. Мұнда интернет-тренингтер өткізіліп, деректер базасын пайдалануға байланысты кеңестер беріледі. Облыстық кітапханада 6 бөлім, 5 сектор жұмыс істейді. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне  арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында «Қазақстан кітапханалары тәуелсіздік жылдарында: жетістіктері мен даму бағыттары» тақырыбында республикалық конференция өткізілді. Конференцияда кітапхана  ісіндегі  инновациялық  бағыттар  мен  ақпараттық  ресурстарды  дамыту, жинақталған  тәжірибелермен  алмасу,  кітапхана  ісінің  дамуымен  байланысты  мәселелер  талқыланды.
04.02.2013 14:06 5846

Кітапхана 1867 жылы Перовск қаласында (қазіргі Қызылорда) Ақмешіт уезінің әскери халқы үшін уездік кітапхана болып ашылған. 1938 жылдан Қызылорда өз алдына бөлініп, облыс орталығы болғаннан кейін, қалалық кітапхана облыстық кітапхана болып қайта құрылды және ол М.Горький есімімен аталды. Кітапханада бірнеше бөлім ашылды, қызметі едәуір кеңейіп, күрделене түсті. 1958-1989 жылдары, яғни отыз жылдай  облысымыздың бас кітапханасын кітапхана ісінің алғашқы қарлығаш – мамандарының бірі Платонова Лариса Ивановна басқарды. Осы кезеңдерде  көптеген маман кітапханашылар келіп, кітапхана жұмысы жандана бастады. Оларды атап айтар болсақ, Захарова Софья Александровна, Бикинеева Дифния Хайруллаевна, Галиаскарова Мадхия Каримовна, Сәруарова Раушан, Дүйсенбаева Пернекүл, Беляева Нина Борисовна, Огнева Нина Григорьевна т.б. өз ісінің  мамандары аянбай еңбек етіп, облысымызда кітапхана ісінің қарыштап дамуына мол үлестерін қосты. 70-ші жылдары кітапханаға орта буын мамандар легі келді. Қанибетова Сара, Сыздықова Құрманкүл, Тайшыманова Балжан, Бәйімбетова Тұрғанкүл, Цзю Дарья, Жаманқұлова Нағима, Ералиева Жұмабике, Серекова Шолпан, Долотова Татьяна, Лигай Галина өзіндік үлестерін қосты. Кейінгі толқын ішінде Кәрібаева Айткүл, Букина Тамара, Пан Людмила, Бердәулетова Шолпан, Досмағамбетова Қалдыгүл т.б. бар.

 2000 жылы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына халық жазушысы, көрнекті ақын Ә.Тәжібаевтың есімі берілді. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – Қызылорда облысы кітапханаларының әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхананың кітап қоры 445,7 мың дана. Кітапхана жыл сайын 28000-нан аса оқырманға қызмет көрсетеді. Кітап берілімі 495,0 мың дана кітап. Кітапхананың 46 жоғары білімді кітапханашысы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапханада 2000 жылдан бастап электронды басылымдар қоры қалыптасып, электронды оқу залы ашылды, республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі (РАБИС) бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Кітапхана пайдаланушыларына  СD және DVD тасымалдайтын электронды басылымдарды, сондай-ақ ақпарат алу үшін әлемнің ірі ақпарат орталықтары мен Интернет ресурстарын еркін пайдалануға мүмкіндік берілген. Мұнда интернет-тренингтер өткізіліп, деректер базасын пайдалануға байланысты кеңестер беріледі. Облыстық кітапханада 6 бөлім, 5 сектор жұмыс істейді.

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне  арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында «Қазақстан кітапханалары тәуелсіздік жылдарында: жетістіктері мен даму бағыттары» тақырыбында республикалық конференция өткізілді. Конференцияда кітапхана  ісіндегі  инновациялық  бағыттар  мен  ақпараттық  ресурстарды  дамыту, жинақталған  тәжірибелермен  алмасу,  кітапхана  ісінің  дамуымен  байланысты  мәселелер  талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға