Мәдениет
Оңтүстік Қазақстан облысы – республиканың тарихи-мәдени ресурстарға ең бай өңірлерінің бірі. Сонымен бірге, тәуелсіздік пен экономиканың серпінді дамуының арқасында Оңтүстік Қазақстанда жаңа ескерткіштер қарқынды тұрғызылып, театрлар, мұражайлар, сурет галереялары салынып, қалпына келтірілуде. Сан алуан фестивальдер, концерттер, өнер мүшәйралары мен тағы басқа мәдени-көпшілік шаралары кеңінен таныла бастады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі келісімі аясында облыста жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге 35 әлеуметтік-мәдени нысандар салынды.
Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениетті жан-жақты дамыту жоспарларын ұдайы жаңғырта отырып жүзеге асырады. Өткен онжылдықта кітапханалар жүйесін, клубтарды қалпына келтіру жөнінде өте көп жұмыс атқарылды. Әйтсе де, бұл салада шешімін таппаған мәселелер аз емес, олар ең алдымен материалдық-техникалық қордың жеткіліксіздігіне байланысты болып отыр.
Соңғы жылдар мәдениетті бірден бірнеше бағытта дамыту тұрғысынан алғанда облыс үшін атаулы кезең болды.
Шымкентте облыстың опера және балет театрының ашылуы классикалық музыканы дамыту мен насихаттауға мүмкіндік туғызды. Қайта жаңғыртылған филармония да осы мақсатқа қызмет етеді. Ашылу салтанатына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оның акустикалық сапасына жоғары баға берді.
Жыл сайын өткізілетін ресейлік-қазақстандық бірегей мәдени жоба – «қазақ Романсиадасы» мүшәйрасы да классикалық музыкаға қызығушылықты оятады, ол қазақстандықтарға әлем сахнасын игеру мүмкіндіктерін беріп, олардың кәсіби дамуына көмектеседі.
Мәдени-көпшілік шаралары өткізілетін «Шәмші әлемі» саябағы қаланың орталығын құлпыртып жіберді. Бұл – ең алдымен жыл сайынғы республикалық ретро-фестиваль өтетін орын, оның құрамында дарынды жастарға өнердің үлкен жолына жолдама беретін «Менің Қазақстаным» атты жас орындаушылар мүшййрасы ұйымдастырылады. Жыл өткен сайын танымалдығы арта түскен эстарада орындаушыларының облыстың «Арай» конкурсы да күміс көмей жастар үшін қызмет етеді.
Облыстың елеулі жаңа құрылыстарының бірі – қаладағы ең үлкен Абай саябағының түкпірінен орын тепкен цирк. Оның жұмысы тек гастрольмен келген ұжымдарды қабылдауға ғана емес, өз өнерпаздарын да баулуға бағытталған. Шымкент циркінің әртістері биылғы жазда Астана күніне жиналған қонақтардың қошеметіне бөленді.
Оңтүстік Қазақстан облысы театрлардың саны жағынан барлығының алдына шықты – олар тоғыз. Жуықта құрылған ұжымдардың бірі – облыстың әзіл-қалжың театры, мұнда негізінен көрермендердің көңілінен шыққан жастар өздерінің шығармашылық әлеуетін шыңдайды. Күрделі жөндеуден кейін отыз жылдың құмыры бар облыстың қуыршақ театры да мүлдем жаңа түрге енді. Оның табыстарына халықаралық фестивальдерде әртүрлі номинациялардағы жеңістер куә. Орыс драма театрының атағы облыс шектерінен баяғыда асып кеткен. Бұл ұжым ресейлік Театр қайраткерлері одағының шақыруымен Ресей қалаларына гастрольге шығу құрметіне ие болды. Оны шымкенттік көрермен де өте жақсы көреді, сахнасында белгілі ресейлік режиссерлер спектакльдерін қояды.
Оңтүстік халқының тағы бір мақтанышы – отандық және әлемдік бейнелеу өнерін насихаттауға белсене кіріскен облыстың көркемсурет галереясы. Ол ҚР Суретшілер одағының тоқсаннан астам мүшесі үшін «ыстық ұяға» айналды.
Тарихи мұра әртүрлі облыстың маңызы бар мұражайлардың қойылымдарында сақталған: саяси қуғын-сүргін құрбандарының, тарихи-өлкетану, «Хәкім Абай», Қажымұқан атындағы спорт-мұражайында. Бәйдібек, Төле би, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында, Кентау, Арыс, Түркістан қалаларында аудандық және қалалық мұражайлар бар. Мақтаарал ауданында ондаған жылдар бойы Қазақстанда теңдесі жоқ жалғыз мақта шаруашылығының тарихи мұражайы жұмыс істейді.
Оңтүстік Қазақстан облысында мынадай республикалық маңызы бар мұражайлар бар: «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени мұражай-қорығы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы. Түркістан қаласында жаңа тарихи-этнографиялық орталық салынды.
Облыста тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан тарихи тұлғаларының ғалымдарының, ақындары мен жазушыларының 300-ден астам томға жинақталған шығармалар топтамасы шығарыла бастады.
Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.