Жаңалықтар

2012 жылы елімізде мал басы орташа есеппен 12,5%-ға көбейді

2012 жылы еліміздің агроқұрылымдарында мал басының саны орташа есеппен 12,5%-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012 жылы еліміздің агроқұрылымдарында мал басының саны орташа есеппен 12,5%-ға, ал мал аруашылығы өндірісінің өнімі 135-ға артты. Атап айтқанда, бағдарламаның маңызды компоненті болып табылатын фермерлік шаруашылықтарда мал саны 2010 жылдың 1-ші қаңтарында 780,7 мың басты құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш көрсеткіш 50%-ға артып 1,2 млн басты құрады. Бұл аталмыш бағыттағы мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді», - деді А. Мамытбеков. АШМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аналық ірі қара мал басын сатып алуға 1400 фермерлік және шаруа қожалықтарына көмек көрсетілді. Етті бұқаларға сұраныс өсуде. Ет жобасын қолдаудың арқасында 2012 жылдың соңында асыл тұқымды мал басының үлесі 3,9%-ға жетті. Аталмыш көрсеткіш 2012 жылдың басында 2,8%-ды құраған. Диана Құлмағанбетова
04.02.2013 13:23 3059

2012 жылы еліміздің агроқұрылымдарында мал басының саны орташа есеппен 12,5%-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылы еліміздің агроқұрылымдарында мал басының саны орташа есеппен 12,5%-ға, ал мал аруашылығы өндірісінің өнімі 135-ға артты. Атап айтқанда, бағдарламаның маңызды компоненті болып табылатын фермерлік шаруашылықтарда мал саны 2010 жылдың 1-ші қаңтарында 780,7 мың басты құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш көрсеткіш 50%-ға артып 1,2 млн басты құрады. Бұл аталмыш бағыттағы мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді», - деді А. Мамытбеков.

АШМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аналық ірі қара мал басын сатып алуға 1400 фермерлік және шаруа қожалықтарына көмек көрсетілді. Етті бұқаларға сұраныс өсуде. Ет жобасын қолдаудың арқасында 2012 жылдың соңында асыл тұқымды мал басының үлесі 3,9%-ға жетті. Аталмыш көрсеткіш 2012 жылдың басында 2,8%-ды құраған.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға